Өлең, жыр, ақындар

Болымсыз есімдігі

ОҚО, Мақтарал ауданы, Игілік ауылы

Т. Аубакиров атындағы жалпы орта мектебінің

Қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі: Сарыбаева Баян Гапуқызы  

 

Сабақтың тақырыбы: Болымсыз есімдігі                                                                  

Сабақтың жалпы мақсаты: Болымсыз есімдігі туралы түсінігін қалыптастырады. Жай сөйлемнің түрлерінің ерекшелігін ажырата алады, өздігінен есімдіктің түрлерін жасай білуге баулу, үйрету.                                                 

Оқу нәтижелері: Болымсыз есімдігітуралы түсінігін қалыптастырады. Есімдіктің түрлерінің ерекшелігін ажырата алады, өздігінен есімдіктің түрлерін жасай алады.                                                                                                 

Ресрустар: Қазақ тілі 6 сынып дидактикалық материалдар, интернет материалдары. 

Көрнекі құралдар: плакаттар, үлестірме, маркер, түрлі-түсті қағаздар

 

Уақыт

Мұғалімнің  іс-әрекеті

Оқушы әрекеті

1 мин

Психологиялық тренинг арқылы оқушылардың көңіл-күйін көтеру.

Оқушыларбір-біріне тілек айтып көңіл көтерілді

5 мин

«Ақыл қақпағы» үй жұмысын сұрау

Әр оқушы өтілген тақырып бойынша екі сұрақтан құрап, таза қиылған қағаздарға жазады. Қағазды орап қалпақтың ішіне салады. Қалпақтағы қағазды әроқушы алып, сұрақтарға жауапбереді.

15 мин

Мағынаны тану

Стакан төңкеріп, бір стаканға шарик жасырып. Оқушыларға стакандарды араластырып, ештеңе жоқ стаканды ашқанда не бар? Астында стаканның дедім, стаканның астында ештеңе жоқ дейді.

Ережелерді оқи отырып, түсінгендерін топта талдап, тақырып бойынша постер жасайды. Постерді топтың бір мүшесі қорғайды.

5 мин

«Кім жылдам» ойыны арқылы сұрақ-жауап

1. Болымсыздың есімдігі дегеніміз не?

2. Есімдіктің неше түрі бар?

3. Есімдік қандай сқздердің орнына жұмсалады?

«Кім жылдам» ойыны арқылы сұрақтарға жауап береді. Қай топ дұрыс, әрі тез жауап берген топ жеңімпаз болады.

 

1 мин

Сергіту сәті

Би қимылдары арқылы сергіту жасайды

5 мин

Қорытындылау кезеңі

«Сөз маржан» ойыны арқылы «Үздік оқушы кім?» тақырыбында пікірлерін жазу

Оқушылар пікірлерін жазады.

5 мин

Формативті және жиынтық бағалау

Оқушылар өзара бірін-бірі бағалайды.

2 мин

Үйге тапсырма Жаттығу

Күнделіктеріне жазып алады.

4 мин

Сабақты қорыту мақсатында «Кездейсоқ»ойыны арқылы ұшақ жасап, 2 сұрақ жазып, екі топ бір-біріне ұшырады.

Оқушылар сұрақтарға жауап береді.

4 мин

Рефлексия. «Алақан» әдісі арқылы рефлексия алу

Алақандағы жазылған сұрақтарға жауап беріп, кері байланыс жасайды.

 


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз