Өлең, жыр, ақындар

Кремний және оның қосылыстары

Сабақтың тақырыбы: Кремний және оның қосылыстары 
Сабақтың мақсаты

Білімділік:  Периодтық жүйедегі кремнийдің орны,  барлық қасиеттерін  электрондық оқулық арқылы көрсету,  кремнийдің табиғаттағы маңызын, құрылысын,қолданылуын   түсіндіру.  
Дамытушылық: теориялық білімдерін  тиянақтап,  логикалық ойлау қабілетін жетілдіру, кремнийдың химиялық қасиеттерін зерттеу арқылы шығармашылық жұмыстарға баулу. 
Тәрбиелік: Өз білімдерін  бағалап ,бірлесіп жұмыс жасауға ізденмпаздыққа және  қоршаған ортаны сүюге тәрбиелеу. 
Сабақтың типі : жаңа ұғымды меңгерту 
Сабақтың түрі :  панорамалық сабақ 
Сабақтың әдісі : Сатылай талдау кешені,тірек-сызба , сұрақ –жауаптар, жұмбақтар және электронды оқулық
Пәнаралық байланыс:  әдебиет, математика,тарих. 
Сабақтың көрнекілігі:  Интерактивті тақта /слайдтар/
Сабақтың барысы :  І.Ұйымдастыру бөлімі 
 ІІ. «Ой қозғау» кезеңі.
 Графикалық диктант    Иә- жоқ-деп  белгілейді

Мұғалім сөзі :
«2030-дың біз парызымыз,
Жетістікке бастайды әр ісіміз.
Өркениетті елімізді көркейтетін,
Химияны оқу парызымыз»

Графикалық диктант Иә-    жоқ-деп  белгілейді. 
СО – түссіз, иіссіз, улы газ. 
 СО2 – иіс газы.
 СО2 – көмір қышқыл газы.
 Ауадағы мөлшері – 00,3% СО2
 Көмір қышқылының  тұздары бір топқа бөлінеді.
 СО2 – негіздік оксид
 Карбонаттар пен гидрокарбонаттарға тән сапалық реакция – қышқыл ерітіндісімен.
 Na2CO3 – ас содасы
  NaНCO3 – кір содасы 
 H2CO3 – көмір қышқылы
 
ІІІ. Жаңа сабақ 
Ұғу мен мағынаны тану
Периодтық кестемен жұмыс.
Химиялық таңбасы
 Реттік нөмірі
 Салыстырмалы атомдық массасы
 Атом құрылысы 
 Периоды
 Тобы
 жер қыртысында – 

 

Si+2Mg=Mg2Si
Si+2H2=SiH4
SiH4+2O2=SiO2+2H2O
SiO2+Na2O=Na2SiO3
K2SiO3+2HCI=H2SiO3+2KCI
SiO2+2C   t   SiC+2CO
Тау жыныстарының шөгілу процесінен құмның түзілуі туралы мәлімет беру 

 

ІҮ.М.В.Ломоносовтың химия саласына қосқан үлесі.(Мәнжазба) 
Оқушылар қосымша материалдар дайындайды. 
 Қосымша хабарлама 

І-оқушы
Кремнийдің ашылу тарихы. Кремний –жер қыртысының негізі. Кремнийдің латынша тауы-силициум,ол жер қыртысының негізін құрайды. Жер бетіндегі ең негізг химиялық қосылыс, ол-кәдімгі құм, кремнезем. 1823 жылы Швед химигі И.Я .Берцелиус кремне фторлы  калийге калий қосып қыздыру арқылы сол өнімді бөліп алды. Ол жаңа элемент алғанын хабарлап, оны «солиций «деп атады. Қазақша :қатты тас. 1834 жылы академик Г.И.Гесс  қысқаша «кремний»деген атауды (грекше»кремнос-жартас.шың,құз»деген мағынада ) ұсынды. 

 ІІ- оқушы
 Кремнийдің табиғатта таралуы. Табиғатта оттегінен кейінгі көп таралған элемент-кремний. Оның жер қыртысындағы массалық үлесі -25%.Кремний табиғатта тек қосылыс түрінде ғана ,көптеген силикаттар мен барлық өсімдік (әсіресе қырықбуындылар мен бамбук)құрамында кездеседі. Сондай-ақ тірі организмдер мен кейбір микроорганизмдер денесінде де болады. Адам организмінде  де 0,1 процентке жуық кремний болады, оны әзірге биологиялық  ролі белгісіз.

ІІІ-оқушы
  Қолданылуы. Таза кремний көбінесе  темір ,мыс, алюминий ,қорғасын тәрізді әртүрлі құймалар түрінде қолданылады. Аса таза кремний күн фотоэлементтерін даярлауда қолданылады. Күн батареясы  космос корабльдерін  электр энергиясымен қамтамасыз етеді. Кремний шала өткізгіштер –диодтар,триодтар және радиотехникада –қабылдағыш үдеткіштер даярлауда ,әртүрлі приборлар жасауға қолданылады. Шыны,цемент т.б. құрылыс материалдары үшін де кремний қосылыстары қажет.    

Ү.Жұмбақ есеп. Өз білімдерін ортаға салу . 
Реакция теңдеулерін жазу . 
Мен № 4 үйдің  14-ші пәтерінде тұрамын. Көбінесе  8-ші пәтермен араласып тұрамын. Кәдімгі жағдайда №9 пәтермен араласамын. №17, №35 №16 пәтерлермен  араласып тұрамын. Мүмкін болса, осы жұмыстарды жүргіз. 
Жауабы: Si , O  ,F , Cl  ,Br , S. 


ҮІ.Шумақ өлең. Негізгі ойды тауып жаз. 

Кремниймін  құмның негізі бөлігімін,
Серігімін оттек атты элементтің 
Ежелден әйгілімін  қатты затпын
Оттекке қарағанда құрамым аз ,

Жүйеде 4-ші мен тұрамын,
Сыңарыммен бірге әркез тұрамын 
Латынша «Силициум»деп ат берген. 
Гесстің көмегімен ашылдым.

 Жер қыртысында  жиырма бес пайызбын. 
 Құрамында ,құм мен саздың
 шыны ,қыш ,құмыраның  
 Кездесемін біле білсең,достым сен .
Есеп шығару бөлімі.№ 8
Сабақты қорытындылау .
ҮІІ.Т ест сұрақтары                
1.Жер қыртысының негізі 
А) көміртек В) азот С) кремний 
2.Құмның негізі  А) Si В)SiO 2 С) SiO
3.Кремний деген атауды ұсынған ғалым.
 А)Д.И.Менделеев  В)И.П .Павлов  С) Г.И.Гесс 
4. Кремнийдің жер қыртысындағы  массалық үлесі
А)24 % В)25 % С) 27%
5.Периодтық жүйеде кремний қай топта ?А)ІҮ  В)І  С) ІІ
6.Кремнийдің реттік нөмірі А) 12 В)13 С) 14
7. Кремнийдің салыстырмалы атомдық массасы 
А) 24 В)25 С) 28
8. Кремнийдің аллотропиялық түрөзгерісі 
А)аморфты және кристалды  В) иілімді және кристалды С) алмаз және графит 
9.Кремний оттегімен қосылысында неше валентті? 
А)2   В)4    С) 3
10.Кремнийдің латынша атауы
 А)силициум В) аргентум С) гидрогениум 
ЖАУАПТАРЫ :1-С 2-В 3-С 4-В 5-А 6-С 7-С 8-А 9-В 10-А

«Қайда қарасақ та көз жіберсек те көретініміз –химияның ғажайыптары»М.В. Ломоносов.

Бағалау.  Үйге тапсырма. Кремний және оның қосылыстары  № 9


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз