Мектепалды даярлау тобындағы сабақ
БІЗДІҢ ТАБИҒАТ.
Мақсаты:
А) Тақырыпқа ынта қоюға, оның мақсатын мазмұнын болашағын түсініп іс-жүзіге асыра білуге дағдыландыру.
Б) Суреттеп сипаттап әңгімелеуді меңгерту.
В )Табиғатты сүюге, қорғауға, аялауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас, саяхат
Сабақтың әдісі: баяндау
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, табиғат өнімдері.
«Ағаштардың әңгімесі» кітабы
Жаңа сабақ:
Ал балар өткен сабақта біз мектептің бау-бақшасын аралаған болатынбыз. Сол кезде көрген ағаштарымыз, құстар, гүлдеріміз жайында қандай өлеңдер, тақпақтар үйренген едік.
Оқушы:
Табиғаттың өзінде,
Ерке нәзік сезімдей.
Үлбіреген гүл-ару,
Күзетейік көз ілмей.
Мұғалім:
Нәзік гүлдер-әніміз,
Жайнап өссін бауымыз.
Еңсесі биіктеп барады,
Гүлдерге оранған тауымыз.
Өте жақсы. Енді бүгін өткен сабақта көргендерімізді еске түсіріп саяхат сабағын жалғастырамыз. Балалар еске түсірейікші, біз өткен сабақта қандай ағаштар мен таныстық?
Оқушылар:Шырша, аққайын, терек, емен, тал.
Мұғалім: Бәрекелді балалар. Енді мен сіздерге тамаша суреттерді көрсеткелі отырмын. Қараңдаршы суретте нелер бейнеленген?
Оқушы:Аспан, күн, ағаштар, терек, шырша, қарағай, мәжнүнтал.
Ағаштар жайында өлеңдер үйретемін.
Мен терекпін, терекпін
Барлығына керекпін.
Аспан менің желкемде,
Мен әлемге тірекпін.
«Кім тапқыр?» атты дидактикалық ойынды жүргіземін.
Мұғалім:Балалар ағаштың қандай пайдасы бар?
Оқушы: Ауаны тазалайды. Жазда көлеңкесінде демаламыз. Үй салғанда, жиһаздарды жасағанда пайдаланамыз.
Мұғалім: Балалар тіпті алдымызда тұрған дәптердің өзі, осы ағаштан жасалған.
Шыршаны үшбұрыштардан жасаймыз.
Мұғалім: Балалар неше үшбұрыш бар?
Үшбұрыштың үлкен-кішілерін бір-бірімен салыстырамыз.
Бәріміз бірге құрамыз.
Мұғалім: Балалар суреттерде тағы нелер бейнеленген?
Оқушы: Су мен тау.
Мұғалім: Суретте бейнеленіп тұрған нәрселердің бәрін біз сөзбен не деп айтамыз?
Оқушылар: Табиғат жайында өлеңдер тыңдаймыз.
Әй,табиғат!
Шеберсің-ау, шеберсің,
Көрмегенді көрсетерсің, берерсің.
Ұлан-ғайыр байлығыңды місе етпей,
Аш көзденген адамдарға не дерсің?
Айың анау, күнің мынау, жерің міне.
Ау,адамдар.
Жетпей жатыр енді не?
Табиғатқа таласпаңдар ағайын
Асырайды ол сені,мені, әліде де.
Әдемілік,көрік беріп,түрлендіреді.
Мұғалім:Табиғатты,қорғап аялайық. Табиғаттағы өсімдіктерді, жануарларды, құстарды, гүлдерді көздің қарашығындай сақтай білейік.
Сергіту сәті.
Біз гүлдерше өсеміз,
Жапырағы шайқалған.
Сабақтары салалы,
Желге ырғалы шайқалған.
Мақал-мәтелдер:
Бір талкессең,оң тал ек.
Аққан судың арамы жоқ.
Одан әрі ойын ойналады.
Мұғалім:Балалар алдынғызда қандай ағаштар жапырағы бар:
Оқушылар: Терек, тал, жаңғақ.
Мұғалім: Жапырақтардың түстері қандай?
Оқушылар: Жасыл.
Мұғалім: Жапырақтарды бір- бірімен салыстырайықшы. Қайсысы үлкен?
Қайсысы кішкене екен.
Оқушы: Кімде қанша жапырақ бар?
Мұғалім: Бәрекелді балалар!
Енді осы жапырақтардың көмегімен билейміз. Өлең қойылып, балалар жапырақты қолдарына алып билейді.
Мұғалім:Айналамызда қоршап тұрған табиғат,біздің әрі үйіміз, әрі жеріміз. Олай болса әр уақытта табиғатты қорғап, аялайық.
Сабақты бекіту: Сабаққа қатысқан оқушыларды бағалаймын.
Қорытынды:
Мектеп алды даярлық тобында өткізілген сабақтарда есте сақтау қабілетін дамыту, сауатты сөйлеуге дағдыландыру,ойлау сезіну көруқабілетін дамыту, өз ойын еркін айтуға үйрету. Жаңа технология үрдістерінен пайдалану.
Математика, өлең, дене шынықтыру пәндерімен байланыстырып жадында сақтауға үйрету.
Убайдуллаева Атира Абдусаттаровна
№ 63 Қ. Сәтбаев атындағы ЖОМ
бастауыш сынып мұғалімі
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі