Өлең, жыр, ақындар

Сезім мүшелері

Ақтау қаласы
№22 орта мектеп
Биология-география пәндерінің мұғалімі
Сагитжанова Жаныл Ойдашевна

Алғы сөз

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында оқыту формасын, әдістерін технологияларды таңдауда мұғалімдерге, педагогтарға өзіне оңтайлы нұсқаны таңдап, сабаққа қолдануға мүмкіндік беріп отыр. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып өз сабақтарымда модульдік оқыту технологиясын қолданып келемін.                           

Оқытудың нәтижесін алдын ала болжап, оқушылардың білім алу барысында іздену, зерттеу және өз бетімен  білім алу жүйесін, алған білімін өмірдің жаңа жағдайларына пайдалана білуге дағдыландыру. Оқу модулінің ерекшелігі жалпы санына қарамастан, кіріспе және қорытынды бөлімдерге 1-2 сағат беріледі. Ал, қалған сағаттар сөйлесу бөліміне кетеді.

Мен 8-ші сыныптарға биология пәнінен бірнеше тараулар бойынша модуль құрастырдым. Соның ішінде «Сезім мүшелері» деген тарауды 5 сағатқа бөлдім.1-ші кіріспе бөлімінде мұғалім оқушыларды оқу модулінің жалпы құрылымымен және мазмұнымен таныстырады. Сабақты тірек схема, кесте, суреттер, сызбалар қолдана отырып оқу материалын қысқаша түсіндіреді. 2-ші сөйлесу бөлімінде танымдық процесс сыныпты 5-6 адамнан шағын топтарға бөлу арқылы, оқушылардың өзара әрекет етуінен құрылған. Оқушылардың танымдық қызметі әрбір оқушының әр сабақта үш күрделірек деңгейде берілген оқу материалын тыңдау, жазу, көру, айту мүмкіндігі болатындай етіп құрылған. Сөйлесу бөлімінде алғашында оқу материалын қайта жаңғырту және қарапайым білік пен дағдыны қалыптастыру мақсатында, кейіннен алынған білімді талдау, жинақтау және бағалау мақсатында оқытудың белсенді формалары қолданылады. 3, 4-ші сабақтардан бастап оқушыларға стандарт талаптарына сай сараланған тапсырмалар беріледі Мен өз сабақтарымда «Қарлы кесек», «Брейн-ринг» оқыта үйрету ойындарын қолданамын. Оқытудың белсенді және ойын формаларын қолдану оқу материалдарын қайталауға мүмкіндік береді.  

Оқушылар білімін бағалау деңгейлік тапсырмалар арқылы анықталады.

1-ші деңгей интелектуалдық және креативтік дарынды балаларға арналған шығармашылық және ізденушілік сипаттағы тапсырмалар.

2-ші деңгей стандарт талабына сай алған білімін қолдану және талдау деңгейіндегі тапсырмалар.

3-ші деңгей білім стандартының талаптарын сай қарапайым білім мен түсінік деңгейіндегі тапсырмалар.       

Оқу модулінің қорытынды бөлімі-бақылау. Оқушылардың тақырып немесе тарау бойынша білімін, білігін, дағдысын бағалауда оқу модулінің қорытынды (бақылау) бөлімінде алған бағалары қойылады. Егер сөйлесу бөлімінде оқушыларға үш деңгейдегі тапсырмалар ұсынылса, қорытынды бөлімінде барлық оқушыларға бірдей мемлекеттік білім стадартына сай тапсырмалар беріледі. Мен өз сабақтарымда биологиялық диктант, тест тапсырмаларын бірнеше нұсқамен аламын. Блиц турнир арқылы бұл бір жақты жауаптарды талап ететін бірнеше сұрақтардан құралады. Оқушылардан тек фактілерді білу талап етіледі. Баға бал жүйесімен қойылады. Оқушы білімін бақылаудың формалары ретінде тестік тапсырмалар, бақылау жұмыстары, сынақ, диктант оқу пәнінің ерекшелігіне орай қолданылып, оқу модулінің осы қорытынды бөлімінде беріледі. Сөзімді қорытындылай келе модульдік оқыту  технологиясының бірнеше артықшылықтары бар:                      

1. Уақыт үнемделеді.
2. Мұғалім нұсқаушы қызметін атқарады.
3. Әр түрлі оқу ойындары қолданылады.
4. Оқушылардың танымдық процесі артады.

Модуль  № 2

Тәнтану 8-сынып

«Сезім мүшелері»  5 сағат

Бөлімі

Сабақ саны

Сабақтың мазмұны

Уақыты

Кіріспе

1-ші сабақ

1. Модульдің құрылысымен таныстыру.

2. Тірек-сызбаларымен жаңа тақырыпты түсіндіру.

3. Қосымша оқулықтарымен таныстыру.

4. Үйге тапсырма.

  5 мин

 

37 мин

 

  2 мин

 

  1 мин

 

Сөйлесу бөлімі

2-3-ші сабақ

1. «Қарлы кесек» оқыта үйрету ойыны.

2. Материалды қортындылау.

3. Оқушыларды бағалау.

4. Үйге тапсырма.

80 мин

  3 мин

6 мин

1 мин

4-ші сабақ

1. «Брейн-ринг» оқыта үйрету ойыны (жарыс ойыны).

2. Бағалау.

40 мин

  5 мин

Қорытынды

5-ші сабақ

1. Тест.

2. Биологиялық диктант.

45 мин

Оқушылар меңгеруі тиіс?

1. Сезім мүшелерінің құрылысы мен атқаратын қызметі
2. Сезім мүшелері қызметінің бұзылуының алдын алу және гигиена.
3. Анализатор, рецептор,сезім мүшелері ұғымын ажырата білу.
4. Аккомодация, дыбысты қабылдау, оптика, кеңістіктегі тепе-теңдікті сақтау түсініктерін физика пәнімен байланыстыра түсіндіре білу.

Мақсаты:

Білімділік:

Сезім мүшелерінің құрылысы, атқаратын қызметі, өзара байланыстылығы, адам өміріндегі маңызын түсіндіру.

Дамытушылық:

Қосымша деректермен таныстыру арқылы оқушылардың ой-өрісін дамыту, ізденушілігін қалыптастыру.

Тәрбиелік:

Білімділікке, топпен жұмыс істеуге, гигиеналық ережелерді сақтауға тәрбиелеу.

Сезім мүшелері және олардың маңызы

Көру мүшесінің құрылысы, маңызы.

Көру анализаторы

Қосалқы мүшелер:

1. Бұлшықеттер
2. Май жасушалары
3. Қабық
4. Кірпік
5. Қас
6. Жас безі.

Торлы қабықшаның құрылысы:

1. Таяқшалар (130 млн)
2. Құтышылар (7 млн)
Родопсин (күн сәулесіне сезімтал)
Иодопсин (әр түрлі түстерді сезу, қараңғыда ыдырайды)
Соқыр дақ-көз жүйкесінің рецепторы жоқ көзден шығатын жері.
Сары дақ-жарықты қабылдау сезімі туатын жер.

Көздің құрылысы:

1. Қасаң қабықша                                           8. Көру жүйкесі
2. Нұрлы қабықша                                          9. Бұлшық ет
3. Ақ қабықша                                               10. Кірпік денесі                                                                   
4. Қан тамырлы қабықша                             11. Көз бұршағы
5. Торлы қабықша                                         12. Көз алмасы
6. Сары дақ                   
7. Соқыр дақ

Көз қызметінің бұзылуы, гигиенасы.

1. Туа біткен көз ауруы:  1) Жақыннан көргіштік
                                          2) Алыстан көргіштік                                            
2. Жүре пайда болған көз ауруы   
                                     

Аккомодация – көзден алыс және жақын қашықтағы заттардың торлы қабықшада бейнелеуіне.

Бұлшықет сезімі

Бұлшықеттің жиырылып, созылуы хабарын үлкен ми сыңарына жеткізетін

   Проприорецептор

   - рецептордан  тұрады.

   - бұлшықеттегі рецептор                                 

Сипап сезу

Иіс сезу

Мұрын

Гигиена

1. Әртүрлі өткір иістен сақтану
2. Шаң тозаң, зиянды ұшқыш заттан сақтану
3. Таза ауамен тыныс алу
4. Ауырса дәрігерге көріну

Дәм сезу рецепторы

Тілдің сілемейлі қабықшасының дәм сезу бүртігінде механорецептор

ащы                   

қышқыл             

жылу, қаттылықты сезеді

Тұзды  тұмаудан- дәм сезу, иіс сезу нашарлайды.

 тәтті

2-3 сабақ

«Қарлы кесек» оқыта үйрету ойыны

Құрал-жабдықтар:

1. Үстелдерді белгілеуге арналған сілтемелер
2. Қатысушылар номері
3. Бағыттаушы парақтар
4. Жалпы бағалау парағы

Ойынның жүру барысы:

Үстелді А Б В Г Д  деп белгілеп, әр үстелге 5-6 оқушылардан отырғызылады.

А әріпі бар бағыттаушы парағы меннөмерін алған оқушы А үстеліне, қадғаны сол бағытпен үстелге орналасады. Әр үстелдегі оқушыларға тапсырма беріледі.

1. А үстелі - «Сезім мүшелері, олардың маңызы»
2. Б үстелі - «Көру мүшесінің құрылысы,маңызы»
3. В үстелі - «Көз қызметінің бұзылуы, гигенасы»
4. Г үстелі - «Есту анализаторы, тепе-теңдік мүшесі»
5. Д үстелі - «Бұлшықет, сипап сезу, иіс сезу, дәм сезу рецепторлары»

Оқушылардың сабаққа әртүрлі әдебиеттер, газет журнал материалдарын пайдалануына болады. Оқушы дәптеріне қажет терминдер, ережелерді жазып алады. Барлығына дайындыққа 10-15 минут беріледі. Бөлінген уақыт аяқталған соң 1-тур басталады.

Оқушылар әрқайсысы өздеріндегі бағыттау парағы бойынша жаңа орынға ауысады. Бағыттау парағы бойынша әр үстелде 1-жүргізуші болады, қалғаны сөйлеп, түсіндіреді. Оқушылар соңында ең жақсы сөйлеген ойыншының номерін тұсына белгілейді.1-турға 16 мин. Уақыт беріледі. Ойыншылар ретімен сөйлеуі керек.1-тур аяқталған соң бағыттау парағына сай орын алмастырып, 2-турды бастайды. Барлық тур біткен соң оқушылар орындарына қайта келіп, бағытау парақтарын оқытушыға береді.

Нәтижесі ортақ параққа жазылады.Соңында ең жоғары ұпай жинаған оқушылар, қысқаша түсінігін айтуына болады.

Ортақ бағалау парағы үлгісі

Белгі

- 1

- 2

-  3

- 4

- 5

Топтың ортақ ұпайы

    А

 

 

 

 

 

 

    Б

 

 

 

 

 

 

    В

 

 

 

 

 

 

    Г

 

 

 

 

 

 

    Д

 

 

 

 

 

 

Оқушылар бағалап болған соң, үйге тапсырма беріледі. §   -     оқып қосымша материалдармен дайындалу.

№ А – 1  Бағыттау парағы

Тур

Үстел

Ең жақсы сөйлеген ойыншы нөмірі

1

В

 

2

В

 

3

А

 

4

А

 

5

А

 

№ А – 2  Бағыттау парағы

Тур

Үстел

Ең жақсы сөйлеген ойыншы нөмірі

1

Д

 

2

А

 

3

В

 

4

Б

 

5

В

 

№ А – 3  Бағыттау парағы

Тур

Үстел

Ең жақсы сөйлеген ойыншы нөмірі

1

Г

 

2

Г

 

3

Д

 

4

В

 

4-сабақ

«Брейн-ринг» оқыта үйрету ойыны (жарыс сабақ)

Құрал-жабдықтар:

1. Нөмірлері, жүргізуші белгісі.
2. Бес бөлікті жайма шеңбер
3. Бағалау белгілері (сары, жасыл, қызыл) жарты берлгілер – толықтырушы «5»  «4»  «3»

Ойынның жүру барысы:

Әрбір үстелге 1 жүргізуші және ойыншылар отырғызылады.Әрбір ойыншының өз нөмері болады. Жайма шеңбер үстіне 1,2,3 деңгей сұрақтары бар карточкалар бірінің үсттіне бірі қойылады.

Жүргізуші фишканы лақтырғанда «2» туссе №2 ойыншы, «3» түссе №3 оқушы т.с.с жауап береді. Егер  жауап толық болса, ойыншыға айтуына қарай түрлі түсті бағалар белгісі беріледі.Жауап толық болмаса, кез келген ойыншы толықтырып жарты баға ала алады. Үстіңгі 3 деңгейлік сұраққа дайындалмай жауап беру керек.

2 деңгейлік сұраққа 4-5 минут

1 деңгейлік  сұраққа 7-10 минут  уақыт дайындалуға уақыт беріледі.

Ойын соңында берілген әр түрлі түсті белгілерге қарап бағаланады.

«Брейн-ринг» жарыс ойынына арналған деңгейлік сұрақтар.

1-деңгей

1. «Анализатор», «сезім мүшесі» деген түсініктердің қандай айырмашылығы бар?
2. Көру сезім мүшесінің эволюциясы
3. Есу мүшелері эволюциясы
4. Тері рецепторларының қорғаныштық қызметтері қандай?
5. Тауық пен жапалақтың біреуі неге күндіз, екіншісі түнде көреді?
6. Медицинада құлақ, тамақ, мұрынды емдеуді біріктіріп айтады. Соны қалай түсіндірер едің?

2-деңгей

1. Жақыннан көргіштік, алыстан  көргіштік, дұрыс көрудің бір-бірінен айырмашылығы қандай?
2. Денсаулық сақауда кейде ауру сезумі неліктен пайдалы деп ойлайсың?
3. Тұмау мен ауырғанда неге тамақтың дәмі өзгереді?
4. Теңізшілер, космонавтар, ұшқыштардың неліктен  тепе-теңдік мүшесінің шынықтыруы керек?
5. «Ортаңғы құлақтың қабынуы» қалай болады?
6. Әр түрлі сезім мүшелері тітіркенуінің бір-біріне байланысы қандай?

3-деңгей

1. Көздің құрылысы және атқаратын қызметі?
2. Құлақтың негізгі бөліктерінің қызметі қандай?
3. Теріде қандай рецепторлар бар, олар қандай қызмет атқарады?
4. Тепе-теңдік мүшесінің құрылысы мен маңызы қандай?
5. Иіс сезу, дәм сезу рецепорларының атқаратын қызметі қандай?
6. Рецептор, анализатор дегеніміз не?

 

Оқушының аты-жөні

Баға

Орталық балл

1-тапсырма

2-тапсырма

3-тапсырма

 

1

 

 

 

 

2

 

 

 

 

3

 

 

 

 

4

 

 

 

 

 

Оқушының аты-жөні

                                          Баға

Орталық балл

1-тапсырма

2-тапсырма

3-тапсырма

 

1

 

 

 

 

2

 

 

 

 

3

 

 

 

 

4

 

 

 

 

 

Оқушының аты-жөні

                                          Баға

Орталық балл

1-тапсырма

2-тапсырма

3-тапсырма

 

1

 

 

 

 

2

 

 

 

 

3

 

 

 

 

4

 

 

 

 

5-сабақ Биологиялық диктант

Мүшелерден тітіркенуді қабылдайтын аксон тармақтарының ұшы ______________ деп аталады.

Анализатор үш бөлімнен тұрады: 1)_________________ 2)________________ 3)_________________

Көздің алмасы үш қабықшадан тұрады: ____________________, __________________, _________________

Ораңғы құлақ дыбысы сүйектерінен тұрады: ___________________, __________________, __________________

Тепе-теңдікті сақтайын анализатор     __________________________________

Ауру сезімін қабылдайтын рецептор   __________________________________

Ауыздағы жылуды, қаттылықты сезетін рецептор _________________________

Родопсин сезімталдық заты __________________рецепторында, иодопсин заты __________________ рецепторында орналасады.

             

Биологиялық диктант жауаптары:

1. рецептор 2. Рецептор 3. сезімтал жүйке 4. ми аймағы 5. бұлшық ет 6. май жасушасы 7. қабақ 8. кірпік 9. қас 10. жас безі 11. ақ қабықша 12. тамырлы қабықша 13. торлы қабықша 14. балғаша 15. төстік 16. үзеңгі 17. кіреберіс анализатор 18. ноцицептор 19. механорецептор 20. Аяқша 21. Құтыша.

  

Тест сұрақтары

1. Рецептордың атқаратын қызметі:

   А. Орталық жүйке жүйесінен қозуды мүшеге әкеледі.
   Б. Тітіркенуді қабылдайды.
   С. Сезгіш нейрондардың қозуын, қимыл нейронына береді.
   Д. Қимыл нейроны қозуын сезгіш нейронға өткізеді.

2. Анализатор дегеніміз:

  А. Тітіркенуді қабылдайтын рецептор
  Б. Ми аймағы
  С. Өткізуші сезімталдық жүйе
  Д. Үш бөлімнен тұратын жүйке жүйесі қызметі.

3. Есту мүшесінің рецепторы қайда орналасқан?

   А. Ортаңғы құлақта
   Б. Есту жолдарында
   С. Дабыл жарғағында
   Д. Иірім түтігінде

4. Адамның әр түрлі түсті қабылдауына байланысты ауру түрі:

   А. Гипертония
   Б. Дальтонизм
   С. Анимия
   Д. Гемофилия

5. Тілдің қай жерінде тәттіні сезетін рецептор бар?

   А. Тіл ұшы
   Б. Тіл ортасы
   С. Тіл арты   
   Д. Тіл жаны

6 . Көздің көргіштігін жақсартатын қай дәрумен?

   А. Д
   Б. В
   С. С
   Д. А

7. Есту мүшесі ауруын ата?

  А. Ревматизм
  Б. Скарлатина
  С. Отосклероз
  Д. Атеросклероз

8. Қай рецептор әлсіз қараңғы жарықта тітіркенеді?

   А. Таяқша
   Б. Құтыша

9. Мұрын қуысының сілемейлі қабықшасында қай рецептор орналасқан?

   А. Иіс сезу
   Б. Дәм сезу
   С. Сипап сезу
   Д. Тепе-теңдік

10. Көру рецепторлары қайда орналасқан

    А. Қысаң қабықша
    Б. Торлы қабықша
    С. Нұрлы қабықша
    Д. Тамырлы қабықша

Тест жауаптары:

1) Б   2) Д   3) Д   4) Б   5) А   6) Д   7) Б   8) А   9) А  10) Б

Пайдаланылғанған әдебиеттер:

1. Справочник по биологии Киев... «Наукова душа» 1985 г.
2. Большой справочник биология М.. изд. Дом «Дрофа» 1999 г.
3. «Физиология человека»  А.Г.Хрипкова М.. «Просвещение» 1971 г.
4. Биология в школе. Журнал, 2002 г.
5. «Биология» газет, 2012 г.
6. География, биология, экология Республикалық ғылыми әдістемелік журнал
7. Қазақстан ұлттық энциклопедиясы 1-3 томдар 1998-2001ж


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз