Атырау облысы
Атырау қаласы
Томарлы селосы
Қ.Смағұлов атындағы орта мектептің
Химия және биология пәндерінің мұғалімі: Ислямова Лязат Темиржановна
Сыныбы |
11 «Б» |
|
Тақырыбы |
Аминдер |
|
Мақсаты |
1. Оқушыларға аминдер, олардың алынуы, қасиеттері туралы түсінік беру; 2. Оқушылардың органикалық заттар жөніндегі білімдерін тереңдету; 3. СТО әдістерін қолдана отырып, өз ойларын еркін айта білуге дағдыландыру; |
|
Күтілетін нәтижелер |
1. Азотты органикалық қосылыстар туралы негізгі ақпаратты біледі; 2. Алынуын, химиялық қасиеттерін есептер шығаруда қолдана алады; 3. Алған білімдерін іс жүзінде қолдана алады. |
|
Сабақтың түрі |
Аралас |
|
Сабақта қолданылған әдіс-тәсілдер |
СТО әдістері, жеке, топтық жұмыстарға тапсырмалар, сұрақ-жауап |
|
Сабақтың көрнекілігі |
Интербелсенді тақта, слайдтар, стикерлер, постер, қажетті құралдар мен реактивтер |
|
Сабақтың барысы: |
||
Сабақтың кезеңдері |
Мұғалім әрекеті |
Оқушы әрекеті |
Ұйымдастыру кезеңі
|
1. Сәлемдесу 2. Қолайлы психологиялық көңіл-күй қалыптастыру 3. Сыныпты стикердің көмегімен топтарға бөлу
|
1. Сәлемдесу 2. Топқа бөліну 3. Бір-бірлеріне жақсы тілектер айту арқылы ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырады |
Үй тапсырмасын сұрау |
Қызығушылығын ояту «Серпілген сауал» стратегиясы ( Өткен тақырып бойынша сұрақтарға жауап беру) |
Үйге берілген тапсырма бойынша сын тұрғысынан ойлана отырып, сұрақтарға жауап береді |
Жаңа сабақ |
Мағынаны тану Кел, танысалық! (Жаңа тақырыпты түсіндіру)
Аминдер - молекуласындағы бір немесе бірнеше сутек атомы көмірсутек радикалына алмасқан аммиактың туындылары. Мысалы: СН3NН2-метиламин, (СН3)2NН-диметиламин, (СН3)3N-триметиламин NН2-амин тобы деп аталады.Амин тобымен байланысқан радикалдың табиғатына байланысты аминдер алифатты (С2Н5-NН2 ) және ароматты (С6Н5-NН2 ) болып бөлінеді.Аммиактағы көмірсутек радикалына алмасқан сутек атомының санына қарай аминдер: біріншілік, екіншілік, үшіншілік болып бөлінеді.Молекуласындағы амин тобының санына байланысты аминдер: моноаминдер, диаминдер т.с.с болып бөлінеді.
Алу әдістері:
1. Нитроқосылыстарды өршіткі (Pt, Pd, Ni) қатысында тотықсыздандыру арқылы: С6Н5NО2+3Н2→ С6Н5NН2+2Н2О
Зинин реакциясы (1842 ж) : С6Н5NО2+3Н2S→ С6Н5NН2+3S+2Н2О
Физикалық қасиеттері: Алифатты аминдер –газ тәрізді заттар, суда жақсы ериді.Иістері аммиактың иісіне ұқсас.Ортаңғы аминдер-сұйық заттар, иістері балықтың иісіне ұқсас.Құрамында көміртек атомы көп аминдер-иіссіз, қатты заттар.Аминдер-органикалық еріткіштерде жақсы ериді.
Химиялық қасиеттері: 1. Протон қосып алуы: NН3+НОН→[NН4]++ОН- С2Н5-NН2+НОН→[С2Н5-NН3]++ОН- 2. Қышқылдармен әрекеттеседі: С2Н5-NН2+НСІ→ [С2Н5NН3 ]+СІ- 3. Ауада жанады: 4СН3NН2+9О2→4СО2+10Н2О+2N2 Ойлан, топтас, талқыла (Постер қорғау)
1-топ. Анилин
2-топ. Метиламин |
Сабақты мұқият тыңдап, есте сақтау
Оқушылар мәтінмен таныса отырып, жеке жұмыс жасайды, топ ішінде талқылайды, жұмысты топ атынан баяндамашы қорғайды
|
Топтық жұмыс (Сұрақтарға жауап беру)
Ойлы болсаң, озып көр (Жаттығу жұмыстарын орындау)
Тапқыр болсаң, тауып көр (Есептер шығару)
|
1-топ №2-есепті шығару (257-бет) Аминдер деп қандай қосылыстарды айтады?
2-топ №3-есепті шығару Аминдер қалай жіктеледі?
1-топ №5-есепті шығару Аминдердің негізділігі дегеніміз не?Мысалдар келтіріп, сәйкес реакция теңдеулерін жазыңдар
2-топ №6-есепті шығару Төменде берілген қосылыстардың қайсысының негізділігі жоғарырақ болады? А) аммиак, этиламин; Б) этиламин, анилин.
1-топ №7-есепті шығару Метиламинді мынадай қосылыстарға қалай айналдыруға болады? А)[СН3NН3]+СІ-; ә) СН3NНСНСН3
2-топ №8-есепті шығару 37 г нитробензолды сутек қатысында тотықсыздандырғанда 18,5 г анилин алынады.Теориялық мүмкіндікпен салыстырғандағы шығымын табыңдар |
Топтарға бір сұрақ, бір жаттығу, бір есептен беріледі. Өз беттерімен сұрақтарға жауап береді, есептер шығарады, білімдерін шыңдайды, қасындағы оқушыларға түсіндіреді
|
Үйге тапсырма беру
|
1) §4.1 2) №9-есепті шығару (257-бет) |
Үй тапсырмасын білу, түртіп алу |
Кері байланыс «Диктор сөз алады» |
Дикторларды шақыру 1-диктор. Сабаққа дейінгі жағдайды баяндайды. 2-диктор. Сабақтың үстіндегі жағдайды баяндайды. 3-диктор. Сабақтың соңындағы жағдайды баяндайды. |
Дикторлар сөз алып, өз ойларын айтады |
Бағалау. Өзара топпен бағалау, бірін-бірі бағалау |
Топ басшысына топ мүшелері өзара бағалап, бағалау парақшасына толтыруды тапсырады |
Өзара бағалайды, өздерінің жұмыстарымен салыстырады. Топ басшысы топ мүшелерін бағалайды |
Рефлексия |
Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын жазу үшін стикерлер тарату |
Оқушылар стикерлерге сабақтан алған әсерлерін және ұсыныстарын жазады |
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі