Өлең, жыр, ақындар

Еңлік - Кебек дастаны

Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Қарасай ауылы

№20 Алмалы орта мектебінің

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: Қымбат Ахметова

 

 

Сабақтың мақсаты: 

1. Оқушыларға ақынның  «Еңлік - Кебек» дастаны жайлы түсінік беру;                                        

2. Оқушылардың  сөздік қорын,  іл байлығын, өлеңді композициялық  талдауын, зейінін және шапшаңдығын дамыту;

3. Шынайы сезімге, адал махаббатқа, ынтымақтастыққа, сыйластыққа және ізгілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.
Сабақтың типі: аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: түсіндірмелі-көрнекілік, сұрақ-жауап, өзіндік жұмыс, топтық, шығармашылық, ізденушілік әдістер.
Сабақтың көрнекілігі: жазушы суреті, қанатты сөздер,слайдтар.
Техникалық құрал: компьютер, мультимедия-интерактивті тақта.
Пәнаралық байланыс: тарих пәні

Сабақтың барысы
1. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Сәлемдесу.
2. Түгендеу.
3. Сабаққа ынталандыру

III. Жаңа сабақ: 
1. Мұғалімнің кіріспе сөзі. 

2. «Ой қозғау», «Шәкәрім кім?» Интерактивті тақтадан Шәкәрім Құдайбердіұлы туралы слайд көрсетіледі, әр топ оқушылары Шәкәрім туралы өз білімдерін ортаға салады. 

IV. «Еңлік-Кебек» дастанымен жұмыс:
1. XVIII ғасырдағы қазақ даласындағы тарихи оқиғалар туралы, көрген қайғы – қасіреті жайлы баяндаймын.

2 «Еңлік-Кебек» дастанының мазмұны  бойынша жоспар  құрып, оның композициялық құрылысына талдау жасау,  хрестоматиядан  поэманың мәтінін  оқыту.
3. Дастанда кездескен адам аттары мен жер  атауларына  түсінік беру:

V. Пікірталас ұйымдастыру 
«Еңлік пен Кебектің өліміне кім кінәлі?»деген тақырыпта пікірталас жүргізу 
І топ. Ру басылары кінәлі. 
ІІ топ. Екі жастың өздері кінәлі (Әр топ өз пікірлерін қорғап шығады). 
ІІІ топ. Сарапшы – қазылар ( қай топ ұтымды пікір айтады, соларға баға береді, қорытынды  шығарады). 

Сабақты қорытындылау. «Ыстық орындық» әдісі арқылы

Әр  топтан бір оқушыдан шығып, ыстық орындыққа отырып, оқушылардың қойған сұрақтарына жауап береді.

Үйге тапсырма: поэманы оқу, кейіпкерлерге мінездеме беру. 
Бағалау.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер