Өлең, жыр, ақындар

Тамырдың түрөзгерістері

Әуезов орта мектебінің

Биология пән мұғалімі: Тукенова Баглан Алибековна

 

Сынып: 6    мерзімі:

Тақырыбы:  Тамырдың түрөзгерістері 

Сабақтың міндеттері:

Білімділігі – тамырдың түрөзгерісі, оның түрлері жайлы қысқаша мағлұмат беру.

Тәрбиелілігі – түрлі тәрбиелік шаралардың әсерімен оқушы тұлғасында жағымды өзгерістерге жету.

Дамытушылығы – пәнге, тақырыпқа байлансты қызығушылықтарын дамыту.

Құрал-жабдықтар: электронды көрсетілімдер, оқулықтағы суреттер

Сабақтың типі: жаңа сабақ

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: ынтымақтастық ахуал әр елдің амандасуы

*Қазақтар қол алысады,

*италяндықтар құшақтасады,

*бразилиялықтар бір бірінің иығын қағады,

*зимбавеліктер арқасымен амандасады,

*македондықтар шынтақпен амандасады,

*никарагуалықтар иықпен мандасады,

*австралиялықтар шапалық ұрып секіреді

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі

Сәлеметсіздерме оқушылар кәнекей шеңберге тұра қойыңдар. Барлығымыз көршілеріңе қарап амандасамыз. Енді әткеншек әдісі арқылыүй тапсырмасын тексерем. Ішкі және сыртқы  шеңберге бір-біріне қарама-қарсы тұрамыз сосын  мына конверттегі тапсырмаларды алып сол сұрақтарды бір-біріне қойып жауап бересіндер. Енді сағат тілімен кері айналып тағы да бір-біріне сұрақ қойындар.

Тамырдың қандай бөлімдері болады?

Тамыр түкшелері бар аймақты неліктен сору аймағы деп атайды?

Тамыр оймақшасы неліктен тамыр бөліміне кірмейді?

Бөліну аймағында неше қабат болады?

Өсу бөлімі қандай қызмет атқарады?

Сору бөлімі қандай қызмет атқарады?

Өткізу бөлімі қандай қызмет атқарады?

Тыңайтқыштар неше топқа бөлінеді?

Органикалық тыңайтқышқа нелер жатады?

Минералды тыңайтқышқа нелер жатады?

Енді осы тұрған оқушылар тамыр, кіндік тамыр, шашақ тамыр деп кезектесіп  айтып бөліне қойайық. Енді орындарына отыра қойындар.

ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі

Енді оқушылар бүгінгі өтетін тақырыбымыз Тамырдың түрөзгерістері осы тақырыпты тыңдап отырған үштік әдісі арқылы меңгереміз.  Қазір мен сендердің алдарына плакат, түрлі-түсті фламастер, суреттер беремін сендер осы құралдарды пайдаланып:

 І.тамыр тобы: жемтамырлар, емізік тамырлар

ІІ. Кіндік тамыр тобы: тіреу тарлар, ауа тамырлар

ІІІ. Шашақ тамырлар тобы: ауа тамыр, түйнекті тамырлар бойынша коллаж жасайсындар.

Енді оқушылар өздеріңнің коллаждарыңды қорғайсыңдар. Енді әр топ шаршы арқылы өзге топтарды бағалаймыз. Жасыл-5, сары-4, қызыл-3.

Ендң алдарыңда тұрған ноутбуктарына қараңдар.

Өсімдіктің барлық мүшелерінде сыртқы орта жағдайларының өзгеруіне байланысты түрлі ауытқулар мен өзгерістер болады. Тіршілігін сақтап қалу үшін өсімдік мүшелері әр түрлі жағдайға түрін өзгерту арқылы бейімделуін түрөзгеріс (метаморфоз) дейді.

Тамырдың түрөзгеріс-тері

Қысқаша сипаттамасы, атқаратын қызметі.

Жем-тамырлар

Әр түрлі органикалық заттар өсімдіктердің негізгі тамырларының жасшуаларында қорға жиналады, жуандап түрін өзгертеді. Жемтамырлар шырынды, құрамында органикалық заттар мен  витаминдер болғандықтан, күнделікті тамаққа пайдаланады. Екі жылдық өсімдіктер (редискадан басқасы). Жемтамырлар асханалық (қызылша, шомыр, шалғам, тарна), техникалық(қант қызылшасы, ақжелкен, балдыркөк)

Тіреу тамырлар

Тропиктік ормандарда өсетін ағаштарда болатын қосалқы тамырлар. Дами келе қосалқы тамырлар шығып, біртіндеп ұзарып, топыраққа (жерге) жетеді. Қосалқы тамырлардың саны көбейеді, жуандайды. Тіреу тамырлар ағаштың діңінен алысқа кетеді. Мұндай ағаштардың діңі өте жіңішке, сұлпасы үлкен болады. Үлкен сұлба мен жіңішке дің тіреу тамырларға сүйеніп өседі.

Емізік тамырлар

Паразиттік тіршілік ететін өсімдіктердің тамырлары. Бұлар пішіні, түсі жағынан басқа өсімдіктерге мүлде ұқсамайды. Тамырлары басқа бір өсімдіктің сабағы мен тамырына жанасқан кезде ғана пайда болады. Еміздік тамыр алдымен сабақ өңінде өсінді түрінде шығады. Ол өзіне жанасқан басқа өсімдіктің өңіне (қабығына) еніп, емізік тамыры арқылы дайын қоректік заттарды сорады

Түйнекті тамырлар

Тамырдың барлығы жуандап, шырынды болады. Егер шашақ тамыр түйнек тамыларға айналса, барлық тамырлары білеуленіп, жуандап, топтанып тұрады. Түйнек тамырлар өсімдік қыстап шығу үшін және жыныссыз көбею үшін керек.

Ауа тамырлар

Сабақтан дамиды. Оттегі жоқ, батпақта, сазды жерлерде өсетін өсімдіктер ұштары батпақтан шығып тұрады, қабығы жұқа болады. Ағаш діңіне жабысып өскен сүйсіннің (орхидея) ауа тамырлары ағаш қабығынан сырғып аққан су мен жаңбыр суын сіңіреді. Жапырақтары болмайтындарында фотосинтез қызметін атқарады.

Бекіту: оқушы дәптердегі тапсырмаларды орындау.

Үй тапсырмасы. оқып келу, жалпы өсімдіктің вегетативті мүшесінің бірі – тамыр жайлы өтілген тақырыптарды қайталап келесіздер, келесі сабақта биологиялық тест жұмысы алынады.

Рефлексия: оқушылар қазір тақтаға смайликтер ілемін сендер бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңді мына стикерге жазып тақтадағы смайликтерге ілеміз.


Пікірлер (2)

Камила

Керемет

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз