№42 жалпы білім беретін мектептің
Математика пәнінің мұғалімі: Амирханова Бибигул Алимкуловна
Сабақ № 106
Сынып:_5
Сабақтың тақырыбы: Жай бөлшектер мен аралас сандарды бөлу
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділігі: Жай бөлшекті бөлудің ережелерін пайдаланып, оларды қолдана алуға қалыптастыру;
2. Дамытушылық: Логикалық ойлау қабілеті мен есептеу дағдыларын жетілдіру, өз бетінше еңбектену, белсенділіктерін арттыру, пәнге қызуғушылығын ояту.
3. Тәрбиелік: Оқушылардың өз ойын толық, дұрыс жеткізе білуге, тапқырлыққа, жылдамдылыққа, тәрбиелеу.
Сабақ түрі: жаңа сабақ
Сабақтың көрнекілігі: презентация, интер белсенді тақта, үлестірме карточкалар.
Оқытудың әдісі: Практикалық.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
а) Сәлемдесу, ән ұран айту,
ә) оқушыларды түгендеу,
б) оқушылардың назарын сабаққа аудару
в) сабақтың мақсатымен таныстыру
1. Жай бөлшек, жай бөлшекке қалай көбейтіледі?
Алымы берілген бөлшектердің алымдарының көбейтіндісіне, бөлімі бөлімдерінің көбейтіндісіне тең бөлшек.
2. Натурал санды бөлшекке қалай көбейтеді?
Натурал санды бөлшек санға көбейткенде натурал сан бөлшек алымына көбейтіп, көбейтінді бөлшектің алымы болады да, бөлімі өзгеріссіз қалады.
3. Аралас сандарды жай бөлшекке қалай көбейтеміз?
Оларды бұрыс бөлшекке айналдырып, содан кейін бөлшекті бөлшекке көбейту ережесін қолданамыз.
4. Егер көбейткіштердің бірі нөлге тең болса, онда көбейтінді де нөлге тең.
«Ой салу» (Сергіту сәті, сөзжұмбақ шешу)
Жаңа сабақ «Меңгерту»
Жай бөлшектерді бөлу
Жай бөлшекті жай бөлшекке бөлу үшінбөлінгіш бөлшекті бөлгіш бөлшекке кері санға көбейту керек.
Ережені әріптермен жазсақ:
Мұндағы а – натурал сан немесе 0 саны, b, c, d – натурал сандар.
Мысалдар.
Санды нөлге бөлуге болмайды. Себебі кез келген санды 0-ге көбейткенде көбейтінді 0-ге тең болады.
Аралас санды аралас санға бөлу
Аралас санды аралас санга бөлу үшін, оларды бұрыс бөлшек түрінде жазып алып, бөлшекті бөлшекке бөлу ережесін қолдану керек.
Натурал санды бөлшекке бөлу және бөлшекті натурал санға бөлу
Бөлінгіш немесе бөлгіш натурал сан болған жағдайда натурал сан бөлімі 1 болатын бөлшек түрінде жазылып, бөлшекті бөлшекке бөлу ережесі қолданылады.
«Есте сақта»
Ұлы педагог Ушинский: «Бір рет айтылған әңгіме артынан қайталануы керек. Бұл ұмытылғанды ескере түсіру емес, қайта ұмытып кетуді болдырмау» Есіңде сақта!
Санды 0-ге бөлуге болмайды
«Қолдану»
Алған жаңа теориялық білімді практика жүзінде пысықтау. Бөлуді орында (ауызша)
Есепте:
Бөлуді орында:
Оқулықпен жұмыс. Бөлуді орындау №1108.
«Жауаптарын тап»
«Кім жылдам?»
«Біле жүрейік»
Жас кезіңде алған білім,
Тасқа жазған жазумен тең.
Есейгенде алған білім,
Құмға жазған жазумен тең.
Қорытынды. Сабақты қорытындылау. Белсенді оқушыларды бағалау.
Үйге тапсырма. 6.5. 1-3 сұрақтар. № 1111, 1113. 55, 56-бет.
Рефлексия. Оқушылар өз білімдерін сабақта қалай көрсеткендерін өздері төмендегідей бағалайды:
! - сабақ өте жақсы ұнады және бар мүмкіндігімді пайдаландым
!? – сабақ ұнады және өз мүмкіндігімше қатыстым
? – маған әлі де осы тақырыптар бойынша жұмыс жасау керек
Оқушыларды бағалау.
жулдыз
Жаксы екен.онай,есине лезде туседи.Рахмет
Асель
Рахмет Гулдене бериниздер
мустафа
Рахмет
Арай
Рахмет көп көп
Бейсенбай Аянат
Рахмет сиздерге
Айымжан
Рахмет
Гулнара 11-мектеп
Жақсы екен
гаухар
рахмет
гаухар
Жай бөлшектер мен аралас сандарды бөлу. 9-сабақ