Өлең, жыр, ақындар

Ә.Кекілбай «Тасбақаның шөбі»

Мұратова Ақбаян Мұратқызы
Теміртау көпсалалы
«МИРАС» колледжі ЖММ
арнаулы пән мұғалімі

Бастауыш сынып мұғалімдеріне үлгілік сабақ 4 сынып

Сабақтың тақырыбы: Ә.Кекілбай «Тасбақаның шөбі»

Сабақтың мақсаты: Әңгіменің мазмұны мен негізгі ойын түсіну

Сабақтың міндеттері:

1. Әңгіменің мазмұны мен негізгі ойын бірлесе әрекет жасау арқылы түсіну;
2. Бағыт-бағдар бере отырып өздіктерінен жұмыс істету, ой-өрістерін дамыта отырып, ырымдарды салыстыру, зерттеу, қолдану, бағалауға машықтандыру;
3. Топта өз ойларын, пікірлерін айта білуге тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже: 

1. Әңгіменің мазмұны мен негізгі ойын түсінеді;
2. Ой – өрісін дамыта отырып ырымдарды салыстырады, зерттейді, қолданады, бағалауға машықтанады;
3. Топта өз ойларын, пікірлерін айта білуге, халқымыздың ырым-тыйым сөздерінің мағынасын ұғынып өсуге тәрбиеленеді.

Сабақта қолданылатын көрнекіліктер: тасбақа, автор туралы мәлімет, жан–жануарларға байланысты ырымдар, тірек сызбалар.

Техникалық жабдық: интерактивті тақта, бейнетаспа, үнтаспа.

Сабақтың типі: жаңа сабақ.

Сабақтың түрі: ақпараттық–коммуникативтік.

Сабақта қолданылатын әдістер: «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» жобасының әдістері, іздендіру, шығармашылық, сұрақ–жауап, көрнекілік.

Бағалау: мәнерлеп оқи білуі, сұраққа дұрыс жауап беруі, сабақтан алған әсерін жеткізуі, бес жолды өлең құрастыруы.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі                                                                                                                                     

а) Оқушыларды сабаққа даярлау. Психологиялық даярлық.

Балалар, бүгін бізде ерекше сабақ. Бізге қонақтар келіп отыр. Сендердің білімдеріңді көруге келді. Ендеше қонақтармен амандасайық. 

Шеңбер болып тұрайы
Алақанды ашайық.
Күннің нұрын алайық
Таза ауаны жұтайық.
Жүрекке жылу салайық
Мейірімділік шоғын алайық.
Жиналған жылу шуақты
Қонақтарға шашайық.

2. Үй тапсырмасы тексеріледі.

1 – топ. Несіпбек Айтов туралы айтып беріңдер.                                                             

2 – топ. Өлеңді жатқа айтыңдар. Өлеңде айтылған шілдеханадан басқа тағы қандай тойларды білесің?

3 – топ. Өлең неге «Алтын сөз» деп аталған?  Бата не үшін беріледі, қайда айтылады? Батаның қандай қасиеті бар?

4 – топ. Өздерің білетін баталарды айтыңдар. Жақсы балалар талаптарыңа нұр жаусын!

3. «Мағынаны ажырату» сатысы.    

– Жұмбақ шешеді:                                  

Бауырын жазып шаба алмас,
Озып бәйге ала алмас.
Үстіне киген киімі
Жыртылмас та жамалмас.

Шешуі: (тасбақа)

4. Ой қозғау:

ТАСБАҚА туралы не білеміз? 

Жай жүреді, құрылықта мекендейді, төрт аяқты, жәндік, қосмекенді.

а) Жаңа сабақ тақырыбы, мақсаты таныстырылады. 

ә) Автор өмірінен мағлұмат беріледі.          

Әбіш Кекілбай 1939 жылы Маңғыстау облысының Маңғыстау ауданында дүниеге келді. Қазақтыңбелгіліжазушысы,қоғам қайраткері. Биыл 75 жылтолады. Елбасымызөз қолымен «Еңбек ері» жұлдызын кеудесіне тақты. Тұңғыш өлеңдер жинағы «Алтын шуақ» деп аталады. «Бір шөкім бұлт», «Үркер», «Дала балладалары»т.б. роман, повестері бар. Қазір Астанада тұрады.

2 – сыныпта «Күйші»; 

3 – сыныпта «Ауыл таңы» таныссақ;  

4 – сыныпта «Тасбақаның шөбі» әңгімесімен танысқалы отырмыз.  

б) Әңгіме мазмұнымен танысады.

Үнтаспадан тыңдалады                                             

Абзац бойынша оқиды, түсінгендерін айтады.

5. Түртіп алу жүйесі: Сөздікпен жұмыс жүргізу

Кібіртік – тоқтап сүрініп жүреді
Мимырт – жай жүреді
Сала құлаш – ұзын
Шыбыртқы – шыбық тәрізді таяқ
Көсік – далада, құмдақ жерде өсетін сәбіз тәрізді жабайы өсімдік.

6. Сұхбаттасу 

Оқиға қай кезде болған?
Неге мәтін «Тасбақаның шөбі» деп аталды?
Әңгімедегі Қарабала туралы не айтуға болады?
Осы әңгімеден ойыңа маңызды не сақталып қалды?
Егер сен осы әңгімені жазсаң нені өзгертер едің?

Сергіту сәті

Мынау менің жүрегім
Бәрі осыдан басталған
Мынау басым ақылды
Бәрін осы басқарған
Мынау менің оң қолым
Мынау менің сол қолым
Барлық істі атқарған!

7. Топпен жұмыс. Кубизм әдісін пайдалану                     

1 – топ. Салыстыру. Өтілген сабақтардан, қосымша әдебиеттерден оқыған - білгендерің бойынша теңіз тасбақасы мен мәтіндегі тасбақаны салыстыру.  Айырмашылығын атау.

2 – топ. Зерттеу. Тасбақа жайлы деректер айту                                                                              

3 – топ. Ойды байланыстыру. Жан – жануарларға байланысты қандай ырымдар мен тыйымдарды білесіңдер?

4 – топ. Өз ойыңды жалғастыр… Бір күні орманда шөп жанып кетіп, өрт басталады. Барлық аңдар шошып, қаша жөнеледі. Тек тасбақа өзінің қысқа аяқтарымен алысқа кете алмайды. От тасбақаға жақындап қалады. Ол енді қалай құтылмақ?

- Қорытынды жасалады. «Тасбақа да табиғат»«Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ,  Мұны айтуға табиғаттың тілі жоқ», ендеше табиғаттың жанашыры болуды ұмытпағанымыз жөн.

Сабақты қорыту. 5 – жолды өлең құрастыру

1. Не? Тасбақа
2. Қандай? Сауытты, шегір көзді
3. Не істейді? Тұқшаңдайды, қорғанады, тіршілік етеді
4. Сөйлем. Бақыт арқалаған дала тасбақасы
5. Мағ. Сөз. Қосмекенді       

Асқар
Қағылез, тапқыр   Сезеді, көреді, байқайды.
Шөп арасынан тасбақа көрді
Бала
1. Тасбақа
2. Мықты, киелі
3. Тарбаңдайды, жорғалайды, жүреді
4. Тістеп шыққан шөбі бар
5. Жануар

1. Не? – Тасбақа.
2. Қандай? – Үлкен, қоңыр, шегір көзді.
3. Не істейді? – Тарбаңдайды, бұғады, тұқшаңдайды.
4. Сөйлем. Жусандағы тасбақа.
5. Ол – бақыт арқалаған тасбақа т.б өлеңдерін                                                         

8. Ой толғаныс.

– Балалар сендер өздерің қандай ырым – тыйымдарды білесіңдер?
Кісі мініне күлме, кемтарға күлме
Малды, ыдысты, тамақты теппе.
Табалдырықты баспа, отырма.  
Шашыңды жайма, бетіңді баспа.
Өтірік жылама, тізеңді құшақтама.

- Басқа жан – жануарлар, аңдар, құстар туралы ырымдарды әңгімелейді.   

– Аққуды атуға, оған құс салуға болмайды.
– Қарлығаш жер бауырлай ұшса, көп өтпей жаңбыр жауады.
– Құмырсқаның илеуін бассаң, аяғың ақсақ болып қалады.
– Ат жер тарпыса жолға шығады.
– Ит көкке қарап ұлыса, жамандық болады.

9. Қорытындылау.

– Балалар, бүгінгі сабақта нені түсіндік?   
– Сіздер үшін қандай жаңалық болды?   
– Келесі сабақта не үйренгілеріңіз келеді?

10. Үйге тапсырма. Тасбақаның басқа да тіршілігі жайында іздену.

11. Бағалау.

 


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз