Бохан Силау
Мұғалім портфолиосы А есебі
1–топ үшінші /базалық/деңгей
Көкшетау қаласы
Жай мұғалім хабарлайды,
Жақсы мұғалім түсіндіреді,
Керемет мұғалім көрсетеді,
Ұлы мұғалім шабыттандырады.Ағылшын ағартушысы - Уильям Уорд
Физика пәнін оқытуда ақпараттық технологияларды қолданудың мүмкіндіктері мол. Физика сабақтарында ақпараттық технология оқушылардың шығармашылығын талап ететін жұмыста қолдану тиімді. Бұл жұмыс түрін жүргізгенде оқушылар техникалық құралдарды қолдану арқылы өз жобасын дайындап алдым. Мәселен, сабақта энергияның түрлерімен танысу үшін топ құрылып, тақырып бойынша мағұлмат жинауға, онымен бүкіл сыныпты таныстыру мақсатында балалар бейне жазбадан көрген Эдисон физикасында айтылған мәліметтерді мұхият тыңдады, оқушылар бір-бірінен диолог арқылы сұхбат алып, тақырыпқа байланысты материалдарды суретке түсіріп, бейне материал жинап, сол бойынша өз жобаларын қорғаса ақпараттық-коммуникациялық технологиялар тиімділігі керемет болар еді деп ойлаймын. Осы курстан өту кезеніңде жаңа педогогикалық оқытудың оқушыға тигізер пайдасы көп екенін аңғардым, ал дәстүрлі оқыту кезінде мұғалім тек өзі түсіндіру арқылы кейбір оқушылардың мүмкіндіктерін байқамай қалатынын түсіндім.
Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды тізбектелген сабақтар топтамасына тиімді қолдануға тырыстым. Cебебі осы модульді қолдана отырып уақытты үнемдесем, көрсету арқылы сол материалдың есте сақталуын арттырдым. Бұл жерде "Естісем ұмытамын, көрсем есте сақтаймын" деген Конфуцидың қағидасына сүйенcем болады. Біз Тулвингтің (1985) ұзақ мерзімді жадыны үш компонентке бөлгенін білеміз. Олар: рәсімдік, эпизодтық және cемантикалық жады. Ол эпизодтық жады туралы былай дейді: "Бекітілген және суреттік жадының мәнінің эпизодтық жадыда шектеулері болуына қарамастан ол ұзақ мерзімді жадының маңызды аспектісі болып табылады"-дейді. (МАН 79 бет) оқушы жадысында көрсету арқылы білімді көбірек сақтауына көмектесе аламын.
Тізбектелген сабақтар топтамасындғы бірінші сабағым: «Энергия: Денелердің кинетикалық және потенциялдық энергиясы» тақырыбында өткіздім. Осы сабақта жеті модульді ықпалдастыра кірістіруге тырыстым. Менің таңдаған сыныбымда ынтымақтастық атмосферасы дұрыс қалыптаспаған. Оқушылардың сабақ барысындағы сыйластығы мені қанағаттандырмайтын. Cондықтан сыныптағы ынтымақтастықты қалыптастыру үшін шаттық шеңбер құрып, бір-біріне жақсы тілектер айтуларын өтіндім. Тілектерін айтқан соң «ішкі-сыртқы шеңбер» тәсілі арқылы жұмыс және қуат тақырыптарына қайталау жасату арқылы өткен тақырыпты еске түсірдік. Эдисон физикасындағы энергия түрлері туралы бейне жазба көрсетілді, содан кейін оқушыларға энергия дегеніміз не? Деген сұрақ қою арқылы олардың сыни көзқарасын дамытуды өзіме мақсат етіп алдым. Энергия сөзінің мағынасын ашу үшін әр оқушы жеке-жеке жұмыс жасап өз ойын жеткізуге тырысты. С есімді оқушым бірден энергия дегеніміз не екенін жұмыс істеу кезінде және қозғалыстағы денелердің барлығында энергия болатыны жайында айтты, өз ойын дәлелдеп берді. Содай-ақ М есімді оқушының да өзіндік ойы бар екені, бейне жазбадан берілген мәліметті түсінгені жауап беруінен байқалып тұрды.
Оқушыларымның көзбен көріп тыңдау арқылы, есте сақтау қабілеттерін білу менің басты мақсатым болды.
а) Сергіту сәтін өткіздім. "Сергіту сәті сабақтарыңның тақырыбымен тығыз байланысты болсын", - деген тренеріміз Ботакөз Хамзақызының сөзі есімде қалды.
ә) Танымдық білім бердім. Олар ертеңгі өмірде энергия көздерін қалай тиімді пайдалануға болатыны туралы мағлұмат алды.
Эссе жазу барысында үш-төрт оқушы ғана белсенділік танытты. Себебі қалған оқушылар ақпаратты есте сақтай алмады. Оқушылардың есте сақтау қабілетерінің әртүрлігі анықталды. Қабілеттік танытқан оқушы арқылы қалған оқушылар кестені толтырған кезде мәліметтерді есте сақтауға мүмкіндік бердім. Осы арқылы оқушылардың дарындылық қабілеті де анықталды.
в) Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырдым. Ән айтылып жатқан кезде оқушылар қосылып айтып отырды. Сол кездегі оқушылардың бет әлпетінен достықтың, бақыттың, қуаныштың лебі есіп тұрғандай болды. Мысалы: «Қос қарылғаш», «Бүгін қандай бақытты күн» деген сергіту сәттерін өткізгенде әндерінен жақсы танымдық әсер алды. Осы ақпараттың барлығы көру-есту арқылы қабылданғандықтан бұл эпизодтық жадыда өмір бойы сақталады деп ойлаймын.
"Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану заттар туралы толық түсініктің қалыптасуына ықпал етпегеннің өзінде, қазіргі заманғы инновациялық технологиялар заттар туралы жаңа алуан түрлі түсінік қалыптастыруды және осы түсініктерді басқарудағы ауқымды икемділікті қамтамасыз ете алды. Мұғалім өзі сабақ беретін пәнді ғана емес, оқыту технологияларын қолдану арқылы осы пәнді жетілдіру тәсілдерін де білуі керек" деген. (МАН 64 бет) Яғни, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы біз оқушылардың бойында әр түрлі түсініктердің қалыптасуына ықпал ете аламыз. Осы түсініктерді қалыптастыра отырып, оқушылардың сыни ойлай білуін дамытуға болатыны туралы білдім.
Келесі сабағым: «Ауырлық күші әрекет ететін дененің потенциялдық энергиясы». Деформацияланған дененің потенциялдық энергиясы туралы болды. Бұл сабақта дарынды және таланты баламен қалай жұмыс істеуге болады деп көп ойландым. Өткен сабығыма осы модуль бойынша не жетіспегеніне ой жүгірттім. Алдыңғы сабақта есептер шығару, формуланы дұрыс пайдалана алмауында қиындық келтіргенін, сондықтан оқушылардың есте сақтауын дамытуды жалғастыру керек деген шешімге келдім. Сабақтың мақсаты ауырлық күші және деформацияланған дененің энергиясын анықтай алуы болғандықтан, мәліметтерді есте сақтату маңызды болды. Осы мақсатта кинетикалық энергия және потенциялдық энергия туралы слайд жасадым. Мұнда кинетикалық энергия мен потенциялдық энергияның айырмашылығы туралы көрсетілді. Слайд аяқталғаннан кейін "көршінен сұрап ал" тәсілі бойынша берілген ақпаратты қайталап шықты. Бұл тәсілді таңдауым оқушыларымның диолог арқылы бір-біріне түсіндіру арқылы алған ақпаратты естерінде қалдыра білу керек еді. Барлық оқушыларды өз ойларын бір-біріне еркін жеткізе алды. Оқушылар диолог арқылы бірін-бірі тыңдағаннан кейін өз ойларына ой қоса алды. Содан кейін деңгейлік есептер беріп жеке және топқа түсіндіру жұмысын жүргіздім. Мысалы Д есімді оқушы есте сақтау қабілеті орташа оқушы кезегі келгенде жап-жақсы жауап берді. Деформацияланған дененің потенциялдық энергиясы туралы айтылған ой ол оқушының есінде осы жақсы сақталғаның байқадым. Келесі оқушы шығып жалғастырды, бірақ алдындағы оқушы айтқан ақпаратты қайталамауын өтіндім, оны сыныптастары қадағалап отырды. Біз осылай ақпаратты қайталау арқылы есте сақтау қабілетін дамытсақ, екінші жағынан оқушылардың слайдтағы мәліметтерді қалай меңгергендігін анықтадым. Кезегін күтіп тұрған оқушылар бір-біріне қандай мәліметтерайтқаны өздерінде кездескен сәйкестікпен айырмашылықтар туралы айтып отырды.
Тізбектелген сабақтар топтамасындағы үшінші сабағым «Механикалық энергия. Энергияның сақталу заңы туралы» еді. Бұл сабақтың негізгі тақырыбы – кинетикалық энергия мен потенциялдық энергияның қосындыс механикалық энергияны беретіндігі туралы айтылады.. "Мың естігеннен, бір көрген" артық екенін еске ала отырып Эдисон физикасы арқылы механикалық энергия туралы бейне жазба көрсеттім, осыдан кейін мен оқушыларға энергия көзі жоғалса сіз не істей аласыз деген сұрақ арқылы оқушылардың көз алдына өздерінің не істей алатының әкелу менің мақсатым еді. Себебі сол арқылы алған білімдерін толықтыра түссе, өз ойларын жеткізуге ерік берсем деген ой еді. Слайд барысында энергия сөзінің мағанасын ашатын мақал-мәтелдерді оқушыларға беру арқылы өз ойларын қағазға түсірді. Бұл тәсілді қолданудағы мақсатым энергия ұғымын мақал-мәтел арқылы соған қатысты ақпаратты оқушы бойына сіңіру болды. Ол мәліметтер осы бейнефильмен кейін ой толғау жазу кезінде оқушының қолдануына мүмкіндік жасалды. Сол шығармашылық жұмыстарына осы материалдарды пайдаланса деген мақсат болды. Бұл тапсырма арқылы оқушылардың сөздік қорын көбейтсем соны дамытсам деген ой болды. Бұл әңгімені оқыту және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану бізге мынандай нәтижеге жетуге оң ықпал еткен көмекші құрал болды деп ойлаймын:
Біріншіден, потенциялдық және кинетикалық энергия бейнесін көз алдымызға әкеле отырып, механикалық энергия туралы біле алдық. Себебі бейнефильмдегі жоғарыға лақтырылған доптың кинетикалық энергияда потенциялдық энергияда болатыны жайында көрсетіледі оқушылар дәріс оқығананда көру арқылы есте сақтайды және өмірлік тәжірибеде қолдана алады деп айта аламын. Осы арқылы оқушылар механикалық энергияның сақталу заңын есте сақтауға мүмкіндік алды.
Екіншіден, халық ауыз әдебиеті үлгілерінен осы тақырыпқа байланысты мақал-мәтелдермен танысты, жәнеде сол мақал-мәтелдің мағынасын ашып, физикалық тілде айтылатынын білді. Сол арқылы сөздік қорлары толықты деуге болады. Осы сәт оқушыларға өте қызықты өткені туралы өз пікірлерін айтты.
Үшіншіден, оқушы қиялын дамытуға жағдай жасалды, олар ойлай білді, ойлағандарын қағазға түсіре білді, өзінің не жазғанын сыныптастарымен бөлісе білді. Топпен жұмыста С оқушымның сыныптастарымен қалыспа өз ойын ашық айтып жеткізуге тырысты.
Төртіншіден, осы тақырыпта жазылған ой толғау, тақырып қорытылып сабақ қорытындыланды, жалпы айтқанда сол сабақта алған білімдері жинақталды.
Бесіншіден, ой толғау жазу кезінде шығармашылық қабілеті бар оқушылар бар екенін анықтадым, бұл оқушылар сыныптастарына көшбасшылық таныта білді. Себебі, кейбір оқушылардың сыныптастары жазған ойларын түзету еңгізіп немесе жазып жатқан кезде нұсқау беріп, бағыттап жатқанын байқап отырдым.
Осы сәтте Абай атамыз айтқандай «болмаса да, ұқсап бақ» мен үшін жетістік болып саналады. Бірақ барлығы керемет ой жазды десем артық айтқан болар едім. Мені қуантқаны олардың ынтасы, сабаққа деген қызығушылықтары мен жігерлері болды. Есептер шығару кезінде де оқушыларым көршісінен қалыспай жұмыс жасауға тырысып отырды. Мысалы сол сыныпта М есімді оқушы үлгерімі орташа бір оқушым бар еді. Бұрынғы сабақтарда үндемей отыратындығынан және сабаққа деген дайындығының аздығынан физика сабағынан үнемі «үш» деген баға алатын. Тізбектелген сабақтар топтамасында сол оқушыға үнемі назар аударып жүрдім. Көбінде: «М сен қалай ойлайсың, сенің ойыңша қалай болар еді?»- деп түрткі болып жүрдім. Нәтижесінде ол баланың сыныптастарынан қалыспай нақты жауап бермесе де, өз ойын айтып, белсенділік танытқанын байқадым. Тіпті осы сабақта жақсы оқитын оқушыдан қалыспай постер арқылы тақтаға шығып қорғады. Осы сәтте екі оқушының энергия туралы айтқан ойының көркемдігі, айтылған ойы әр түрлі екені белгілі. Ең бастысы осы сабақ арқылы оның ішінде аталған модуль арқылы оқушы қиялына ерік беріп, ойлауға, ойлағанын қорытып түйіндеуге, оны физика тілмен жеткізе білуге мүмкіндік жасадым. Слайдта көрсетілген «Отты үрлеген жағады, шындықты іздеген табады» деген мақалды оқушылардың шебер талдай білуі менің алдыма қойған мақсатымның бір сәтті орындалғанын көруге болады. Мұндағы бір кемшілігім барлық оқушылардың жұмыстарын тексеруге уақыт аз болғандықтан, барлығымен танысуға мүмкіндік болмады. Сондықтан келесі сабақтарда өздеріне тексерту немесе үздік жақсы ойларды таңдату жолымен анықтау керек деп түйіндедім.
Сабақтар топтамасын практикалық жұмыс: Кинетикалық энергиямен потенциялдық энергиясына есептер шығару мен жалғастырдым. Бұл сабақта ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қалай тиімді қолдануға болады деп көп ойландым. Сол себепті үй тапсырмасын сұрап алу мақсатында мына өлең жолын слаид ретінде пайдаландым. Мерсер сыныпта талқылаудағы дәлелдің үш түрін анықтады: пікірталастық әңгіме, оқушылар бәсекеге қабілетті, басқа адамдардың көзқарасын қабылдауды қаламайды, кумалитивтік әңгіме, оқушылар бір-бірінің үлесін сынамайды және сындарлыққа негізделеді; зерттеушілік әңгіме, ұсыныстаржайында күмән туып, қарсы дау айтылып, негізделген дәлел мен сыни тұрғыдан ойлау арқылы жалғасады деген ./Мерсер 2000жыл М.А.Н 52 бет/
Cұpaқ қойылғaннaн кейiнгi кiдipicпен қaтap, зеpттеуде мұғaлiм, оқушының жaуaбын aлғaннaн кейiн де кiдipic жacaуы кеpек екендiгi aтaп көpcетiлген. Хapгpивc пен Гелтон (2002) (МAН 42 бет)
Оcы жaғдaйды еcкеpе отыpып және Выгодcкийдiң «Жaқын apaдaғы дaму aймaғы» яғни оқушылap тaпcыpмa оpындaудa жaңaны үйpенуде тipек болaтын еpеcектеpдiң қолдaуы мен көмегi кеpек (МAН 39 бет) –деген ойғa негiздеп оқушыларға өткен тапсырма бойынша қайталау әрі өз ойларын қозғау ретінде үйге мынадай тапсырма бердім.
Физика - ол менің үйімде,
Физика - музыка елінде.
Физика - мақал мен мәтелде,
Физика тілімен дәлелде!
Физика - жұмбақ пен әзілде,
Физика – ақынның тілінде,
Физика – жерімде, көгімде,
Осының бәрін сен дәлелде дей отырып әрбір өлең жолы бойынша оқушылардың ойларын сұрап отырдым. Бұл кезде бір оқушым үйде қолданылатын электр энергиясымен жұмыс істейтің құрылғыларға колажжасап әкелсе, бірі домбыра тарту арқылы музыкада механикалық энергия жасалғаны туралы ойын айытты. Үйде дайындап келсе жұмбақтарын бір-біріне жасыру арқылы ой өрістерін дамытамын деп ойлаймын. Әрине сабақта ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану тек бейнефильм көрсету немесе слайд көрсетуден ғана тұрмайтыны белгілі. Технологиялық білімдер-оқытудың қосалқы құралдары туралы білім. Сонымен қатарақпараттық коммуникациялық технологияларға теледидар бағдарламалары, сандық теледидар, ғаламтор, ұялы телефон, ұтқыр қондырғылар, компьютер және ноутбуктер жататынын білеміз. Бұл білімдер технологиялық құрылғылар саласындағы жеткілікті хабарларлықты да, оларды басқаруға ие болуды да меңзейді. Ақпаратты комуникациялық технология оқушыларға ғылыми ұғымдарды түсіндіруді және оларды қабылдауын, түсінуін жеңілдетуге мүмкіндік беріп, мұғалімдерге сабақ беруге маңызды құрал болып табылады. Бірақ, жоғарыда айтылғандай мектептердің материалдық жағдайына байланысты бұл құрылғылардың барлығын қолдануға мүмкіндік болмай отыр. Өзімнің ойымша егер оқушылар ғаламтормен жұмыс істей білсе, компьютерді барлығы бірдей меңгерген болса, тақырыпқа байланысты ғаламтордан материалдар іздеп тапса немесе мұғалім дайындаған материалдарды белгілі бір уақыт ішінде өздері дайындаса оқудың тиімділгі тіптен артады ма деп ойлаймын. Бүгінгі таңдағы ақпараттық технология дамыған ғасырда оқушылардың ойлау қабілетін қалыптастыратын және компьютерлік оқыту ісін дамытатын ақпараттық педагогикалық технологиялардың тиімділігі жоғары деп есептеймін. Жалпы оқушыларға физика сабағын өмірмен байланыстыра отырып тырысамын және де осы дамыған заманда оларды осы физика сабағынан алған білімдерін өмірде қолдандыра білсе екен деймін. Сондықтанда үйге тапсырма беру барысында үнемі күнделікті өмірде қолдану жайлы сұрақтар қоюға және тапсырма беруге тырысамын. «Физика тек қана техникаға алғашқы қадам емес,сондай-ақ адамзаттың ой түпкіріне ашар жол», - деген екен неміс физик–теоретигі, кванттық физика саласы бойынша Нобель сыйлығының иегері Макс Борн. Олай болса,өз ойымды Тұрмағамбет ақынның;
Ақыл-тон, алдағанға тозбайтұғын,
Ғылым - кен күнде өніп қоздайтұғын.
Иелік екеуіне еткендерідің
«Жаны жоқ жер жүзінде озбайтұғын» - деген сөзіммен ойымды қорытындылай келе жаңаны бастау қашан да қиындық әкелетінін, бірақ білім мен тәжірибенің барысында барлығын жеңуге болатынын анықтадым. Дәстүрлі сабаққа жаттығып қалған мен үшін жеті модульді кіріктіре отырып оқыту көп ізденісті, табандылықты, шыдамдылықты қажет ететінін түсіндім. Мұғалім жұмысының тиімділігі оқушыларды оқыту нәтижесіне негізделетінін ескерсек, сыныптағы әр баланың қабілетін ашып, дамыту, ертеңгі жас ұрпақты дайындау жан-жақты, табысты құрастырылған сабақтың нәтижесі болатыны анық. Мектептегі тәжірибе кезіндегі оқыту мен оқудағы жаңа әдіс тәсілдерді осы төрт сабақпен ғана шектеп қоймай алдағы уақытта да тиімді пайдалануға тырысамын.
Сілтемелер:
Мұғалімдерге арналған нұсқаулық 61 бет.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі