Өлең, жыр, ақындар

Әбіш Кекілбаев "Шыңырау"

Ковыленка негізгі мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі: Каким Алтынай

Сабақтың тақырыбы: Әбіш Кекілбаев «Шыңырау» хикаятынан үзінді

Сабақтың мақасы:

Білімділік: оқушыларға жазушының өмір жолы мен шығармашылығы және құдық қазу кәсібі туралы мағұлмат бере отырып, «Шыңырау» хикаятынан берілген үзіндінің идеясы мен мазмұнын ашу.

Дамытушылық: оқушылардың қызығушылығын оята отырып, танымдылык белсенділіктерін арттыру,мәтін бөліктерінің негізін таба білуге дағдыландыру.

Тәрбиелік: ұжымшылдыққа,еңбекқорлыққа, өз білімін бағалай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: оқу мен жазуды сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы мен жобалау технологиясының элементтері.

Сабақ көрнекіліктері: интербелсенді тақта,слайттық көрністер.

Пән аралық байланыс: тарих, сызу.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Оқушының субьективті тәжірибесін өзектендіру кезеңі: «Ассоциативті қатар» Тақтаға «Шыңырау» сөзін жазу. Оқушыларға дәптерге тақтаға жазылған сөзден пайда болған пікірлерін жазуды ұсыну.

IV. Жаңа сабақты оқып- білу кезеңі:

1. Автор туралы түсінік беру.

2. «Шыңырау» хикаятының мазмұны менидеясымен таныстыру.

Тақырыбы: құдықшылық кәсібі туралы.

Идеясы: шөл даладағы халықтың тіршілігі үшін күресін көрсету,табиғаттың терең сырларын меңгеріп,ұрпағына мирас етіп қалдырған Еңсеп секілді халық ұлдарын үлгі ету.

Шығарма кейіпкерлері - Еңсен.Ол - жапан далада талай құдық қазып,көптің мейірін қандырып,мерейін үстем еткен жан.

Шығарманың қысқаша мазмұны: Байсал бай Үстірттегі ең шұрайлы жер - Шыңырау түбінен Еңсеп құдық қазып беруге өтініш жасайды. Бір-екі ақсақал тастақ жыраның құбыла бет құйрығын қолайлы көретінін айтады. Еңсеп құлақ аспайды. Еңбекке жарамды нарларды таңдап, құдық қазуға кіріседі. Шыңырау түбінде әртүрлі ойға шомылып, бірде қуанып, бірде қорқыныш ой арпалысады... Кенет қыл арқанды тартып тұрып, жәрдем беріп тұрған жігіттер: Еңсен!-деп айқайлағанда, шыңырау ішінен дауыс шықпайды... Шыңырау «Еңсеп қазған» емес, «Еңсеп өлген» атанып кетеді.

3. Құдық қазу кәсібі туралы ақпарат: Құдық қазу - ертеден келе жатқан өнер. Су - тіршіліктің көзі болғандықтан, құдық қазу - тіршіліктің күретамыры іспеттес болған. Осы кәсіпсіз су да жоқ. Жер асты суы жантақ өскен жерде мол болатынын қазақ халқы ертеден білген. «Шыңырау» хикаяты - Маңғыстау даласындағы құдықшылық кәсіптің қыр-сырын жеке сипаттаған шығарма. Сол өлкеде өзінің өшпес мұрасын қалдырған әйгілі құдықшы Қарашаш Бейнеубай Құлшарұлы деген кісі өмір сүрген.

4. Лексикалық жұмыс орындау:

шыңырау - биік құз, таудың ұшар басы, тұңғиық терең шыңырау шеген - құдықты шегендейтін құрсау тас, қима ағаш,өрме тал ернек-бір заттың ернеуі, жиегің, өзен-көлдің жағасы, жағалауы түнемелік - жататын, түнгі ұйқыға кететін кез құлама-таудың, жардың тік беті,судың құлап аққан тұсы кәтеп-көне жүк артқанда нардың өркешіне ауыр салмақ түспеу үшін салынатын қом, тазы сар кеміксүйектің кеміруге болатын жұмсақ, майлы жері, шығыр-көне егістікке су шығару үшін жасалған, су жүретін науасы бар құрал.

V. Жаңа білім және іс-әрекет амалдарын алғашқы тексеру кезеңдері:

1. Оқушыларды топқа бөлу

2. Оқулық пен жұмыс істеу

3. "Мәтін бөліктері" оқыта үйрету ойыны. Мәтінді бөлімдерге бөлу, негізгі оқиғаларды табу, тақырып қою.

VI. Жаңа білімді және іс-әрекет амалдарын бекіту кезеңі: Жобалау технологиясы бойынша топтардың жұмыстарын ұйымдастыру.

VII. Жаңа білім және іс-әрекет амалдарын қорытындылау, жүйелеу кезеңі:

1. Әбіш Кекілбаевтың қоғамдық қызметі қандай?

2. Әбіш Кекілбаевтың қандай шығармалары бар?

3. Әбіш Кекілбаев қандай мемлекеттік наградалармен марапатталған?

4. «Шыңырау»шығармасының тәрбиелік мәні некде?

5. «Шыңырау»шығармасының басты идеясы қандай?

6. Байсал бай Еңсепке қай жерден құдық қазуға өтініш жасады?

7. Ақсақалдар құдық қазуға қай жерді жөн көрді?

8. «Қараш әулеті» қалай баяндалады?

9.Шыңырау түбінде Еңсеп қандай жайға тап болды?

10. Еңсептің еңбегі елге қандай жақсылық әкелді?

VIII. Бақылау және өзін-өзі бағалау кезеңі: Жеке оқушының және сыныптың жұмысына баға беру.

IX. Түзету кезеңі: Кезеңнің білімділік міндеттері:-Оқушы біліміндегі іс-әрекет амалдарындағы байқалған кемшіліктерді түзету.Жекелеген оқушыларға берілетін ұсыныстар:-өз пікіріңді сенімді қорғай біл.-қысқа да құсқа сөйле,-анық сөйлеп үйрену,-мән мен мазмұнына көңіл бөл.

X. Үйге тапсырма: «Құдық қазу-ежелден келе жаткан ата кәсібіміз»тақырыбына ой толғау жазып келу.

XI. Сабақты қорытындылау кезеңі: Топтарға бөлініп «Кубизм»ойынын ойнау. Ол үшін әр топтың ортасына алты жағына тапсырма жазылған кубты лақтырам. Қай жағы түссе, топ сол тапсырма бойынша жұмыс істейді: Суреттеңдер: Еңсеп кандай адам?

Салыстырыңдар: «Шыңырау» кихаятынан алынған үзіндіні хрестоматияда берілген Ж.Молдағаливтің «Құдық» өлеңі мен салыстыр.

Зерттеңдер: құдық қазау қандай кәсіп?

Талқылаңдар: Су-тіршілік көзі.Сусыз өмір жоқ! Қолданыңдар: Құдық қалай қазылады? Құдық қазу-өнер. Дәлелдеңдер: Еңсепті көзсіз ерлікке жетелеген-өз кәсібіне деген сүйспеншілік.

XII. Рефлексия кезеңі. Сабақтан алған әсерлерін төмендегі түстер арқылы көрсету.

Жасыл түс-сабақтан жаңа идеялар байқадым.

Сары түс-жаңа сабаққа көңілім толды.

Күлгін түс-бүгінгі сабақ сезіміме әсер етті.


Пікірлер (5)

Зарина

Өте жақсы

Нурлан

Шыңырау қай жылы жарық көрді толық мәліметті қайдан алсам болад

Альфия

Шығарманың қысқаша мазмұны слишком қысқа но в полне норм

Қайырлы Қуанышқалиева

Шыңырау қай жылы жазылды

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз