Өлең, жыр, ақындар

Б.Соқпақбаев «Компас»

 Шымкент қаласы
№81 Т.Тәжібаев атындағы жалпы орта мектебінің
Бастауыш сынып мұғалімі: Абдуллаева Зылиха

Сабақтың тақырыбы: Б. Соқпақбаев «Компас»

Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: қазақтың көрнекті балалар жазушысы Б.Соқпақбаевтың өмірі мен шығармалары туралы тереңірек таныстырып, мәтінді бөлімдер бойынша әңгімелету, оқушылардың көркем шығармаларды оқуға қызығушылықтарын ояту.
Дамытушылығы: оқушыларға бағыт-бағдар бере отырып, ой-өрісін дамыту, өз беттерімен жұмыс істеуге, топтық  жұмыста шапшаңдық танытуға, өз ойын әдеби тілімен өрнектей білуге машықтандыру.
Тәрбиелігі: өз пікірлерін еркін айтуға, әңгіме арқылы адал болуға, адамгершілікке тәрбиелеу. Жаман қасиеттерден аулақ болуға баулу.

Әдісі: ой қозғау, ұжымдық оқыту әдісі.

Түрі: аралас, дамыта оқыту.

Көрнекілігі: слайд, сабаққа қатысты сызбалар. Б.Соқпақбаев суреті т.б.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі

- Оқушыларды ана тілі сабағына даярлау.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

Б. Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» әңгімесі.

Әңгімедегі басты кейіпкер кім?

Оқушыларға үйге қандай тапсырма берілген екен?

Әңгімеден Қожаның ішкі ойын тауып айт.

Бұл кім? “ Біреуді біреуге атыстырып,от тастап жүретін қу,сабақ үстінде сыбырлап-сыпсыңдағыш.”

Қожа Анфиса Михайлованың сабақ сұрау тәсілін кіммен салыстырады?

Сабаққа дайындалмай келгеніне Қожаның қатты өкінгенін неден байқауға болады?

Қожа болашақта кім болуды армандаған?

Сыныптағы Қожаға ұнайтын қыздың аты кім?

Қожабергеннің осындай болуына кім кінәлі?

Қожа мен Жантасқа мінездеме

 

             ҚОЖА                                               ЖАНТАС

                                 ҰҚСАСТЫҚТАРЫ

III. Жаңа сабақ

Ой қозғау. Қызығушылықтарын ояту.

«Менің атым Қожа» фильмі туралы оқушыларға айту.
- Авторы кім?
- Оның қандай шығармаларын білесіңдер?
- Оқушылар жазушы жөнінде өэ білетінін қағазға түсіреді.                                

Бердібек Соқпақбаев — қазақ балалар жазушысы. Бердібек Соқпақбаев 1924 жылы Алматы облысы Нарынқол ауданы Қостөбе ауылында дүниеге келді. Ата-анасынан ерте айрылған ол кісілердің қолында жүрген. Балалық шағындағы басынан өткен қиындықтар мен жоқшылық жайлы «Балалық шаққа саяхат» кітабында бейнеленген. 1950 жылы «Бұлақ» атты тұңғыш жинағы шықты. Балаларға арнап «Менің атым Қожа», «Аяжан», «Гауһар» т.б. повестер, «Кездесу», «Бозтөбе» поэмаларын жазған. «Қазақфильм» студиясында «Менің атым Қожа» повесі бойынша фильм түсірілді. Абай атындағы Қазақ педагогтық институтының филология факультетін бітірген. Бірнеше жыл ауылда мұғалім болып еңбек етті. «Қазақфильм» киностудиясында редактор болып, «Қазақ әдебиеті», «Балдырған» басылымдарында қызмет етті. Кейін Қазақстан жазушылар одағында балалар әдебиеті бойынша әдеби консультант қызметін атқарды.

IV. Дәптермен жұмыс

Сергіту сәті.

Оқулықпен жұмыс

Мәтінді оқымас бұрын оқушылардың жалпы компас туралы ойларын білу.

- Компас туралы не білесіңдер?

Компасты көрсету, түсіндіру.

- Көкжиек тұстарына байланысты бағытты анықтау-бағдарлау.

- Компастың 4 бағыты бар: солтүстік, оңтүстік, батыс, шығыс.

- Компастың қолданылуы.

Компас - жер бетін бағдарлауға, географиялық немесе магниттік меридианның бағытын анықтауға арналған аспаб. Кішкене дөңгелек қобдишаның ортасында орнатылған тік үшкір иненің үстіне қондырылған магнитті болат тілі болады. Тілдің бір жағы үнемі Солтүстікті, екінші жағы Оңтүстікті көрсетіп тұрады. Қобдишаның сыртқы дөңгелегі градустарға бөлінген (360 º), горизонт жақтарында Солтүстікті, Шығысты, Оңтүстікті, Батысты көрсететін (С.В.Ю.З.) әріптері жазылған.

Берілген мәтінді мәнерлеп оқу.

Мәтінмен жұмыс.

Мәтінді оқып жоспар құру.

А) Компас - сыйлық.

Ә) Боданның Қайраттың компасын ұрлауы.

Б) Боданның ой арпалысы.

В) Компасты суға лақтыруы.

V. Топпен жұмыс

Әр топқа тапсырма беру.

1- топ. Компастың, табиғаттың көрінісін суреттеу.

2- топ. Боданның ішкі ой арпалысы.

3-топ. Боданға мінездеме.

VI. Сабақты қорытындылау

Бес жолды өлең  құрастыру.

Ақылсыз кім?-

Қандай бала?-

Не істеді?-

Ақыры не істеді?-

Неліктен?-

VII.Үйге тапсырма беру.

«Компас» әңгімесін оқу, мазмұнын айту.

 

 


Пікірлер (3)

Не қыласын

Не үшін

Myrza

Өте керемет!

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз