Балқаш қаласы, М.П.Русаков атындағы
№2 мектеп-интернатының
Математика пәні мұғалімі: Жахметова Маржанкуль
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: балаларды қуып жету қозғалысына берілген есептің жаңа түрімен таныстыру; бір бағыттағы қозғалыс кезіндегі жақындау жылдамдығы туралы түсініктерін қалыптастыру; қозғалысқа берілген есептерді шығару, дағдыларын бекіту.
Дамытушылық: есте сақтау, ойлау және математикалық тілде дұрыс сөйлей білу қабілетін дамыту;
Тәрбиелік: балаларды ақыл - ой, еңбек тәрбиесіне баулу, пәнге деген сүйіспеншілігін ояту.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру.
Көрнекілігі: тақырыптық суреттер
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
а) Амандасу.
- Сәлеметсіңдер ме, балалар!
- Отырыңдар!
- Қазір қай сабақ?
- Сабақ құралдарымыз дайын ба?
- Олай болса оқушыға ұқсап отырамыз!
б) Психологиялық дайындық:
Қане, қатар – қатар түзеліп,
Оқушыға лайық.
Қолымызды жіберіп, түп – түзу тұрайық.
Бірінші қатар жай отыр.
Екінші қатар сен де отыр.
Үшінші қатар тез отыр.
Балалар, бүгінгі сабағымызды осындай жақсы көңіл – күймен бастайық.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
- Ал балалар бүгінгі сабақты бастамас бұрын үй жұмысын бір тексеріп өтейік. (дәптерлерін қарап өту).
- Менің көруім бойынша барлықтарың сабаққа жақсы дайындалып келіпсіңдер.
- Жарайсыңдар! (дәптерлерін жинау)
III. Жаңа сабақ
- Балалар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы – Қуып жету қозғалысына берілген есептер.
Тақтаға күнді жазу.
125479=100000+20000+5000+400+70+9
1 есеп.
V - жылдамдық
t - уақыт
S - қашықтық
V= S : t
t = S : V
S= V∙ t
а) S=160 км
t=8 сағ
v-? км/сағ
Шешуі: 160:8=20 км/сағ
Жауабы: жүк кемесінің жылдамдығы 20 км/сағ
ә) v =20 км/сағ
s=320 км
t-?
Шешуі: 320:20=16 сағ
Жауабы: жүк кемесі 16 сағат жүзді
в)
s=280км
v1-60 км/сағ
v2-80 км/сағ
t-?
Шешуі: 1) 60+80=140 км/сағ –жақындау жылдамдығы
2) 280:140=2 сағ
Жауабы: машиналар 2 сағаттан кейін кездеседі.
б) v1-60 км/сағ
v2-80 км/сағ
vжақындау -?
Шешуі: 60+80=140 км/сағ
Жауабы: автокөліктердің бір-біріне жақындау жылдамдығы 140 км/сағ
ІV. Сергіту сәті
Ал, балалар, тұрайық. Оңға-оңға түзу тұр
Алақанды ұрайық Солға-солға түзу тұр
Оңға қарай иiлiп Жоғары-төмен қарайық
Солға қарай иiлiп Қолымызды созайық
Бiр отырып, бiр тұрып, Бойымызға күш жинап,
Бойымызды созайық Бір шынығып алайық
Белiмiздi жазайық.
3 есеп.
s=160 м
v1-120 м/мин
v2-100 м/мин
t-?
Шешуі: 1)120-100=20 м/мин –қуып жету жылдамдығы
2) 160:20=8 мин
Жауабы: 8 минуттан кейін Мұрат Әлібекті қуып жетеді.
VІ. Қорытынды.
- Балалар біз бүгін сабақта не істедік?
- Есептер қиын болды ма?
- Қай есептен қателестік?
VІІ. Үйге тапсырма. 32 бет 4 есеп, 33 бет 5,6,7 тапсырмалар
VІІІ. Бағалау.
Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды мадақтау, бағалау.
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі