Ақтөбе қаласы
«Облыстық туберкулез санаториясы мектеп-интернаты» КММ-сінің
ІІ санатты химия пәні мұғалімі Жақсылықова Майра Кәдірбекқызы
Сабақтың мақсаты:
• Білімділік: Периодтық жүйедегі кремнийдің орны және оның қосылыстарының алынуы, қасиеттері, түрлері және табиғаттағы маңызын, құрылысын, адам ағзасындағы рөлі туралы түсінік беру.
• Дамытушылық: теориялық білімдерін тиянақтап, логикалық ойлау қабілетін жетілдіру, ой-өрістерін, танымдық, шығармашылық, реакция жазу, есеп шығару, қабілеттерін дамыту;
• Тәрбиелік: Өз ойын еркін айтуға, ізденімпаздыққа, жұптасып жұмыс жасауға, белсенділікке тәрбиелеу.
Класс 9
Сабақтың тақырыбы: Кремний және оның қосылыстары.
Сабақтың мақсаты:
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: ой қозғау,түсіндіру, топпен, жеке.
Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, деңгейлік тарпсырмалар, кремний қосылыстарының үлгілері, карточкалар, венн диаграммасы
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
оқушылармен амандасу;сыныптың тазалығын тексеру;оқушыларды түгендеу;
көңілдерін сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
А) «Ой қозғау» (сұрақ – жауап:)
В) Химиялық диктант (формулаларды оқу, оқушылар дәптерлеріне жазады) – кальций карбиді, көмірқышқыл газы, көмір қышқылы, натрий карбонаты, кальций карбонаты, көміртек (ІІ) оксиді, метан, ацетилен, магний карбонаты, натрий гидрокабонаты.
С______СO___CO2____Na2CO3______NaHCO3______Na2CO3
Төмендегі физикалық қасиеттер карбонаттардың қайсысына сәйкес келеді?
Қасиеттер |
Қай зат |
Техникалық атауы- ас содасы |
Натрий гидрокарбонаты |
Жер қойнауында магмадан пайда болатын қатты кристалдық зат |
Мәрмәр |
Сақар, ақ ұнтақ, суда жақсы ериді, өсімдіктің күлінде болады |
Калий карбонаты |
Органикалық шөгінді жыныс, құрылыс материалы ретінде пайдаланады |
Әктас |
Ақ түсті жұмсақ шөгінді жыныс, құрылыста ағарту үшін қолданады |
Бор |
ІІІ. Жаңа сабақтың жүруі: (кроссворд құру арқылы сабақтың тақырыбын ашу) – Кремний және оның қосылыстары
Ашылуы: Кремнийді алғаш рет 1811 жылы Гей-Люссак пен Л.Ж. Тенар ашқан. 1824 - 1825 жылдары швед химигі Я.Берцелиус фторлы кремнийді калиймен тотықсыздандырып, ал 1865 жылы орыс ғалымы Н.Н. Бекетов төрт хлорлы кремний мен мырышты әрекеттестіріп жеке бөліп алған.
Атом құрылысы:
ІІІ период, ІV топтың негізгі топшасында орналасқан.
+14Si )2е)8е)4е)
Табиғатта таралуы:
Кремний табиғатта тек қосылыс түрінде кездеседі. Ең көп тараған SiO2 – кремнезем. Каолинит (ақбалшық) және алюмосиликаттардың Al2O3*2 SiO2*2H2O, дала шпатының немесе ортоклаздың K2O * Al2O3 * 6SiO2 құрамына кіреді.
Алынуы:
2Mg + SiO2 = 2MgO + Si
SiO2 + 2С = Si + 2CO
Физикалық қасиеттері:
Кремнийдің аллотропиялық екі түр өзгерісі бар.
Кремний
Кристалдық аморфты
қара сұр түсті, металдық жылтыры бар, сұрғылт түсті ұнтақ зат.
өте қатты, қиын балқитын, аздап электр
тогын –өткізетін зат.
Химиялық қасиеттері:
Si + 2CL2= SiCL4
Si + O2 = SiO2
Si + C = SiC
Si + 2Mg = Mg2Si
Si + 2NaOH + H2O = Na2SiO3 + 2H
ІV Қорытынды: Жаңа сабақты пысықтау. Сұрақ-жауап:
Көміртек |
Венн диаграммасын толтыру. Пайымдау
Кремний |
V Бекіту: Сөйлемдерді толықтыр.
Химиялық диктант.
1. Кремнийдің реттік номері 14 (иә)
2. Қосылыстарда кремний +1, +3, +5 тотығу дәрежелерін көрсетеді.(жоқ)
3. Кремнийдің екі аллотропиялық түр өзгерісі бар (иә)
4. Кремний металдармен әрекеттесіп, металдың кабидін түзеді. (жоқ)
5. Кристалды кремнеземнің алты қырлы призма тәрізді мөлдір түрі тау хрусталы деп аталады.(иә)
6. Кремний III период, IV топтың негізгі топшасында орналасқан.(иә)
7. Кремний кыздырганда жай заттармен ғана әрекеттеседі. (иә)
8. Кремний диоксидін қыш бұйымдарын жасауда қолданылады. (иә)
Есеп. Массасы 36,6 г натрий силикатын алу үшін қанша натрий оксиді, қанша кремний оксиді қажет болатынын есептеңдер.
VІ Бағалау:
VІІ Үйге тапсырма беру: «Химия» оқулығы №3 - 222 бет,
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі