Алматы облысы, Жамбыл ауданы
«Қайназар ауылындаға №1 орта мектеп» ККМ
Ногайбаева Кулайхан
Тексерілді:__________29.02.2016ж.
Сабақтыңтақырыбы: Етістік
Сабақтың мақсаты:
Білімділік. Етістік туралы ұғымды кеңейту,байланыстырып сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.
Дамытушылық. Оқушылардың сөздік қорын молайтып, ойын, тілін, шығармашылығын дамыту.
Тәрбиелік. Оқушыларды әдептілікке, ұқыптылыққа, еңбексүйгіштікпен татулыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: қайталау сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, топпен жұмыс, жеке оқушымен жұмыс, «кубизм» әдісі.
Көрнекілігі: тақырыпқа байланысты слайдтар, тест
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
- Сәлеметсіздер ме, оқушылар?!
- Көңіл-күйлерің қалай?
- Бүгін сыныпта кім кезекші?
- Сыныпта кім жоқ?
- Сабақты бастауға дайынсыңдар ма?
- Алдымен топқа бөлініп алайық. (Оқушылар үлестірмелер таңдау арқылы топқа бөлінеді.Үлестірмелерде зат есім және етістік болатын сөздер жазылады.)
1-топ «Зат есім» 2-топ «Етістік»
- Ендеше сабағымызды бастаймыз!
Қазақ тілі,өз тілім,ана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені
Болашағым, бақытым, дара тілім!
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
6-жаттығу.
Етістіктерге сұрақ қою арқылы дұрысын табу.
ІІІ. Өткенді еске түсіру.
«Кубизм» әдісі
1. Сөз таптарын ата.
2. Зат есім дегеніміз не? Мысал келтір.
3. Етістік деген не? Сұрақтарын ата.
4. Сын есімнің ережесін айт.
5.Сан есімге мысалдар келтір.
6.Тәуелдік жалғаулар деген не? Мысалдар келтір.
«Үн қатпа» ойыны
Шарты:Оқушылар үн қатпай тек қимылмен ғана көрсетеді. Бір оқушы тақтаға шығып, әр қимылды сөзбен жазып шығады.
(Биледі, жүгірді, отырды, секірді, жазды, оқыды,тұрды)
Оқулықпен жұмыс.
7-жаттығу. Жұмбақтың шешуін тап.
Түнде жортады,
Жарықтан қорқады. ( )
8-жаттығу. Етістіктерді қойылған сұрақтарына қарай екі топқа бөліп жаз.
Не істейді? Не істеді?
ұшады келді
жазады оқыды
сауады көрді
байқайды жинады
тарқатады сүртті
9-жаттығу. Өлеңді оқып жатқа жаз.
Төскейден жел еседі,
Төбемнен бұлт көшеді.
Туған жерім м ен үшін
Көк майсасын төседі.
Сергіту сәті.
Керегені жазайық,
Шаңырақты құрайық.
Уық болып, иіліп
Киіз үйдей болайық.
10-жаттығу. Ұйқасын тап.
Тастан-тасқа секіріп,
Жем тереді . . . . (кекілік)
Айбат шегер алыстан,
Аң патшасы . . . . (арыстан)
11-жаттығу. Өлеңді түсініп оқы.
Маса шағады.
Ит ырылдайды.
Мысық мияулайды.
Ат кісінейді.
Бекіту. Тест (10 сұрақ)
«Орамал тастау» ойыны. Әр топ оқушылары қарсылас топтағы достарына орамал тастау арқылы сұрақтар қояды.
Қорыту. «Ұйқасын тап» ойыны
Қанатым… (талмайды), Қиялым… (самғайды).
Ақын да, ғалым да, Ұстазсыз…(болмайды).
«Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында» дегендей, болашақта «мәңгілік ел» идеясын жүзеге асыратындар бүгінгі мектеп оқушылары. Біздің қоғамға жаңа мағлұматтарды қабылдап қана қоймай, оны ойлана отырып, сыни талқылап, ой елегінен өткізе білетін оқушылар керек.Яғни,олар сіздерсіздер балалар.Біз сендерді қалай тәрбиелесек,ертеңгі Қазақстан сол деңгейде болады.Сондықтан да балалар,біз тек қана алға ұмтылып,еліміздің өркендеуіне өз үлесімізді қосайық.
Рефлексия.
Күн мен бұлт суреттері ілініп тұрады. Оқушылар стикерлерге өздерінің пікірлерін жазып, ұнатқандары күн суретінің үстіне іледі, түсінбеген сұрақтары болса, бұлт суретінің үстіне іледі.
Үйге тапсырма.
«Менің арманымдағы мамандық!» тақырыбында шығарма жазып келу.
Бағалау.
Оқушыларды білім деңгейлеріне сай бағалау.
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі