Шымкент аграрлық колледжінің математика пәнінің оқытушысы
Отарбаева Сандуғаш Анарбайқызы
Пән: Математика
Дәрістің тақырыбы: Логарифмдік теңдеу және оларды шешу
Дәрістің мақсаты:
Білімділік: Логарифм ұғымы мен қасиеттерін қайталау, логарифмдік теңдеу және оларды шешу әдістері бойынша білім-білік дағдыларын қалыптастыра отырып, білімдерін нақтылау.
Дамытушылық: Логарифмнің және нақты көрсеткішті дәреженің қасиеттерін қолдана отырып, логарифмдік теңдеуді тиімді әдіспен шеше білуге дағдыландыру. Логарифмдік теңдеуді шешу арқылы пәнге деген қызығушылықтарын ояту, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Соңғы нәтижеге жету жолында табандылық пен жігерлілік көрсете білуге, өзін-өзі бағалай білуге және жекелей жұмыс жасай білуге, ұғымталдыққа, дәлдікке, ұқыптылыққа, іскерлікке тәрбиелеу.
Дәрістің түрі: Теориялық сабақ (аралас сабақ)
Оқыту әдісі: Интерактивті әдіс (түсіндіру, сұрақ-жауап арқылы оқушылардың білімін байқау, ой қозғау, жүйелеу).
Әдістемелік қамтамасыз етілуі:
Көрнекіліктер: Плакаттар, слайдтар.
ОТҚ: Интерактивті тақта
Пән аралық байланыс: Физика, информатика, химия.
Дәрістің құрылымы мен мазмұны
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Оқушыларды түгелдеу, дәрісхана тазалығын тексеру, оқушылардың сабаққа дайындығын бақылай отырып, зейінін сабаққа аудару.
2. Өткен білімдерге сүйене отырып, оқу әрекетін дамыту
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: Өткен тақырып бойынша
1. «Криптограмма» шешу – үй тапсырмасын қайталау, сұрақ-жауап. (Жасырын сөзді табу)
Бұл тапсырма арқылы оқушылар әрбір саннан шыққан үй тапсырмасының сұрақтарына жауап береді және онда берілген жасырын сөзді тауып ұяшықтарға ретімен орналастырады. Сонымен ұяшықтарға сөздерді орналастырып болғаннан соң, сол сөздерді оқып шығып не туралы немесе қандай ереже екенін анықтайды, яғни бұл жасырын сөздерді біріктіріп оқығанда өткен тақырып көрсеткіштік теңдеудің анықтамасы шығады. (Слайд 4-10)
Осы тапсырма арқылы, яғни үй тапсырмасы бойнша білімдерін excel кестесінде бағалап отыру.
«Криптограмма» шешу бойынша үй тапсырмасының сұрақтары.
1. Көрсеткіштік функция дегеніміз не?
Негізі берілген оң сан, ал дәреже көрсеткіші функцияның аргументі болатын өрнекті көрсеткіштік функция деп атаймыз.
2. Көрсеткіштік функцияның қандай қасиеттерін білесіңдер?
1. Функцияның анықталу облысы барлық нақты сандар жиыны.
2. Функцияның мәндерінің облысы барлық оң нақты сандар жиыны.
3. Егер a>1 болса, онда функция өседі.
4. Ал егер 0<a<1 болса, онда функция кемиді.
3. Логарифмдік функция дегеніміз не?
түрінде берілген функцияны логарифмдік функция деп атаймыз.
4. Логарифмдік функцияның қандай қасиеттерін білесіңдер?
1. Функцияның анықталу облысы барлық оң нақты сандар жиыны.
2. Функцияның мәндерінің облысы барлық нақты сандар жиыны.
3. Егер a>1 болса, онда функция өседі.
4. Ал егер 0<a<1 болса, онда функция кемиді.
5. Көрсеткіштік теңдеу дегеніміз не?
Белгісіз шамасы дәреже көрсеткішінде болатын теңдеуді көрсеткіштік теңдеу деп атаймыз.
6. Көрсеткіштік теңдеудің қандай шешу әдістерін білесіңдер?
1. Бірдей негізге келтіру әдісі;
2. Ортақ көбейткішті жақшаның сыртына шығару әдісі;
3. Жаңа белгісіз енгізу әдісі;
4. Графиктік әдіс.
ІІІ. Жаңа сабақ:
Жаңа сабақтың жоспары
Жаңа тақырыптың мақсатын хабарлау және оның жоспарымен таныстыру
1. Логарифмдік теңдеу ұғымы.
2. Логарифмдік теңдеудің формуласы.
3. Логарифмдік теңдеуді шешу әдістері.
4. Мысалдар түсіндіру.
5. «Білім ағашы» ойынында – логарифмдік теңдеуге байланысты берілген есептерді шешу арқылы оқушылардың білімін бағалау.
Бұл ойынның шарты интерактивті тақтада алма ағашы беріледі, сол алма ағашынан қалаған алмаларын таңдап, сол таңдап алынған алмада берілген тапсырманы орындайды, яғни логарифмдік теңдеуге байланысты есептерді шығарады. (Слайд 17-38)
ІV. Жаңа сабақты бекіту: «Ия немесе жоқ» ойыны арқылы жаңа сабақты бекіту. Бұл ойында оқушылар логарифмдік теңдеу және оларды шешу тақырыбы бойынша берілген сұрақтарға ия немесе жоқ деп жауап беруі қажет. (Слайд 39-46)
V. Сабақты қорытындылау. Сонымен, бүгінгі сабағымыз өз мәресіне келіп жетті.
1. Логарифмдік теңдеу дегеніміз не?
2. Логарифмдік теңдеудің жалпы формуласы қандай?
3. Логарифмдік теңдеуді шешудің қандай әдістерін білесіңдер?
4. Логарифмдік теңдеуде негізі теріс сан бола ала ма?
VІ. Оқушыларды бағалау
Үй тапсырмасы сұрақтарына сауатты әрі дұрыс жауап берген оқушыларды, жаңа сабақта белсенділік танытқан оқушыларды салыстыра бағалау.
VІІ. Үйге тапсырма беру.
Логарифмдік теңдеу және оларды шешу тақырыбын қайталап келу.
№520 есепті шығарып келу.
Қолданылатын әдебиеттер:
1. Ә. Әбілқасымова, В. Корочевский, А. Абдиев, З. Жұмағұлова. Алгебра және анализ бастамалары. Алматы «Мектеп» 2011ж.
2. Н.В. Богомолов. Практические занятия по математике. Москва «Высшая школа» 1990ж.
3. А.Н. Колмогоров, М. Абрамов, Ю.П. Дудницын, Б.М. Ивлев, С.И.Шварцбуд. Алгебра және анализ бастамалары. Алматы «Просвещение - Қазақстан» 2002ж.
4. Қ5: А. Әбілқасымова, К. Шойынбеков, З. Жұмағұлова. Алгебра және анализ бастамалары. 11-сыныпқа арналған есептер жинағы. Алматы «Мектеп» 2007ж.
Айнаш
рахмет өте пайдалы әдістемелік әзірлеме