Сыныбы: |
7 |
|
Пәні: |
Қазақ тілі |
|
Мерзімі: |
|
|
Мұғалімі: |
Қажиякпарова Дидар Көпжасарқызы Алматы қаласы, №90 мамандандырылған мектеп-лицей |
|
Сабақтың тақырыбы: |
Нәтиже сабақ. Елбасы – жастар үлгі тұтатын тұлға! |
|
Сабақтың мақсаты: |
А) Білімдік: «Үлгі тұтамын» тақырыптары бойынша сөздік қорларын бекіту, өз ойларын еркін жеткізе білуге, меңгерген лексикаларын дұрыс пайдалана отырып шығармашылықпен жұмыс істеуге үйрету; «Сан есім және оның мағыналық түрлері» тақырыбынан алған білімдерін жинақтау. Ә) Дамытушылық:тақырып бойынша сұрақ-жауап арқылы белсенділіктерін арттырып, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, өз ойларын сауатты жеткізе білуге дағдыландыру, сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін, дара тұлғаның тілдік қабілетін дамыту; оқушының өз ойын, пікірін, көзқарасын еркін, дұрыс, нақты (ауызша және жазбаша) жеткізе білу дағдыларын жетілдіру; Б) Тәрбиелік: Оқушыларды өзгенің игі істерінен өнеге алуға; еңбекқорлыққа, талаптануға, табандылыққа шақыру. |
|
Сабақтың түрі: |
Игерілген білімді пысықтау |
|
Сабақтың технологиялары: |
Сын тұрғысынан ойлау технологиясы |
|
Сабақта қолданатын әдіс-тәсілдер: |
Сұрақ- жауап, баяндау, салыстыру, қорытындылау |
|
Сабақтың көрнекіліктері: |
Елбасы портреті, кітап көрмесі, плакаттар |
|
Сабақтың барысы: |
||
Күтілетін нәтижелер: |
Мәтінмен жұмыс жасайды, әңгімелеседі,салыстырады,тұжырымдама жасайды, тапсырмаларды орындайды. Өз бетімен жұмыс, қорытынды жасай алады. Сөйлемдерді талдай алады. |
|
Сабақ кезеңдері мен бөлімдері |
Мұғалім әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Ұйымдастыру 3 минут |
Сынып оқушыларымен амандасу Психологиялық ахуал орнату Сабақтың мақсатымен таныстыру Балалар, біз бүгін «Үлгі тұтамын» модулі бойынша және сан есімнің түрлерінен өткенімізді пысықтау, қорытындылау жұмысын жүргіземіз. Сұрақтарға жауап береміз,мәтін бойынша екі түрлі түсініктеме күнделігін толтырамыз, сан есім мен сын есімді салыстырамыз және талдау жұмыстарын жүргіземіз. Ал енді, балалар, сабағымызды бастамас бұрын бір-бірімізге жылы лебіз білдірейік.
|
Оқушылар бір–біріне жылы лебіз білдіреді. |
Үй тапсырмасын тексеру Сұрақ –жауап 6 минут |
Балалар, үйге қандай тапсырма берілді? Ендеше, сабағымызды сұрақ-жауаптан бастайық. 1. Сын есім дегеніміз не? |
Өтілген ережелерді қайталау және «Мен үлгі тұтатын тұлға » шығарма- эссе
|
Венн диаграммасы Сөз таптарын салыстыру 4 минут
|
- Біз сан есімнің алдында қандай сөз табын өттік? - Сын есімді Ендеше, сын есім мен сан есімді салыстырып көрейік. Сын есімнің ерекшеліктерін |
Оқушылар Венн диаграммасын толтырады |
Шығарма –эссе «Мен үлгі тұтатын тұлға» 3 минут |
Жақсы ережеледі еске түсірдік, енді шығармаларымызды оқиық. Оқушылардың шығармалырын тексеру. |
2-3 оқушы оқиды. Сенгвич әдісімен бағалау. Мақтау-сын-мақтау |
Лексикалық тапсырма 5 минут |
Жақсы, балалар, енді 1-тапсырманы орындайық. БББ стратегиясы. «Елбасы – жастар үлгі тұтатын тұлға!» Мәтінмен инсерт немесе түртіп алу әдісін пайдалана отырып, танысамыз.
|
Оқушылар мәтінді оқып, мәтіндегі деректер тұсына «V»-білгенмін,+ «білдім»,- «мен үшін түсініксіз», ?- таң қалдырды белгілерін қояды. Мұғалім сұрауларына жауап береді. - Қандай ақпаратпен бұрын таныс болдың? - Мәтіннен қандай ақпарат алдың? - Не түсініксіз? - Не таң қалдырды? |
7 минут Айтылым, жазылым |
2-тапсырма. Мәтін бойынша екі түрлі түсініктеме күнделігін толтыру. «Елбасы – жастар үлгі тұтатын тұлға!»
|
«Елбасы – жастар үлгі тұтатын тұлға!» мәтіні бойынша екі түрлі түсініктеме күнделігін толтыру Оқушылар мәтіннен өздеріне ұнаған деректерді жазып алып, оң жағына дерек туралы өз ойын жазады. |
Бекіту Елбасы туралы видеоролик 3 минут |
Елбасы туралы видео көрсетіліп, оқушылар Елбасы туралы өз ойын ортаға салады. Мұғалім қорытындысы Иә, өздерің оқып, көргендей Елбасы сегіз қырлы, бір сырлы; ақжарқын, қажырлы жан. Ол біздің қауіпсіз, жайлы өміріміз үшін еңбек етуде. Таң атқаннан кеш батқанға дейін ел қамымен ат үстінде жүрген Елбасының өмірі бізге өнеге. Ендеше, бәріміз елбасындай салауатты өмір салтын ұстанып, сергек, анық ойлы болсақ, көп жетістікке жетеміз. |
|
Талдау жұмыстары Синтаксистік тапсырма 5 минут |
Дәптермен жұмыс. 3- тапсырма. Сөйлемдерді сөйлем мүшесіне тала. Н. Ә. Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысы, Қаскелең ауданы, Шамалған ауылы, Үшқоңыр жайлауында дүниеге келген. |
Тақтаға 2 оқушы шығып талдайды. |
Қорытынды Үй тапсырмасы Рефлексия 6 минут |
«Тәуелсіз тарихы» шығарма. Балалр, бұл модуль бойынша не білідік? Не білгіміз келеді? Қандай сұрақ бойынша қосымша жұмыс керек? |
|
Мұғалім бағалауы 3 минут |
Оқушыларды бағалау. |
|
1-тапсырма. Мәтінді инсерт несесе түртіп алу әдісімен оқы.
Елбасы – жастар үлгі тұтатын тұлға!
Н. Ә. Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысы, Қаскелең ауданы, Шамалған ауылы, Үшқоңыр жайлауында дүниеге келген.
Балалық шағында ол үлкендердің мал бағуына, бау - бақша өсіруіне көмек көрсеткен. Мектепті жақсы оқып, жақсы білім алады.
Еңбек жолын 1960 жылы Теміртау қаласындағы Қарағанды металлургия комбинатында қатардағы жұмысшы болып бастады.
Елбасының бос уақыты жоқ десек те болады.Оның күнделікті жұмыс жоспары алдын ала бір жылға жасалады. Бірақ Президент спортқа әрқашан уақыт табады. Президент халықты бұқаралық спортпен шұғылдануға шақырған. Елбасының айтуынша, бұл “сергектікті, айқын ой мен энергияны сақтау үшін қажет”. Президент бала кезінде күреспен әуестенген. Ал есейген шағынан бастап негізінен үлкен теннисті өзінің хоббиі санады. Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев – гольфшы. Волейбол, футбол ойнап, бассейнде жүзеді, фитнес үйірмесіне барып тұрады, тауда шаңғы тебеді. Тауға өрмелеумен және ат спортымен де айналысады. Елбасы – дойбы, тоғызқұмалақ сияқты спорттың зияткерлік түрлерінің де білгірі.
Нұрсұлтан Назарбаев жас шағында домбыра, гитара, баян, аккордеон, мандолина сияқты музыкалық аспаптарда ойнайды.
Елбасы бірнеше әннің авторы. Олар:“Үшқоңыр”, “Жерім менің”, “Елім менің” әндері. Атамекен, Отан тақырыбына арналды.
Елбасының ғылыми еңбектері де бар. Олар : “Ғасырлар тоғысында”, “Бейбітшілік кіндігі”, “Қазақстан жолы”, “Тәуелсіздік белестері”, “Сындарлы он жыл”, “Жүз жылға татитын он жыл” және т.б.
Біз де Елбасы сияқты шығармашыл, еңбекқор болып, салауатты өмір сүруіміз керек. Сонда ғана біз табысқа жетеміз.
Елбасы – жастар үлгі тұтатын тұлға!
Сөздік: Бұқаралық - массовый, айқын ой - ясная мысль , күреспен- борьба,Тауға өрмелеумен -альпинизм зияткерлік - инеллектуальный, білгір-знаток, рухани мұра – духовное наследие, есейген шағынан- повзрослев, ғылыми еңбек- научная работа, шығармашыл-творческий,салауатты өмір- здоровый образ жизни
2-тапсырма. Мәтін бойынша екі түрлі түсініктеме күнделігін толтыр.
3- тапсырма. Сөйлемдерді сөйлем мүшесіне тала.
Н. Ә. Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысы, Қаскелең ауданы, Шамалған ауылы, Үшқоңыр жайлауында дүниеге келген.
Еңбек жолын 1960 жылы Теміртау қаласындағы Қарағанды металлургия комбинатында қатардағы жұмысшы болып бастады. Бірақ Президент спортқа әрқашан уақыт табады. Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев – гольфшы.
Бағалау парағы
№ |
Аты – жөні |
Сұрақ–жауап |
Венн диаграммасы |
Эссе |
Инсерт |
Екі түрлі түсініктеме күнделігі |
Синтаксистік талдау |
Морфологиялық талдау |
1. |
Аружан |
|
|
|
|
|
|
|
2. |
Денис |
|
|
|
|
|
|
|
3. |
Тұрсын |
|
|
|
|
|
|
|
4. |
Настя |
|
|
|
|
|
|
|
5. |
Демид |
|
|
|
|
|
|
|
Бағалау парағы
№ |
Аты – жөні |
Сұрақ–жауап |
Венн диаграммасы |
Эссе |
Инсерт |
Екі түрлі түсініктеме күнделігі |
Синтаксистік талдау |
Морфологиялық талдау |
1. |
Меруерт |
|
|
|
|
|
|
|
2. |
Назар |
|
|
|
|
|
|
|
3. |
Мария |
|
|
|
|
|
|
|
4. |
Тоғжан |
|
|
|
|
|
|
|
5. |
Валера |
|
|
|
|
|
|
|
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі