Өлең, жыр, ақындар

Атмосфералық жауын-шашын

Астана қаласы №58 мектеп-гимназиясының география пәнінің мұғалімі Турузбекова Акмарал Кымбатовна

 

Сабақтың тақырыбы: Атмосфералық жауын-шашын

Мақсаты:

Білімділік: оқушыларға атмосфералық жауын-шашын түрлері мен олардың пайда болу жолдары туралы түсінік беру;

Дамытушылық:  оқушылардың ойлау қабілетін, картамен, интерактивтік тақтамен оқулықпен жұмыс жасай білу, білім-білік дағдыларын жетілдіру, география пәніне қызығушылық қабілетін дамыту; жеке тұлғаны дамыту, талдау, салыстыра  білу қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: оқушыларды еңбексүйгіштікке, табиғатты қорғай білуге, жауапкершілік сезімін қалыптастыруға тәрбиелеу; табиғат құбылысының апаттарынан сақтана білуге тәрбиелеу;

Сабақ әдісі: сұрақ-жауап, СТО стратегиялары

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Көрнекілігі: Дүние жүзінің физикалық картасы, интерактивтік тақта, кестелер.

Сабақтың барысы:

  1. Қызығушылықты ояту
  • «Миға шабуыл» стратегиясы – үй тапсырмасын тексеру
  1. Мағынаны тану
  2. “Ой шақыру” стратегиясы
  • Географиялық диктант
  • Семантикалық карта
  • Кесте толтыру
  • Қорытынды тест
  1. Рефлексия(ой  толғаныс)
  • “Ізденген жетер мұратқа”
  1. Бағалау
  2. Үй тапсырмасын тексеру

 

Қызығушылықты ояту

  • «Миға шабуыл» стратегиясыүй тапсырмасын тексеру

1. Тұман дегеніміз не? Олар қалай пайда болады?

2. Бұлт қалай пайда болады?

3. Бұлт қандай түрлерге бөлінеді?

4. Нөсер жаңбыр мен қыста қар қандай бұлттан жауады?

5. Қабат бұлттардың пішіні қандай болады?

6. Ұзаққа созылатын ақ жауын қандай бұлттан жауады?

7. Шарбы  бұлт қандай болады?

8. Күн мен Ай қандай жағдайда қораланады?

9. Аспанды бұлттың торлау дәрежесін не атайды? Бұлттық неше баллмен  өлшенеді?

10. Біздің жерімізде бұлттың қандай түрі болады?

 

  1. Мағынаны тану

Жауын-шашын дегеніміз Бұлттан жер бетіне түсетін сұйық немесе қатты күйіндегі ылғалды  атмосфералық жауын-шашын деп аталады (слайд).

Бұлттан жауатын атмосфералық жауын-шашындар: жаңбыр, қар, бұршақ (слайд).

Ауаның жер бетіне жақын қабатынан түсетін ылғалдар (слайд).

Жаздың соңында, күз мезгілінде түнде ауа салқындап жер бетіне,  шөпке су тамшыларын бөліп шығаруынан шық пайда болады (слайд).

Ауаның жер бетіне жақын қабатынан түсетін ылғалдар.Қырау күзде, қыста ауаның температурасы төмендеп кеткен кезде жердің бетіне,  шөпке, түрлі заттарға тұрып қалатын ақ ұлпа кристалл мұз қабаты.Қылау аязды күндері түнде ауадағы су буы мұз түйіршіктеріне айналып кетеді. Бұл қиыршық мұздар тартылған сымға , ағаштың қылқандарына тұрып қалады (слайд).

Бұлтты құрайтын ұсақ су тамшылары бір- бірімен бірігіп іріленеді,салмағы ауырлайды. Сөйтіп олар ауада өз салмағын көтере алмай  жерге жаңбыр күйінде  жауады (слайд).

Бұлтта температура  0°С- тан төмен болса,қыста жерге қар жауады (слайд).

Жазда бұлттағы су тамшылары өте биіктікке көтеріледі де,мұз түіршіктеріне айналады.Салмағымен төмен құлап келе жатқан мұз түйіршіктері салқын су тамшыларымен қосылып жұмырланып үлкейеді. Соның нәтижесінде жерге бұршақ  жауады (слайд).

Жер бетіне түскен жауын- шашынның барлығы  жауын – шашын өлшегішпен өлшенеді. Жауын- шашын  тәулігіне 2 рет өлшенеді. Жауын- шашын мөлшері миллиметр есебімен есептетеледі (слайд).

Дүние жүзілік мұхит – атмосфераға келетін су буларының ең басты көзі болып саналады. Неғұрлым құрлық мұхитқа жақын  болса, соғұрлым жауын- шашын көп түседі. Мұхиттан алыс болса жауын- шашын аз түседі (слайд).

Жел жауын- шашынның таралуына әсер етеді (слайд).

  1. “Ой шақыру” стратегиясы

Стратегияның  мақсатында сыныпты 4 топқа бөліп, әр топқа жеке тапсырмалар берілді.

 

І топ

Географиялық диктант.

Сұрақтарға дұрыс жауаптың сандарын қой.

1. Қыста аязда тартылған сымға тұрып қалатын мұз қиыршықтары.

2. Күзде жанасқан заттарға ауадан бөлінетін су тамшылары.

3. Бұлттан температура 0 градустан төмен болғанда түсетін жауын-шашын түрі.

4. Күзде, қыста ауа температурасы төмендеп кеткен кезде, заттарға тұрып қалатын кристалды мұз.

5. Бұлттан сұйық күйінде түсетін жауын- шашын түрі.

Жауаптары:

1. Қар

2. Жаңбыр

3. Қырау

4. Шық

5. Қылау

ІІ топ

Ой толғаныс. Семантикалық карта стратег

 

Қар

Бұршақ

Атмосфера

Жаңбыр

Сынап- барометрі

Жауын- шашын өлшеуіш

Атмосфералық ылғалдылық

Салыстырмалы ылғалдылық

Гигрометр

Ауа қабаты

                 

Бұлттан түсетін жауын- шашын түрлері

                 

Жауын- шашынды өлшейтін құрал

                 

Атмосфералық  қысымды өлшейтін құрал

                 

 

ІІІ топ. Кестені толтыр.

Жауын-шашын түрлері

Қандай ауа- райында түседі?

Жылдың қандай мезгілінде түседі?

Қандай бұлттардан түседі?

Жаңбыр

     

Қар

     

Бұршақ

     

 

ІV топ. Тест.

1.Өте биікте, жауын-шашын жаумайтын бұлт:

   A) Будақ

   B) Қабат

   C) Шарбы

2.Ауаның жер бетіне түсіретін салмағы

    А) Ауа температурасы.

    В) Атмосфералық жауын-шашын.

    С) Атмосфералық қысым.

 3. Атмосфераның төменгі қабаты

    А) Тропосфера.

    В) Стратосфера.

    С) Мезосфера.

4. Тәулік ішіндегі ез жоғарғы және ез төменгі температура арасындағы айырмашылық

    А) Тәуліктік орташа температура.

    В) Температураның  тәуліктік амплитудасы.

   С) Ауа-райыныз өзгерісі.

5. Ауаның  құрамындағыең көп кездесетін газ.:

      A)  оттегі

      B) азот

      C)  көмір қышқыл газ.

6. Белгілі бір жағдайда су буларының сұйық күйге айналуы:

    A) Ылғадылық

    B) Конденсация

    C) Амплитуда

Рефлексия(ой  толғаныс)

“Ізденген жетер мұратқа”

  1. Бағалау
  2. Үй тапсырмасын тексеру

 


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз