ШҚО, Үржар ауданы, Ақшоқы ауылы
«Тұрағұл Қоңыр атындағы орта мектеп-балабақша» КММ
География пәні мұғалімі: Ласпаева Гульмира Хайроллаевна
Сыныбы__7__
Тақырыбы: Африканың физикалық-географиялық орны, материк жағалауын шайып жатқан мұхиттар мен теңіздер. Африканың зерттелуі.
Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға Африканың географиялық орны, зерттелу тарихы, жағалауындағы мұхиттар мен теңіздер жөнінде түсіндіру.
Дамыту: Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелік: Жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру.
Болжамдап отырған нәтиже: Африканың физикалық-географиялық орны, материк жағалауын шайып жатқан мұхиттар мен теңіздер. Африканың зерттелуімен танысқан тұлға.
Сабақтың типі: Жаңа білім беру сабағы
Сабақтың түрі: Аралас сабақСабақтың әдісі:
1. Сұрақ-жауап.
2. Әңгіме-дәріс.
3. Тірек-сызбамен жұмыс.
4. Кестемен жұмыс.
5. Топтастыру.
Сабақтың көрнекілігі: Қосымша деректер, оқулық, кескін карта, карта т.б.
Сабақтың жоспары:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
1. Сұрақ-жауап.
Қорытындылау.
ІІІ.Жаңа сабақ.
1. Әңгіме-дәріс.
2. Топтастыру.
3. Кестемен жұмыс.
4. Тірек-сызбамен жұмыс.
Қорытындылау.
IV. Жаңа сабақты бекіту.
1. Сұрақ-жауап.
V. Қорытындылау, бағалау.
VІ. Үйге тапсырма беру.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын дайындатып, зейіндерін сабаққа аударту.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
1. Сұрақ-жауап.
1. Географиялық зоналық дегеніміз не?
2. Ендік зоналық?
3. Биіктік белдеулік?
4. Табиғат зоналары?
Қорытындылау.
ІІІ. Жаңа сабақ.
1. Әңгіме-дәріс.
Жаңа сабақ әңгіме-дәріс беруден басталады.
2. Топтастыру.
Топтастыру арқылы Африка құрлығының шеткі нүктелерін түсіндіру.
2. Кестемен жұмыс.
Кесте арқылы Африка құрлығының зерттелу тарихын түсіндіру.
Б.з.б. 600 ж. |
Финикиялықтар бүкіл құрлықты айналып шыққан. |
1497-99 ж ж. |
Васко да Гама Африканы айналып өткен. |
1849 ж. |
Давид Ливингстон Оңтүстік Африканы батыстан шығысқа қарай кесіп өткен. |
1855 ж. |
Давид Ливингстон Виктория сарқырамасын ашқан. |
ХІХ ғ. ортасы |
Генри Стэнли Африка көлдерін зерттеген. |
ХІХ ғ. аяғы |
В.В.Юнкер Шығыс және Орталық Африкаға саяхат жасаған. |
1926-27 ж ж. |
Н.И.Вавилов құрлықтың мәдени өсімдіктерін зерттеді. |
3. Тірек-сызбамен жұмыс.
Тірек-сызба арқылы Африка құрлығының жағалауындағы мұхиттарды түсіндіру.
Қорытындылау.
IV. Жаңа сабақты бекіту.
1. Сұрақ-жауап.
1. Африка құрлығының географиялық орны?
2. Африка құрлығының зерттелу тарихы?
3. Африка құрлығының жағалауындағы Атлант мұхиты?
4. Африка құрлығының жағалауындағы Үнді мұхиты?
5. Африка құрлығының шеткі нүктелері?
V. Қорытындылау, бағалау.
VІ. Үйге тапсырма беру.
Үйге: Африканың физикалық-географиялық орны, материк жағалауын шайып жатқан мұхиттар мен теңіздер. Африканың зерттелуі.
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі