Өлең, жыр, ақындар

Қазақ әліпбиі

Павлодар  облысы
Ертіс ауданы, Ынтымақ ауылы
Ынтымақ негізгі жалпы білім беру мектебінің
Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі
Айтмаганбетова Айнагуль Торшановна

Қазақ әліпбиі

5-сынып

Сабақтың мақсаты:

білімділік – қазақ әліпбиінің құрамы мен ретін және тарихымен таныстыру;

дамытушылық – өз ойларын ұшқыр, ұтымды жеткізу тілдерін дамыту;

тәрбиелік – қазақ әліпбиінің тарихымен таныстыру арқылы өз тілінің тарихын құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың типі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, талдау, ойлау, дәлелдеу.

Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, слайдтар

Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих

Сабақтың барысы: Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

 

І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

1. Бір буынды сөздердің дауысты, дауыссыз дыбыстарын өзгертіп, жаңа сөздер құраңдар: ат, тал, сой, ақ, ес, ін, ұл, күн, қақ, жаз.

2. Мына сөздерді мағынасына қарай мақал-мәтелдерге орналастырып жаз: Тал, мал, бал.

  • Бала тілі ....
  • Бір ...кессең, он ...ек.
  • ... баққанға бітеді.

Қас, тас, бас, жас.

  • Тіл ... жарады, тас жармаса ... жарады.
  • ... кеспек болса да, тіл кеспек жоқ.
  • ... жемісті жұлма, ... баланы ұрма.
  • Анадан артық дос бар ма?

          Ашудан жаман ... бар ма?

ІІІ Жаңа сабақ:

Балалар, «әліпби» дегенді қалай түсінесіңдер, бастауыш сыныпта өткендеріңді еске түсіріп көрейік.

 

Әліпби

 

 
 

 

 

 

 

 

 

Мұғалім сөзі: Әліпби – жазуда қолданылатын әріптердің рет тәртібі дегенді білдіретін араб сөзі.Әріп – дыбыстардың жазудағы таңбасы. Қазақ халқының жазу-сызу араб әліпбиі арқылы қалыптасқан.  Алғашқы екі әріп – «алиф» пен «би» атауларының бірігуінен жасалған. Әріптердің жүйелі тізбегі.

Қазақ әліпбиі тарихының хронологиясымен таныстыру

 

Жылдары

Аталуы

Авторы

1

1912-1929

Араб әліпбиіне негізделген төте жазу, 24 әріптен тұрады

Ахмет Байтұрсынов

2

1929

29 әріптен тұратын латын әліпбиі

Түркі, қазақ зиялылары

3

1940 жылдың қараша айынан бастап, осы уақытқа дейін

Кирилл әліпбиіне негізделген қазақ әліпбиі

Қазақ, орыс зиялылары

 

Кирилл әліпбиіне негізделген қазақ әліпбиінде қазақ тіліне тән тоғыз әріп бар.

Олар: ә,ғ, ң, қ, ө ұ, ү , і, һ. Қалғандары – орыс тілі мен қазақ тіліне ортақ тілдер.

 

ІҮ. Жаңа тақырып бойынша жұмыс.

1. Тапсырма: Ережені пайдаланып кластерді толтыру. (интербелсенді тақатаны пайдалану)

(Баспа түрі, жазба түрі, 42, таңба, 9 төл әріп, орналасу тәртібі бар, бас әріп, кіші әріп)

 

Әліпби

 
  Овал: Әліпби

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2. Тапсырма: Әріптерді әліпби ретімен жазу (Слайдтан тексеру)

Кітаппен жұмыс. 238-жаттығу. Мәтіндегі бас әріппен жазылуға тиісті сөздерді бас әріппен жазу арқылы көшіру.

3. Тапсырма: Жоғалған әріптерді қой. (Интербелсенді тақта арқылы орындалады)

    Қ...за...   ...азба  м...ралар...ны...  к...пш...лігі  ара...  ә...іпби...  арқ...лы біздің  ...ама...ымы...ға   же...ті. 1912 жы...ы  ...хмет Ба...тұр...ынов  а...аб  әліп...иін...   н...гіз...елген  қа...ақ  жазыу...а  ал...аш  ре...орма жа...а...ы.

 

Ү. Бекіту. Мына сөздерді бас әріппен жазып, мағынасында қандай өзгеріс болғанын айтыңдар.

қанат, болат, берік, сәуле, әділ, бек, астана, тараз, раушан, райхан, алтын, күміс, самал, дидар.

ҮІ. Рефлексия: Мына сандардың, мәнісін айтыңдар. Сандар жазылған кесте тақтада ілінген: 

42

40

2.

15

26

1912

1929

1940

ҮІ. Үй тапсырмасы

< >239-жаттығуды берілген шарты бойынша орындау;Басқа тілдегі әліпбидегі әріптердің санын біліп келу.

ҮІІ. Бағалау

Әр оқушы өзін-өзі бағалайды


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз