Бохан Силау
Мұғалім портфолиосы В3 есебі
1–топ үшінші /базалық/деңгей
Көкшетау қаласы
Бірінші бетпе-бет кезеңінде үйренген теориялық білімді тәжірибеде қолдану мақсатында сегіз тапсырманы алып мектеппен қайта қауыштым. Мектеп әкімшілігіне ең алдымен амандық саулық сұрағаннан кейін, бірінші кезеңде не үйренгенімді, тәжірибеден өтудегі мақсатым алдағы жоспарым жайлы айтып өттім. Мектеп басшылығы мүмкіндігінше қолдау көрсететінін білдіріп, тәжірибені сәтті өткізуіме тілектестігін білдірді. Оқу ісінің меңгерушісі қай сыныппен жұмыс істейтінімді сұрады. Мен 7 сыныпты таңдағанымды, оларды қазірден бастап осы бағдарламаға икемдеп, келесі оқу жылында жұмысты жалғастырсам тиімді болатыны туралы ойымды айттым. Ол кісі мені құптап жұмыс істеу үшін мультимедиялық кабинетті пайдалануыма толық мүмкіндігім бар екенін жағдай жасайтынын айтып өтті. Ендігі менің міндетім бағдарламаның негізгі идеяларын ықпалдастыра отырып, тізбектелген сабақтар топтамасын құру болды. Өзім жетекшілік ететін 7ә сыныбына физика пәнінен орта мерзімді жоспар құрып шықтым. Әрі қарай менің алдымда осы жоспарды іске асыру міндеті тұрды.
Әр сабақты өткізу барысында жеті модульді кіріктіріп, оқушының танымдық қабілетін ашып, оны дамыту үшін іс-әрекеттерін бақылауға алып отырдым. Оқушыларды зерттеу барысында, мынадай нәрселерді көңілге түйдім. Бірінші, әр баланың қабілетіне қарай әдіс-тәсілдерді өзгертіп отыру, екінші – шығармашылық қабілеттерін дамыту, үшінші - жас ерекшеліктерін ескере отырып тапсырмалар дайындау, төртінші – оқушыны өз ойын айтуда шектемеу, бесінші - топтық жұмыс барысында ұйымшылдықпен жұмыс жасауға үйрету.
Аптаның басында оқушыларға алдағы уақытта жұмыстың табысты жүруі үшін топқа бөлініп жұмыс істейтінімізді, сондықтан топ ережесін қабылдау керек екенін түсіндірдім. Ережені қабылдау кезінде өздері құрғаннан кейін оқушылардың алғашқыдай емес, жауапкершілік танытқанын байқадым. Жоспар бойынша құрған төрт сабағымды толық өткізіп шықтым. Бұл өтілген сабақтарда жеткен жетістіктер мен жіберілген қателер де болды. Мен көбінесе тапсырмалардың көптігінен уақыт жағынан ұтылып жаттым. "Адам ештеме істемесе ғана қателеспейді" деген тұжырымға сүйене отырып, өзіме кездескен кедергілерді жеңу жолдарын қарастырып, ескеріп отырдым. Кездескен қиыншылықтар табысқа жетудің негізгі баспалдағы екенін түсіндім.
Екінші бетпе-бет кезеңінің бірінші аптасында серіктестеріммен сабақтарға жеті модульді қалай кіріктіргенімізді, ондағы кездескен қиыншылықтар мен жаңалықтарды бөлістік. Одан әрі сабаққа жазған рефлексивті есептерімізді топта талқылап, есептің соңына қосар ойымыз бен ұсыныстарымызды жазып отырдық. Есепті талқылауға ұсынар кезінде сабақтарымда жеті модульдің кіріктірілгеніне сенімді болсам да, түйінді ойларды аша алдым ба екен деген сияқты күмәнді ойлар мен толқулар болды. Кейбір жағдайларда сабақта бар әдіс-тәсілді, бағдарламаның негізгі міндеттерін өз сабағымыздан нақты көрсетіп беру қиындық келтіріп жатты. Есепті талдауда тренеріміздің көмегіне жүгіндік. Соның нәтижесінде біршама есеп жазуда тәжірибе жинақтадық. Кейін оқушының жасаған іс-әрекетін есімізге түсіре отырып, бағдарламаның түйінді ойлары сабақта бар екенін біліп жаттық. Біріміздің ойымызды біріміз толықтырып, білмегенімізді нұсқаулыққа сүйене отырып, табуға тырыстық. Менің ойымша, біз мұғалімдер оқушыларға ақпаратты қаншалықты мол берсек, жас ерекшеліктерін ескермей, білім деңгейіне назар аудармай соншалықты қайтарым күтетін сияқтымыз. Мұның тасасында оқушы дүниесіндегі танымдық қабілеттері басқа бір қырлары ашылмай қалып жатады. Сондықтан да әріптестерімнің есебін талдау, пікірлесу маған есеп жазуда көмегін тигізді. Әрқайсысының жасаған ұсыныстарын, ойларын ескере отырып, рефлексивті есебімді толықтырып отырдым.
Сабаққа Бағдарламаның бір модулі ақпараттық-коммуникациялық технология қалай және неге енгізілгені туралы рефлексивтік есебімді аудиторияда оқығаннан кейін, серіктестерімнің формативті бағалауларын жазбаша түрде қабылдадым. Серіктестерім есептің жүйелі жазылғанын айтса, тренеріміз «нәтижеңнен қарағанда істеген жұмысыңды, дәлеліңді көбірек көрсет» деп ұсыныс білдірді. Бұл жерде барлығының пікірін есепке алып, есебімді дәлелдей жазуды ескердім. Көмекке жүгінген серіктестеріме де өзімнің түйгенімді, тәжірибеде жинақтаған ойларымды айтып отырдым. Себебі,бұл бағдарлама мені топта бірлесіп, ұйымшылдықпен жұмыс жасауды үйретті, жүйелі жұмыс істеуге жетеледі, "біріміз бәріміз үшін,бәріміз біріміз үшін" жауапты екенімізді сезіндірді.
Содан кейін әр топ жеке-жеке «Мектептегі тәжірибе» таныстырылымын дайындадық. Біздің топқа "Оқыту үшін және оқуды бағалау" таныстырылымы түсті. Топта талқылай отырып Гулнар, Куляш, Айнұр, Рахымжан, Саулет сынды серіктестерімнің ойларын тыңдап, бәріміз бір шешімге келіп, қорғауға Ахметова Айнұр шықты. Таныстырылым болғаннан кейін тренеріміз "жалпы идеамыз жақсы екенің, топпен жұмыс істегендіктен әр қайсымыздың атымыз немесе қолданған әдісіміз жазылу" керектінін түсіндірді.
Таныстырылымдар дайындауда, қорғауда өз ойыма сыни көзбен қарап, өзгенің ойымен салыстыра білуді, нақты бағалап,кері байланыс жасауды үйрендім. Талқылау барысында ақпарат есте көп сақталатынын түсіндім.
Үйге берілген қосымша тапсырмада басқа да серіктестеріміздің таныстырылымын тыңдай отырып, көп тәжірибе жинадым. Оқушыға бағытталған сұрақтың өзі бір нәтиже беретіндей болуы керек екенін, сыныптағы ынтымақтастықтың сабақ барысындағы тиімділігі, топпен екі-үшеуден біріккен жұмыс, жалғыз отырып істеген жұмыстан әлдеқайда жақсырақ шығатынын түсіндім. Сондықтан да балалардың топтық жұмыста неге өздерін еркін, сенімді ұстайтындықтарын білдім. Әріптестерімнің ойы арқылы «Ойын ашып айта алмайтын, баяу оқушыны аша алдым ба?» деп ойландым. Бұрынғы үндемей артта отыратын Е есімді оқушымның таныстырылым барысында белсенділік танытқаны, қателесудің қорқынышты емес екенін түсіне отырып, тәуекелге баруы менің жұмысымның нәтижесі екенін білдім. Нақты міндет үшін арнайы стратегиялардың дұрыс таңдап алынғандығын білдім. Ең таңқаларлығы, бұрынғы дәстүрлі сабақ кезінде артта бұғып отыратын оқушыларым сурет салуға, ақпаратты постерге түсіру кезінде, қорғауда іс-әрекет үстінде көрініп жатты. Бұл менің олардың сабаққа деген қызығушылығын сәл де болса оята алғаным деп ойлаймын. Оқушы бірден сайрап сөйлеп кетпесе де, Мерсердің (2005) тұжырымдамасына сай, ол сыныптастарымен ойын бөлісе алды, өзінің де орны бар екенін, қажеттігін сезіне білді. Бұл жерде мен балалар қаншалықты ұжымдасып, бірлесе отырып жұмыс жасаса, оның ілгері басуына соншалықты әсер ететінін аңғардым. Осы орайда, ұжымдасып еңбек етуде тіл маңызды қарым-қатнас құралы екендігін ұғындым.
Мұғалімнің де біліктілігі, білімі өзі сияқты ұстаздармен пікірталасқа түскенде артып, дамып отырады екен. Осы бағдарлама арқылы біз өз-өзімізді оқытқанымызды аңғардым. Таныстырылымдарды қорғауда, топтаса жұмыс істеу арқылы өз жұмысыма өзім баға беруді үйрендім. Тақырыпты қалай әріптестеріме тиімді жеткізе аламын деп ойлана отырып, сыни ойлауға дағдыландым. Ортаға шығып өз пірімізді қорғау барысында, көп алдында сөйлеуді үйрендім. Мұғалімдермен бірлесе жасаған таныстырылымдар мен топтық жұмыстардың арқасында өзімнің біршама өскенімді байқадым.
Іс-әрекетті зерттеу барысында жинаған фотосуреттер мен бейнежазбалар, оқушы жұмыстары сабақты талдауда пайдалы ақпарат берді. Баланың жан дүниесіне үңіліп, мұғалім әр баланың қабілетіне қарай іс-әрекет жасау керектігін түсіндім.
Білім саласына еніп жатқан өзгерісті көзбен көрдім, тәжірибе барысында оны бойымнан өткіздім, өзімді болашақты өзгертуші, соған үлес қосушы азаматша екенімді түсіндім. Бір ай бойы оқушы рөлінде болып, өзім білім алған уақыттағы оқыту мен қазіргі білім берудің алшақтап кеткенін сезіндім. Осы арқылы ұстаздардың не үшін өзгеруі керек екенін ұғындым. "Бала жасында не көрсе, соны ілетіні" оның баптауымен байланысты болса, оқушы тәрбиелеуде де мұғалім Шульман ілімінің кәсіби түсінігіндегі талапқа сай болуы тиіс деп ойлаймын. Оның үстіне теориялық біліміңді қажетті деңгейде көрсету үшін де үнемі ізденіс, даму үстінде болу керек. Осы бағытта әріптестеріммен желілік қоғамдастық арқылы жұмыс жасап, идеяларымызбен бөлісіп, мәселені шешуде біріге жұмыс жасаймыз деп үміттенемін. Оқу барысында жинаған тәжірибеме сүйене отырып, алдағы уақытта оқушылардың жоғары білімге қол жеткізуіне қолайлы орта қалыптастырып, оның тұрақты болуын қамтамасыз етемін деген ойдамын. Зерттеуші ғалым Стронг айтқандай мектеп жұмысы мен оқушы жетістігін дамытуда негізгі тұлға мұғалім екенін ескерсек жас ұрпақтың ертеңі ұстаздармен байланысты. Ендеше, бізге артылар үміт пен қойылар міндеттің жеңіл емес екенін сеземін.
Сілтемелер:
Мұғалімдерге арналған нұсқаулық
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі