Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы
Белқопа ауылы, Белқопа орта мектебінің
Химия пәнінің мұғалімі: Карина Айгул Нуртасовна
Пәні |
химия |
КЛАСЫ «8» |
|
ТАҚЫРЫП |
Химиялық байланыстың негізгі түрлері |
МАҚСАТЫ |
Химиялық байланыстың негізгі түрлерімен таныстыру, ерекшеліктерін көрсету, түсіндіру. Сұрақ-жауап, сыни ойлау, оқушыларға өз ойын , пікірін еркін сенімділікпен жеткізе алуын қалыптастыру, өзгенің пікірін сыйлауға, өзін өзі бақылау мен талдауға үйрету. |
КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕ |
|
Құрал жабдықтар |
|
Оқыту әдістері |
|
КЕЗЕҢДЕРІ |
МҰҒАЛІМ ӘРЕКЕТІ |
ОҚУШЫ ӘРЕКЕТІ |
РЕСУРСТАР |
І. Ұйымдастыру кезеңі (3 минут) |
Амандасу. Оқушылардың көңіл күйін сұрау. Жылы қабақ таныту, түгелдеу. Топқа бөледі. Әріптер таратып,сөз құрау. |
Амандасады, бір біріне көңіл күй сыйлайды, жылы сезімді сезеді, сабаққа зейінін аударады. Әріптерді біріктіріп сөз құрап екі топқа бөлінеді. І топ: Полюсті ІІ топ: Полюссіз |
|
ІІ.Қызығушылықты ояту (3 минут)
(3 минут) |
Сұрақ-жауап.Түрткі болу. 1. Электртерістік дегеніміз не? 2. Электртерістік шкаласын құрған кім? 3. Периодтық кестеде электртерістік қалай өзгереді? 4. Негізгі топшада электртерістік қалай өзгереді? 5. Фтордың электртерістіксан мәні қанша? 6. Цезийдің электртерістік сан мәні? Кім білімпаз. Шеңберде берілген тапсырманы орындайды. Екі шеңберге жазылған сөз тақтаға ілінеді. 1. Электронды қосып алушы элементер. 2. Электронды беріп жіберуші элементер. Шеңберді айналдыра үшбұрышта берілген элементтерді магниттеп жинайды. |
Сұрақтарға нақты жауап береді. Сабақ тақырыбы мен мақсатын анықтауға ұмтылады.
Екі топтан екі оқушы шығып шеңберді айналдыра берілген элементерді орналастырады. Талдай отырып топтастырады. |
Тақтадан сұрақтар беріледі.
Шеңбер, үшбұрыштар, магнит |
ІІІ. Негізгі бөлім сілтеме (3 минут) |
Сабақтың тақырыбы, мақсаты, сабақтың орындалу талаптарымен, бағалау жүйесімен таныстыру. Слаид арқылы тақырыпқа шолу жасайды. Химиялық байланыстың негізгі түрлері ковалентті, ионды, сутектік, металдық болады. Ковалентті байланыс электрон жұбтарының пайда болуынан түзіледі. Ковалентті байланыстың өзі екіге бөлінеді, полюсті және полюссіз байланыс. Полюсті байланыс электр терістіктерінде айырмашылықтары бар атомдар арасында түзіледі. Полюссіз байланыс электртерістіктері бірдей атомдар арасында түзіледі. |
Мұқият тыңдайды. |
|
Мағынаны тану (16 минут)
|
Оқушыларға тақырып бойынша сілтеме тапсырылады. І топ. Химиялық байланыстың негізгі түрлері . ІІ топ. Ковалентті байланыстың түрлері.
|
1.Оқулықтан өздеріне берілген тапсырмаларды оқып топтаса отырып пікірлесіп, өз ойларын еркін, дәл, анық түрде флипчартқа түсіріп, қорғайды. |
Оқулық, үлестірме таратпалар, флипчарт .
|
ІҮ. Қорытындылау (3 минут)
(3 минут)
Сергіту (2 минут) |
Тест тапсырмасы: 1. Ковалентті полюсті байланысы бар затты көрсет. а) H2S ә) CI2 б) O2 в) F 2.Ковалентті полюссіз байланысы бар затты көрсет. а) H2S ә) CI2 б) O2 в) F 3. Ковалентті байланысы дегеніміз. а) Электрон жұбын түзеуші байланыс ә) Ортақ электрон жұбын түзеуші байланыс б) Электрон жұбын қосып алушы байланыс в) Ештеңе болмайтын қосылыс 4. Химиялық байланыстың неше түрі бар а) 1 ә) 2 б) 3 в) 4 Венн диаграммасы
Ковалентті полюсті байланысты заттарды атағанда орындарыңыздан тұрасыздар, ковалентті полюссіз байланысты заттарды атағанда орындарыңа отырасыңдар. |
Тест тапсырмаларына жауап береді, тексереді. Венн диаграммасын орындай |
|
Кері байланыс (2 минут) |
Әр топтан диктор оқушы шақырылады |
|
|
Бағалау (5 минут) |
Бағалау парағы, бағдаршам. |
Көшбасшы бағасы, өзін – өзі бағалау бағалары, қортынды баға қойылады. |
Бағдаршам бейнесі, бағалау парағы |
Үйге тапсырма (2 минут) |
§ |
|
|
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі