Өлең, жыр, ақындар

Математикалық сайыс «Жас математиктер»

Павлодар қаласы

Качир ауданы

Федоровка ЖОББМ-нің

Математика және информатика пәнінің мұғалімі: Садыков Абылғазы

2015-16 оқу жылы

 

Сабақтың тақырыбы: Математикалық сайыс «Жас математиктер»

Сабақтың мақсаты:

Үйірме жұмысының мақсаты:  оқушылардың математика пәніне деген қызығушылығын арттыру,олардың шығармашылық қабілетін дамыту. оқшыларды математика пәнге қызықтыру оларды логикалық ой - өрісін дамыту, білім, білік дағдыларын шығармашылық қабілетін дамыту және одан әрі қарай ой-өрісін дамыту.

Тәрбиелік міндеті: білімге құштарлығын қалыптастыру, ұлттық дәстүрлі ойындар негізінде оқушының ой-өрісін дамыту.  Ақыл - ой тәрбиесі болып табылатын адамгершілікке, Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Үйірме жұмысының міндеттері:

 

  • Математикалық білімге қызығушылығын арттыру
  • Ой-өрісін кеңейту
  • Өз бетімен жұмыс істеу қабілетін дамыту;
  • Тапқырлыққа тәрбиелеу ;
  • Математиканың өмірмен байланысын көрсету.

 

Түрі: Сайыс

Көрнекілігі: мультимедиа, плакаттар,ойынға қажет әртүрлі заттар(Сызғыш, түрлі-түсті карандаштар, бояу құралдары(краска, гуаш)т.с.с).

Ойынның барысы:

Бүгінгі сайысымыз 5 кезеңнен тұрады. Бүкіл сайыс сұрақтарына 200 ұпай беріледі. Екі топқа бөлініп ойнатылады. Қазір сол кезеңдер туралы таныстырып кетеміз:

 

1. Бетпе – бет сайысы – Екі топ капитандары ортаға шығып өз өнерлерін көрсетеді және қарсылас команданың капитанын бағалайды. (Жақса таныстырған командаға 10 ұпай, орташа таныстырғанға 5 ұпай беріледі.

2. Өткенді еске түсірейік сайысы. (Төменгі сыныптардағы өтілген тақырыптарға қатысты есептерді лезде шығару) – 20 сұрақ беріледі. Әр командаға 10 – 10 сұрақтан 15 мин уақыт ішінде көп есептер шығарып, анықтамаларды айтқан топка 50 ұпай беріледі.

3. 30 секунд немесе жарты минут – сайысы. (Бұл сайыста әр түрлі сұрақтар қойылады. Кім жарты минут ішінде жауап берген топқа 10 ұпайдан беріледі). Барлығы бұл сайықа 4 сұрақ баріледі.

4. Сен не білесің? – сайысы.  – Жер шарындағы мемлекеттредің астаналарын табу (пән аралық байланыс – география) – жеңген командаға 30 ұпай беріледі. Екі команда бірдей уақытта жауап берсе 30 ұпайды (15-15 ұпайдан екі команда) бөліп алады.

5.     Өз ойыңды айт... – сайысы. Сайысқа командалардан 2 қатысушы қатысады. Бар жоғы 4 сұрақ. Бұл сұрақта өте ауыр және өте жеңіл болып келуі де мүнкін.

 

Ал олай болса сайысымызды бастаймыз!!!! Барлықтарыңа сәттілік!

(Командалар өз орындарына отырып, сайысқа дайындалады)

1 – ші сайыс: Команда капитандарын ортаға шақырамыз.

Олай болса біз әрі қарай жалғастырамыз.

2 – ші сайыс. Бұл сайысымыз бізде – Өткенді еске түсірейік сайысы. ( әр командадан бір қатысушыдан ортаға шақырамыз.... Үстел үстіндегі әр түрлі цифрлар жатыр. Сол цифрларды топ теңбе-тең етіп бөліп алады)

Сұрақтар

Жауаптары

Ғалымдар

1

Есепте:

37*3=

111

Евклид

2

Бөлшекті қысқарт:     

Әл-Хорезми

3

Амалды орында: 45*7-36*4+75

246

Әл-Фараби

4

Амалды орында : 47*4-188

0

Пифагор

5

Бөлшекті қысқарт:

1.5

Әл-Каши

6

Амалды орында: 27+(-54)+4.9*3

-12.3

Птолемей

7

Теңдеуді шеш:   

(-5;5)

И.Ньютон

8

х-тің мәнін тап:

39

Ахмес

9

Тең бүйірлі үшбұрыштың бұрыштары...

Б. Паскаль

10

Есептеңдер:    45-(-3)-7

-142

Л. Эйлер

11

Есептеңдер:    45*12+5

545

Р.Декарт

12

Тікбұрышты үшбұрыштың бір бұрышы   болса, екінші және үшінші бұрышын табыңдар

К.Гаус

13

  квадрат теңдеуін үшмүшеге жікте.

(5х-8)(х-3)

О. Хайям

14

Бөлшекті қысқартыңдар:

2

Архимед

15

Жақшаны аш: (х-5)(х+5)

Аристотель

16

Өрнектің мәндерін тап:

(-3;3)

Гиппарх

17

Жақшаны аш:

Эротосфен

18

  есепте:

560

Г.Галилей

19

  өрнегінің мәні…

7

Фалес

20

Көбейтуді орында: 91*33

3003

Г.Лейбниц

 

Жарайсыңдар!!!

Олай болса әрі қарай жалғастырамыз...

3. 30 секунд немесе жарты минут – сайысы. (Бұл сайыста әр түрлі сұрақтар қойылады. Кім жарты минут ішінде жауап берген топқа 10 ұпайдан беріледі). Барлығы бұл сайықа 4 сұрақ баріледі.

 

Айдынның бойы Асқардан ұзын, бірақ Жанаттан қысқа. Кім ұзын.

Үстел үстінде 3 стакан шие тұр. Марат бір стакан шиені жеп қойды. Үстел үстінде неше стакан қалды?

Қараңғы бөлмеде майшам мен керосин лампасы тұр. Бірінші не жанады?

Көбінесе ай 30 не 31 санмен аяқталады. Ал қай айда 28 деген сан бар?

 

Олай болса тоқтамаймыз, әрі қарай жалғастырамыз. Кезекте 4 – ші сайыс!!!

4 – ші сайыс: Сен не білесің? – сайысы.  – Жер шарындағы мемлекеттредің астаналарын табу (пән аралық байланыс – география) – жеңген командаға 30 ұпай беріледі. Екі команда бірдей уақытта жауап берсе 30 ұпайды (15-15 ұпайдан екі команда) бөліп алады.

 

Әр командадан бір-бір қатысушыны ортаға шақырамыз. Ойын шартын тағы да қайталап кетеміз (10 сұраққа кім тез жауап береді сол команда жеңіске жетеді). Олай болса кеттік.....

І команда

ІІ команда

Дели – Үндістан

Вашингтон – АҚШ

Рим – Италия

Лондон – Англия

Берлин – Германия

Москва – Ресей

Вена – Австрия

Токио – Япония

Ашхабат – Түркменстан

Каир – Египет

Пекин – Қытай

Оттава – Канада

Буэнос-Айрес – Аргентина

Амстердам – Нидерландия

Париж – Франция

Мадрид – Испания

Сидней – Австарлия

Мехико – Мексика

Будапешт – Венгрия

Алжир – Алжир

 

 

Сонымен – сонымен біз әрі қарай тағы да жалғастырамыз.

Кезекте 5 – ші сайыс.

5.     Өз ойыңды айт... – сайысы. Сайысқа командалардан 2 қатысушы қатысады. Бар жоғы 4 сұрақ.

Олай болса команда капитандарын ортаға шақырамыз.

І команда

ІІ команда

Аспанда 8 тырна ұшып бара жатыр. Аңшы 10 минут уақыт бойы бір тырнаны атып алды. Сұрақ былай... 30 минут ішінде аңшы неше тырна атып алады?

Үстел үстінде төртбұрышты фигура жатыр. Егер сол фигураның бір бұрышын алып тастасақ 9 бұрышы бар фигуралар келіп шығуы керек. Бұл қандай фигуралар немесе қандай фигура?

Сыныпта 4 парта және 7 оқушы бар. 3 партада екі оқушыдан отыр және бір партада 1 оқушы отыр.  Бұл оқушылар: Ерлан, Айжан, Адиль, Бекжан, Қуаныш, Жадыра және Айгүл. Ерлан қалған оқушылармен бір партада отыру үшін неше күн керек?

11 минуттан соң сағаттың үлкен және кіші тілі бір жерде қиылысады. (Сол сағаттың екі жағындағы сандар өз – өзіне бөлінеді). 731 минуттан соң теңсіздіктің сол жағы, оң жағынан 12 – ге көп болады. Қазір саған неше?

 

Сонымен біздің сайысымыз аяқталды. Келесі кезекте сайысымыздың жеңімпаздарын атап кетейік. (Жеңген топқа әр  түрлі дәрежедегі мадақтама қағаздарымен марапатталады).

Келгендеріңізге көп-көп рахмет. Келесі сайыста кездескенше!!!


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз