Бохан Силау
Мұғалім портфолиосы В2 есебі
1 топ үшінші/базалық/деңгей
Көкшетау қаласы
Сабақ беру жай ғана шеберлік емес,
Ол - жаңадан жаңаны табатын өнер.
Ж.Аймауытов
Мектептегі тәжірибе кезеңінде сабақтар топтамасындағы үшінші сабағымды орта мерзімді жоспар бойынша 7"ә " сыныбында физика пәнінен Механикалық энергия. Механикалық энергияның сақталу заңытақырыбында өткіздім.
Осы сабаққа мынандай мақсаттар қойдым: Механикалық энергияның формуласын анықтайды. Механикалық энергияның сақталу заңын тұжырымдайды.
Осы мақсатқа жету үшін мынандай әдіс-тәсілдерді таңдадым:
Топтық жұмыс - тақырыпты талқылап, пікірлесу арқылы сабақты өздігінен түсінуге жағдай жасау. Өзара сұхбат арқылы оқушылардың оқу дағдыларын жетілдіру, сөйлеу мәнерлерін дамыту. АКТ (бейнефильм) топтастыру арқылы оқушылардың есте сақтау қабілеттерін анықтау. Бұл тәсілдер осы сабақта маған тақырыпты ашуға көмектеседі деген болжам жасадым.
Мұғалім ретінде күткен нәтижем былай болды: Энергияның формуласын, сақталу заңының тұжырымдамасын анықтайды,түсінеді. Оны диолог бойынша талқалайды. Достық ынтымақтастықтары артады.
Сабақ барысындағы ынтымақтастықты қалыптастыру менің негізгі міндеттерімнің бірі болды. Өйткені біздің сыныптағы "достық ахуал" орташа деңгейде еді. Олар өзара "қыздар және ұлдар болып" сыныпта жікке бөлінетін. Бұл жағдай ата-аналар тарапынан да реніш тудыратын. Сондықтан да біріміз ініміз,біріміз қарындас, біріміз ағамыз барлығымыз бір-бірімізге бауырмыз деген идеяны бойларына сіңіру еді. Осы мақсатта ынтымақтастықты қалыптастыру үшіноқушылардың арасында "Бауырыңа қандай тілек айтар едің" тренинг арқылы бір-біріне тілек айтқыздым.
Алдын-ала оқушыларды ішкі–сыртқы шеңбер құрып тұруларын өтіндім. Балалар өз қарсы алдында тұрған сыныптасына шын ниеттерін білдірді деп ойлаймын. Сонан кейін көктемде ең алдымен шығатын қызғалдақ пен бәйшешек гүлдері арқылы сыныпты топқа бөлдім. Ұстаз кез-келген жағдайда шынайы, әділ болуы тиіс деп үнемі тренеріміз ескертіп отыратын. Сондықтан да топқа бөліну оқушылардың қалауымен орындалды. Мұндағы мақсат топта талқылау арқылы сабақтың тақырыбын ашу, мазмұнын өздері түсіну еді. Топқа бөлініп болғаннан кейін сабағымызды бастадық. Өткен сабақта ауырлық күші әрекет ететін дененің потенциялдық энергиясы. Деформацияланған дененің потенциялдық энергиясы. Потенциялдық және кинетикалық энергия бейнесін көз алдымызға әкеле отырып, механикалық энергия туралы біле алдық. Себебі бейнефильмдегі жоғарыға лақтырылған доптың кинетикалық энергияда потенциялдық энергияда болатыны жайында көрсетіледі оқушылар дәріс оқыған анда көру арқылы есте сақтайды және өмірлік тәжірибеде қолдана алады деп айта аламын. Осы сәтте Абай атамыз айтқандай «болмаса да, ұқсап бақ » мен үшін жетістік болып саналады. Бірақ барлығы керемет ой жазды десем артық айтқан болар едім. Мені қуантқаны олардың ынтасы, сабаққа деген қызығушылықтары мен жігерлері болды. Есептер шығару кезінде де оқушыларым көршісінен қалыспай жұмыс жасауға тырысып отырды. Мысалы сол сыныпта М есімді оқушы үлгерімі орташа бір оқушым бар еді. Бұрынғы сабақтарда үндемей отыратындығынан және сабаққа деген дайындығының аздығынан физика сабағынан үнемі «үш» деген баға алатын. Тізбектелген сабақтар топтамасында сол оқушыға үнемі назар аударып жүрдім. Көбінде: «М сен қалай ойлайсың, сенің ойыңша қалай болар еді?»- деп түрткі болып жүрдім. Нәтижесінде ол баланың сыныптастарынан қалыспай нақты жауап бермесе де, өз ойын айтып, белсенділік танытқанын байқадым. Бұл сабағымда мен оқушыларыма автор орындығы арқылы өткен сабаққа қайталау жасаттым. Мен алдын ала А есімді оқушыма автор ретінде тапсырма берген едім.
Бұл тәсілді таңдау себебім, оқушылар өзін автор ретінде қаншалықты жауапкершілік танытатынын білгім келді. Авторлық орындыққа А есімді оқушымның барынша жинақы, қызығушылықпен дайындалғанына іштей риза болдым. Үй жұмысының келесі кезеңі физикадағы энергияға байланысты мақал-мәтелдің жалғастыру болатын. Слайд арқылы мақал-мәтелдер көрсетіліп отырды көрсетіліп отырды, сол жерден оқушылар ары қарай мақал-мәтелді жалғастырып отырды. Бұл әдіс мен үшін бір жағынан уақыт үнемдеу болса, екінші жағынан оқушылардың оқушылардың өткен тақырыпты қаншалықты меңгергенің білуге мүмкіндік берді. Осы кезең бойынша С, А, Ж есімді оқушылардың үй жұмысына деген қызығушылықтары мені қатты қуантты.
Жаңа сабақты бастамас бұрын Эдисон физикасы арқылы оқушыларға бейне фильм көрсетіп алдымда бүгінгі тақырып не туралы екенің сұрап едім. Оқушылар тақырыпты ашуда өздерінің әртүрілі ойларын айта бастады. Білімдерін толықтыру мақсатында, бір топқа «Отты үрлеген жағады», екінші топқа «Азықсыз адам, алысқа бармайды» деген мақалдың мағынасын энергияға байланысты ашуға бердім. Сол кезде оқушыларым энергия туралы өз ойларын жинақтап айтып берді. М: Отты үрлеу арқылы адам баласы жұмыс жасайды, кез-келген қозғалыстағы дүниеде энергия болады. Адам баласы өзіне әлқуатты азық арқылы алады деген сияқты өз ойларын айта бастады.
Сол кезде Ж есімді оқушым апай егер біз футбол добын тепкен кезде доп кинетикалық энергияда, потенциялдық энергияда жасайды екен, сонда ол қандай энергия дегені, бұлда болса сыныптағы еркіндік атмосферасы мен әр оқушыға ойын айтуға мүмкіндік берілуі деп түйіндеуге болады.
Егер дәстүрлі сабақ негізінде жоғарыдағы мәліметерді мен айтып берсем ешқандай нәтиже болмас еді. Сондықтанда берілген сұраққа оқушылардың әрқайсы өздерінің сыни көзқарастарын айта бастады. Әрине бұл жерде сын тұрғысынан ойлаудың маңызы ерекше еді. Топтық талқылау арқылы, әр топ өз түсініктерін айтты. Бірақ олардың ойлары энергия ұғымын ашу маңайында шықты. "Оқушының білім алуын қолдау үшін сұрақ қоюдың түрткі болу, сынақтан өткізу және қайта бағыттау сияқты әртүрлі техникаларын пайдалануға болады" - деген (Мерсер,1995) айтқанын пайдаландым. Мен осы жерде "Кинетикалық энергия мен потенциялдық энергияны қоссақ не болады, физикада қозғалысты қандай физика анықтайды?" деген түрткі сұрағымнан кейін оқушылар сөздің толық мағынасын түсінгендей болды, сабағымыздың тақырыбы ашылды.
Келесі тапсырма оқушылар кітап пен жұмыс жасап өзінің түсінгенін қасындағы оқушыға түсіндірді, содан кейін екі топтан екі оқушы қарама-қарсы топқа барып өздерінің оқығандарын түсіндіріп берді.
7-сынып екенін ескерсек, олардың оқу дағдыларын жетілдіру,формуланы дұрыс пайдаланып есеп шығарту физика пәнінің негізгі міндеттерінің бірі екені белгілі. Сондықтан тізбек арқылы оқыту түрін таңдадым. Оқып шыққаннан кейін әркім өзі оқыған шумақтан түсінгендерін айтып берді. Осы сәтте диалогтық оқыту әдісінінің маңызы ерекше екенін айта кеткім келеді. Осы жағдайда пікірлесу, сұхбаттасу ең тиімді тәсілдің бірі болды. Мұны Мерсер мен Ходжкинсон (2008) дәлелдеген болатын. Олар: "Қазірдің өзінде сыныптағы оқушылардың бірлескен сұхбаты үлкен пайда келтіретіндігін көрсететін жеткілікті дәлелдер бар"-деп мыналарды атайды:
- Оқушылардың тақырып бойынша өз ойларын білдіруіне мүмкіндік береді;
- Басқа адамдарда түрлі идеялардың болатындығын оқушылардың түсінулеріне көмектеседі;
- Оқушылардың өз идеяларын дәлелдеуіне көмектеседі;
- Мұғалімдерге оқушыларды оқыту барысында олардың оқушылары қандай деңгейде екендігін түсінуге көмектеседі, - деп түсіндірген. Осы тұрғыдан алғанда диалогтың маңызы ерекше екенін білеміз. Сондықтан да диалогтық сұхбаттасу оқушылардың білім алуына үлес қосатын тиімді тәсілдің бір түрі екені даусыз. Адамдар арасындағы қарым-қатынас біздің өміріміздің ажырамас бөлігі екенін түсінсек, диалог оқушыларды бір-біріне жақындастырушы, ынтымақтастырушы білім алмасуға көмегін тигізетін кұрал деп білуге болады.
Қазіргі дамыған заманда ғылым мен техниканың біздің өмірімізде алатын орны ерекше екенін түсінеміз. Осы тұрғыдан келгенде қазіргі заманғы оқу үдерісін ақпараттық технологиясыз елестету қиын. Сондықтан да қазіргі өткізілетін сабақтарда ақпараттық коммуникациялық технологияны қолдану білім берудің тиімді құралы, мұғалімнің нақты көмекшілерінің бірі деген тұжырымға келуге болады. Кез келген жаңашылдықтың жақсы немесе кері әсері бар екенін білеміз. Біздің мақсатымыз жаңашылдықты тек тиімді түрде қолдану болады.
"АКТ (Ақпараттық - коммуникациялық технология) оқушыларға ғылыми ұғымдарды түсіндіруді және олардың қабылдауын, түсінуін жеңілдетуге мүмкіндік беріп, мұғалімдерге сабақ беруде көмектесетін маңызды құрал болып отыр. Сондықтан оқыту барысында осы технологияларды тиімді қолдану маңызды болып саналады",-делінген нұсқаулықта. Мен осы сабағымда ақпараттық коммуникациялық технологияны тиімді пайдалануға тырыстым. Себебі ол энергия ұғымының ашуға тығыз байланысты болды. Осы тұста оқушыларыма мақал-мәтелдің мағанасын қалай түсінетіндерін оның бүгінгі біздің сабағымызбен қандай қатысы бар екенін сұрадым. Бірнеше оқушы өз ойларын айтты. Маған М есімді оқушымның жауабы қатты ұнады, мұндай жауапты мен одан күтпеген едім. Содан кейін К есімді оқушым өз ойын айтты. Ойымызды жинақтап алғаннан кейін 5 минуттық бейнефильм тамашалаттым. Онда "Кинетикалық энергия", "Потенциялдық энергия", "Механикалық энергия", сияқты ұғымдар қамтылды. Сосын әрі сергіту сәті ретінде, әрі оқушыларымның, яғни көзбен көріп тыңдау арқылы, есте сақтау қабілеттерін білу менің басты мақсатым болды.Себебі бұл 7-сынып болғандықтан оларды әлі де болса толық танып білген жоқпын. Енді осы ақпараттық коммуникациялық технологияның сабағымдағы тиімділігі туралы айтсам, бір модуль арқылы мен мынандай нәтижеге жеттім:
1) Сергіту сәтін өткіздім. "Сергіту сәті сабақтарыңның тақырыбымен тығыз байланысты болсын", - деген тренеріміз Ботакөз Хамзақызының сөзі есімде қалды. Сол себепті де қамажай сергіту сәтін алдым. Себебі кез-келген қозғалыс энергия береді. Сергіту сәтін бұрын дәстүрлі сабағымда өткізбеген едім, сергіту сәтін өткізу оқушыларға қатты ұнады. Олар апай осы физминутканыізды бізге күнде жасатып тұрыңызшы деп өтінді.
2) Танымдық білім бердім. Олар ертеңгі өмірде энергияны тиімді пайдалану және оның көздерін қалай ашуға болатыны туралы мағлұмат алды. Танымдық білім беру барысында оқушыларға мен мынадай сұрақ қойдым .Егер біздің пайдаланып отырған табиғи энергия көзіміз таусылып қалса сәздер не істей аласыздар ?-деген. Сол кезде оқушылар бір –біріне сұрақтан сұрақ тудыра отырып жақсы пікір талас жасай білді. Сол кезде С оқушым апай бұрын көмір жоқта не жақты деп сұрады. Сол кезде оқушылардың бірі егерде көмір болмаса, энергия көзі азайса тезек жағуға болады ғой. Ал қазіргі кезде электр энергиясын күн көзіненде алуға болады, желмен алуға болады деген өз пікірлерін білдіріп отырды.
3) Дарынды және талантты оқушыларды анықтауға мүмкіндік берді. Себебі, мен жеке тұлға ретінде энергия көзін қалай сақтай аламын деген тақырыпқа оқушылар эссе жазу кезінде бір-екі оқушының ғана көшбасшылық танытқанын байқадым. Мысалы алатын болсам: К есімді оқушым энергия адам өмірінде үлкен рөл атқарады. Қазіргі кезде энергиясыз өмірді елестету мүмкін емес. Сондықтанда біз энергияны сақтай білуіміз керекдеген сөзінен. Оқушылардың есте сақтау қабілеттерінің әртүрлігі анықталды. Сол көшбасшылық танытқан оқушы арқылы қалған оқушылар жазған кезде есте сақтай алды.
4) Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыруға қадам жасалды. Ән айтылып жатқан кезде, оқушылар да қосылып отырды. Сол кездегі оқушылардың бет әлпетінен достықтың, бақыттың, қуаныштың лебі есіп тұрғандай болды.
Келесі тапсырма есеп шығару болды. Бұл кезде оқушылар формуланы тиімді пайдалана алмауы кедергілер келтірді. Осы кедергіден есепті жұптасып шығарып алғанан кейін оқушылар топғы оқушыларға түсіндіру арқылы шықттық. Содан кейін оқушылардың арасынан бір оқушыны көршіге жіберу арқылы тығырықтан шыға білдік.
Жалпы сабақ барысында өз тарапымнан оқушылардың әрбір жауабын мадақтау арқылы, смайлктер арқылы жәнеде оқужылар таныстырылым жасаған кезде бір-біріне екі жұлдыз бір тілек арқылы өз ұсыныстарын беріп отырды. Оқушыларға сабақ барысында өздері-өздері бағалау жұмысы қатты ұнады. Бағалауды оқушының өзіне жүргіздірген кезде оқушылар бағалауды әділ жасауға тырысты.
Сабақтың соңында әр топқа бағалау парақтарын үлестірдім. Оқушылар бағалауды бағдаршам арқылы жүргізді. Оқуды бағалаудың негізгі алғышарттары сабақ барысында түсіндірілген еді. Сол бойынша оқушылар талқылай келе бірін-бірі бағалады. Ол кесте мына үлгіде берілді:
Оқушының аты-жөні |
Үй жұмысы: |
1-тапсырма:. |
2-тапсырма: |
3-тапсырма: |
4-тапсырма |
5-тапсырма: |
6-тапсырма: |
Қорытынды баға |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Бағалаудың басты мақсаттарының бірі - оқытудың қиындықтарын анықтау екені білгілі. Сабақтың қорытындысы бойынша оқушылардың есепті шығару жолдарын түсінуі қиындықтар келтірді. Сондықтан алдағы уақытта осы бағытта жұмысты жалғастыру керек деген қорытындыға келдім. Сабақ соңында бағалау парақтарын жинап алдым, бірақ өз-өздерін бағалауда ауытқушылықтар болғанын анықтадым. Сабақтан кейін бағалаудың шарттары туралы оқушыларыммен кеңесіп, келесі сабақта нақты критерилерге сүйену керектін айттым.
Танымдық даму-баланың оқу және проблемаларды шешу қабілеті. Дәлірек айтқанда, танымдық даму оқуға деген қабілеттілік, сондай-ақ зейн, сөз сөйлеу дағдылары, ойлау, негіздеу және шығармашылық зияткерлік сияқты қабілеттерді дамытуға және тұрақтандыруға қатысты. Аталған зияткерлік қабілеттер ойлау үдерісінің сипаты және жасына қарай олардың өзгеру ықтималдығы туралы маңызды ақпараты бар танымдық даму теориясы шеңберінде сипатталады. /МАН -77бет/
Оқушыларыма алғысымды айтып, үй тапсырмасын бердім. Үй тапсырмасы
Физика – ол менің үйімда,
Физика – музык елінде
Физика - мақал мен мәтелде
Физика тілімен дәлелде!
Физика - жұмбақ пен әзілде,
Физика - ақының тілінде,
Физика жерімде, көгімде,
Осының бәрін сен дәлелде деп осы өлең жолындағы кез-келген өздеріне ұнаған жолды алып мағанасын ашуға бердім. Бұл тапсырманың мақсаты әлі де болса оқушылардың есте сақтау қабілеттерін жаттықтыру керек деген ойда болдым. Механикалық энергия туралы қандай ойлар айтылмай қалды, сондықтан осы туралы ізденуге нұсқау бердім. Әр оқушы берілген өлеңнің әр жолы бойынша өткен тақырыптарға байланысты мысалдар келтіріп келуге бердім. Сабақ өз болжағанымдай өтті, дегенмен бәрі ойдағыдай бола қойған жоқ.
Сабақта не сәтті өтті? Оқушылар бір мақсатқа ұйымдаса білді. Сол мақсатқа жету үшін тиімді стратегияны таңдай білдік. Қандай нәтижеге жету керектігін олар жақсы білді. Бұл біздің орта мерзімді жоспарлау бойынша үшінші сабағым болғандықтан жақсы деңгейде сәтті өткенін байқадым. Өйткені оқушылар сабақ барысында белсене араласып, берілген тапсырмаларды қызығушылықпен және белсенділікпен орындап шықты, сонымен қатар сабаққа қатыспай қалған, қалыс қалған немесе өз ойын айтуға қорқып отырған балаларды байқамадым. Сондықтан да мен сабағымда еркіндік атмосферасын қалыптастыра алдым деп айта аламын. Еркіндік болған жерде оқушы өз ойын бүкпесіз жеткізе алады екен деген қорытынды шығардым.
Сабақта не сәттсіз болды? Топтық таныстырылымда механикалық энергия туралы мәліметтер аз қамтылды. Уақытты тиімді пайдалана алмадым, себебі есепті аяқтай алмай бағалауды қоңырау соғылығанан кейін жасадық. Сондықтан әр тапсырманы уақытында орындауға көңіл бөлу керек деп ойлаймын.
Сабақты жақсы деңгейде өткізу үшін, немесе жақсы нәтижеге жету үшін нені өзгертер едім? Алдағы уақытта нәтижелі сабақтар өткізу үшін тапсырма мазмұнына көңіл бөлемін. Кейбір тапсырмалардың жеке оқушыларға бағытталуын қадағалаймын. Мәселен талантты және дарынды оқушыларға күрделендірілген тапсырмалар беру шығармашылық қабілетін ашатын, оқушы мүмкіндігін көрсете алатын жұмыстар ұйымдастыру керек деп санаймын. Сонымен қатар оқушыларға ойлануға мүмкіндік беру керек деген қорытындыға келдім. Кейбір жайларда оқушыға мүмкіндік бермей өзім айтып қойып жатқан сәттерімде болып қалды. Осындай жағдайда өзіме ұстамдылық жетпей жатқанын білдім. Бұл кемшілігімді алдағы уақытта жоямын деген ойдамын Бұл менің тізбектелген сабақтар топтамасындағы үшінші сабағым болғандықтан, жақсы нәтижеге жеттім деп ойлаймын.
Оқушыларым сабаққа деген көзқарастарын бас бармақ әдісі бойынша қалай түсінгендерін көрсетті. Есебімнің соңын Әбділда Тажібаевтың мына сөзімен аяқтағым келеді «Мектепті сыйлағандықтан, мамандығын жан-тәнімен сүйгендіктен мұғалім ең алдымен өзінің мәдениетін көтеруі керек, дүниеге дегенкөз қарасы биіктеуі керек.» Осы сондықтан жан-жақты білімді, салауатты ұрпақ тәрбиелеу біздің міндетіміз дегім келеді..
Сілтемелер:
Мұғалімдерге арналған нұсқаулық
ФО: Есептің жазбасына көбірек көңіл аударыңыз. Ойынызды жинақтаңыз.
Тексерген: Алкенова Б.Х.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі