Өлең, жыр, ақындар

М.Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы

Ақтөбе облысы

Әйтеке би ауданы

Белқопа орта мектебінің

Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі

Бегалина Әсел Ержанқызы

 

Сабақтың тақырыбы: М.Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы.

Ана мен бала, адам мен табиғат арасындағы қарым-қатынастың эпикалық туындыда көркем бейнеленуі.

Сабақтың мақсаты:

білімділік: оқушылардың поэманы оқыған-оқымағандарын тексеру; поэмадағы аққу сұлулыған ашу; көркемдік ерекшелігіне тоқталу; әйел бейнесіне талдау жасау арқылы поэманың тақырыбы мен идеясын ашу;

дамытушылық: оқушылардан мәтін мазмұнын көркемдеп өз сөздерімен жеткізуге, еркін сөйлеуге, мәнерлеп оқуға, тіл байлығын дамытуға көңіл бөлу, өз пікірлерін еркін айта білуге және дәлелді түрде жеткізе білуге үйрету;

тәрбиелік: оқушыларды табиғатты қорғай білуге тәрбиелеу, табиғат пен адам арасындағы заңдылықтарды сақтай білуге тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: қайталау сабақ

Сабақтың әдісі: семантикалық карта, сөзжұмбақ, төрт жолды өлең

Сабақтың көрнекілігі: Ақын портреті, «Қош махаббат» кітабы, бүктемелер, Жетімкөл келбеті, аққу суреті, алтын ереже, көңіл-күй экраны, жұлдызшалар

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, музыка

Сабақтың барысы:                      

I. Ұйымдастыру.

Оқушыларды түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, кластың тазалығына көңіл бөлу, оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

Оқушылар бүгінгі сабағымызды бастамас бұрын сіздердің бүгінгі сабаққка қандай көңіл –күймен келгендеріңізді байқағым келіп тұр. Ендеше тақтада көңіл-күй экраны ілулі тұр сол экранға алдарыңыздағы смайликтерді ілу арқылы байқаймын.

Думан мұңайып отыр.

Думан сен неге мұңайып отырсың?

Өйткені мен бүгінгі сабақта қалай өтеді екен деп қобалжып отырмын.

Темірлан:Думан ендеше сен қобалжыма, бүгінгі сабақтың жақсы өтуіне сіз бен біз болып жақсы атсалыссақ бәрі көңілімізден шығады.

Олай болса бүгінгі сабағымызды үш топқа бөліп өткіземіз.Яғни, «Ана», «Аққу», «Табиғат»

Сабағымызды бастамас бұрын сабақтың «Алтын ережесімен» таныс болайық.

Біздің бүгінгі сабағымыз 7 бөлімнен тұрады.

1-бөлім.«Жыр шашу»

2-бөлім.«Сұрақ бізден, жауап сізден»

3-бөлім.«Ой қозғау»

4-бөлім.«Біліміңді байқап көр»

5-бөлім.«Мағынаны тану»

6-бөлім.«Сергіту сәті»

7-бөлім. «Төрт жолды өлең»

Оқушылар сіздер өздеріңізді-өздеріңіз бағалайсыздар.Сіздердің алдарыңызға жұлдызшалар берем бір топта қанша оқушы қатысады сонша жұлдызша аласыздар.Ендеше сабағымызды бастайық.

1-бөлім «Жыр шашу»

Үй тапсырмасы.Әр топ өздерінің тобына байланысты «Аққулар ұйықтағанда» поэмасынан жаттаған үзінділерін айтады.

Үй тапсырмасын бекіту.

Семантикалық картамен жұмыс.         

2-бөлім.«Сұрақ бізден, жауап сізден»

Бұл тапсырмада әр топқа бес сұрақтан қойылады.Оқушылар Мұқағали туралы мәліметтерден берілген сұрақтарға жауап беру керек.
1 «Ана» тобына:
1. Мұқағалидың азан шақырып қойған аты кім? - Мұқаметқали
2. Мұқағалидың әкесінің аты? - Сүлеймен
3. Ақын қай жылы дүниеге келді?- 1931ж, 9 ақпан
4. Ақынның туған жері?– Алматы облысы, Нарынқол ауданы, Қарасаз ауылы
5. Ақынның әжесінің аты? - Тиын
2 «Табиғат» тобына:
1. Мұқағалидың «Фариза қыз» өлеңі кімге арналған? -Фаризаға
2. «Аққулар ұйықтағанда» поэмасындағы көлдің аты? -Жетімкөл
3. Ақын өзінің өмірбаянын қай өлеңінде жазды?- Менің анкетам.
4. Мұқағалиға алтын қаламын сыйға тартқан кім? – Ғ. Мүсірепов
5. Мұқағали өлеңдеріне ең көп ән жазған сазгер кім?-Н.Тілендиев
3. «Аққу» тобына:
1. Мұқағалидың ұлдарының аты кім? – Айбар, Жұлдыз
2. Қарасазда Мұқағали мұражайы қашан ашылды? - 5 шілде 1991 жыл
3. Мұқағалидың прозалық шығармасы – «Қош, махаббат»
4. Ақынның жарының аты - Лашын
5. Мұқағалидың қандай әндерін білесіңдер, бір шумағын орындап бер. – «Саржайлау»,«Бақыт»,«Өмір-Өзен»
                                                          3-бөлім «Ой қозғау»

Шығарма кейіпкерлеріне мінездеме беру. Оқушылар қане «Аққулар ұйықтағанда» поэмасының кейіпкерлерін атайықшы./Ана, Тәуіп шал, Бақташы қарт/

Кейіпкерлер

Іс – әрекеті, адами қасиеттері

АнаАна

Қамқор ана. Балажан, сәбиі үшін аққуды атты.

Тәуіп шалТабиғат

Мейірімсіз, қайырымсыз. Таяз ойлы.

Бақташы қартАққу

Ақылы мол, көргені көп.

4-бөлім. «Біліміңді байқап көр»

Сөзжұмбақ шешу. (Мұқағали, Мақатаев,Табиғат)  

Оқушылар сіздер «Аққулар ұйықтағанда» поэмасын өте жақсы түсіндіңіздер.Енді соны тағы да естеріңе түсіру мақсатында сіздерге бейне көрініс көрсетем.Жақсылап қарап алыңыздар.Әрі қарай сол көрініс арқылы тапсырма орындаймыз.

                       5-бөлім. «Мағынаны тану»

Шығармашылық тапсырмалар:                              
1. «Аққу» тобына:

а) Аққудың әсемдігін білдіретін сөздер айтыңдар.

2. «Табиғат» тобына:

а) Поэмада Жетімкөлдің сұлулығы қалай суреттелген?

3. «Ана» тобына:              

а) Ананың аққуды атқаннан кейінгі халі қалай суреттеледі?

6-бөлім.  «Сергіту сәті»

/Ана туралы, бала туралы, аққу туралы мақалдар айту./
«Ана» тобына – Ана туралы.
1. Анаңа ауыр сөз айтпа, Атыңа ауыр жүк артпа.
2. Ана сүтін ақтамағанды ешкім мақтамайды.
3. Баланың білегі ауырса ананың жүрегі ауырады.
4. Анасыз өмір — сөнген көмір.
5. Ана алақанының аясы, Ақ шынардың саясы.
«Табиғат» тобына - Бала туралы.
1. Ата – асқар тау, ана – бауырындағы бұлақ,бала - жағасындағы құрақ.
2. Әдепті бала – арлы бала, әдепсіз бала – сорлы бала.
3. Бала көңілдің гүлі, көздің нұры.
4. Адам болар бала қонаққа үйір.
5. Балалық шағы, патшаның тағы.
«Аққу» тобына – Аққу туралы.
1. Аққу құстың төресі, Жалғыз жатып оттамас.
2. Аққуды атпа, досыңды сатпа!
3. Аққу көлін аңсайды, адам туған жерін аңсайды.
4. Аққу құсқа оқ тисе қанатын суға тидірмес.
5. Аққу менен қаз егіз...

Сұлулықты жанымен сүйген Мұқағали ақынның аса құрметтеген адамының бірі – сазгер Нұрғиса Тілендиевтің «Аққу» күйін тыңдайық.

          7-бөлім. «Төрт жолды өлең»

Зат есім: 1. Аққу

Сын есім:2. Сұлу, киелі,

Етістік: 3. Жүзеді, таранады, ұшады

Сөйлем: 4. Аққу Жетімкөлді мекен еткен.

 

Зат есім: Ана

Сын есім: Мейірімші, арашашы, бақытсыз

Етістік: Қайғырады, атады, өкінеді

Сөйлем.  Ана аққуды атқанына өкінеді

 

Зат есім: Бала

Сын есім: Ауру, дәрменсіз

Етістік: Күйеді, жанады, өртенеді

Сөйлем: Бала дәрменсіз күйде қайтыс болады.  

Ендеше, сабағымыздың барлық бөлімі аяқталды. Алдарыңыздағы жұлдызшаларды санай қойыңыздар.                                                                                                                                                                                   

Қорытынды.                                   

Үйге тапсырма: «Аққу – көлдің еркесі» деген тақырыпта шағын шығарма жазып келу.

Бағалау: Сабаққа ынталы, өте жақсы қатысып отырған оқушыларды бағалаймын.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз