Балқаш қаласы, М.П.Русаков атындағы
№2 мектеп-интернатының
Математика пәні мұғалімі: Жахметова Маржанкуль
Сабақтың тақырыбы: Үштаңбалы санға жазбаша жазбаша бөлу тәсілдері
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Үш таңбалы санға жазбаша бөлу тәсілдерін меңгерту. Есептер шығару.
Дамытушылық: есте сақтау, ойлау және математикалық тілде дұрыс сөйлей білу қабілетін дамыту;
Тәрбиелік: балаларды ақыл-ой, еңбек тәрбиесіне баулу, пәнге деген сүйіспеншілігін ояту.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру.
Көрнекілігі: тақырыптық суреттер
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
а) Амандасу.
- Сәлеметсіңдер ме, балалар!
- Отырыңдар!
- Қазір қай сабақ?
- Сабақ құралдарымыз дайын ба?
- Олай болса оқушыға ұқсап отырамыз!
б) Психологиялық дайындық:
- Балалар, кімнің көңіл күйі өте жақсы? (орнынан тұрып үш рет шапалақтау)
- Ал, кімнің көңіл күйі нашар? (орнынан тұрып екі рет шапалақтау)
- Кім сабаққа дайын? (орнынан тұрып бір рет шапалақтау)
-Жарайсыңдар! Бүгінгі сабаққа барлықтарың дайындалып келіпсіңдер.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
- Ал балалар бүгінгі сабақты бастамас бұрын үй жұмысын бір тексеріп өтейік. (дәптерлерін қарап өту).
№6(а)
Шешуі: 1) 672:24=28 т
2) 28*150=4200 л
Жауабы: 4200 л су ысырап болады.
(ә)
Шешуі: 1)320:16=20 кг -1автокөлік
2)20*53=1060 кг-53 автокөлік
Жауабы: 53 автокөлік 1060 кг улы газ шығарады.
№2
3021*324=978804 271152:112=2421 34661:137=253
2568*325=834600 615375:547=1125 15625:125=125
3702*213=788526 141716:142=998 115062:254=453
№3
(1254*31)+25250=64124 (273*158)-(9711:83) =43131-117=43017
12428:26+25108=25586 (452*42)-(7705:67) =18984-115=18869
(855:285)+(11*265) =2918 (12654+355)-(2458:2) =13009-1229=11780
25899+(90052-680) =115271 100000-(2306*3) =93082
-Менің көруім бойынша барлықтарың сабаққа жақсы дайындалып келіпсіңдер.
-Жарайсыңдар! (дәптерлерін жинау)
III. Жаңа сабақ
-Балалар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы – Үштаңбалы санға жазбаша жазбаша бөлу тәсілдері. Тақтаға күнді жазу.
6859423=6000000+800000+50000+9000+400+20+3
№2 (а)
№4 тапсырма. Граммен өрнекте.
6 кг=6000 г 147 кг=147000г 5 кг 2г=5002 г
39 кг=39000г 7кг 4г=7004 г 9 кг 678 г=9678 г
5кг 458 г=5458г 5 кг 20 г=5020 г 1 ц 3 кг=103000г
ІV.Сергіту сәті
Ал, балалар, тұрайық. Оңға-оңға түзу тұр
Алақанды ұрайық Солға-солға түзу тұр
Оңға қарай иiлiп Жоғары-төмен қарайық
Солға қарай иiлiп Қолымызды созайық
Бiр отырып, бiр тұрып, Бойымызға күш жинап,
Бойымызды созайық Бір шынығып алайық
Белiмiздi жазайық.
№5 есеп (а)
6 күнде- әр күні 4 кг 500 г
Қалды -32 кг күріш
Басында әкелінген-? Кг күріш
Шешуі: 1) 4500*6=27000г=27 кг
2)27+32=59 кг-басында болған
Жауабы: мектеп асханасына 59 кг күріш әкелінген
(ә)
Орамжапырақ қосылған - 85 б, бұл 2 есе кем
Күріш қосылған-?
Шешуі: 1)85*2=170 б-күріш қосылған
2)170-85=85 б
Жауабы: 85 бәлішке артық
(б)
Ұн 17 қағаздан -34кг
Күріш 25 қағаздан -75 кг
Күріш -? Ауыр
Шешуі:1) 34:17=2 кг –ұн салынған қапшық
2)75:25=3 кг-күріш салынған қапшық
3)3-2=1 кг
Жауабы: 1 кг ауыр.
VІ. Қорытынды.
- Балалар біз бүгін сабақта не істедік?
- Есептер қиын болды ма?
- Қай есептен қателестік?
VІІ. Үйге тапсырма. 58 бет 1 тапсырма, 59 бет 3 тапсырма, 60 бет № 6, 7 тапсырмалар
VІІІ. Бағалау.
Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды мадақтау, бағалау.
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі