Атырау облысы, Жылыой ауданы,
Тұрғызба ауылы
№4 орта мектептің
қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі
Әнесова Құрма Көпенқызы
Сабақ тақырыбы: |
Синтаксис. Сөз тіркесі туралы түсінік. Есімді, етістікті сөз тіркесі |
Жалпы мақсаты: |
Оқушыларға синтаксис туралы түсінік беру, сабаққа деген қызығушылығын арттыру; Оқушылардың іскерлігі мен біліктілік дағдыларын жетілдіре отырып,ойлау қабілетін,сөздік қорын дамыту; Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дамыту. |
Күтілетін нәтиже: |
Синтаксис. Сөз тіркесі туралы түсінік. Есімді, етістікті сөз тіркесі туралы біледі; Есімді, етістікті сөз тіркестерін ажырата біліп, мысалдар ойлап жаза алады; Сөз тіркестерін қатыстырып ойтолғау жаза алады. |
Сілтеме: |
Қазақ тілі оқыту әдістемесі 7-сыныпқа арналған қазақ тілі оқулығы. Оқулық авторлары: С.Исаев, Г.Қосымова Атамұра 2012 ж Қазақ тілі электрондық оқулығы |
Сабақта қолданылатын материалдар: |
Интерактивті тақта, бағалау парақшалары, стикер, маркер т.б |
Оқыту әдістері: |
Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер, оқытуда АКТ-ны пайдалану, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау. |
Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:
Психологиялық дайындық |
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті |
|||||||||||||||||||
1. Оқушыларды әр түсті стикерлер арқылы 3-топқа бөледі. 2. Оқушылар назарына «Табиғат тамашалары» видеоролигін ұсынады. |
Стикерлер арқылы топтарға бөлінеді. Оқушылардың көңіл күйі көтеріледі. |
||||||||||||||||||||
Үй тапсырмасын тексеру
Ой қозғау |
І бөлім. Түрткі сұрақтар Сөз тіркесі, күрделі сөздер, тұрақты тіркестер туралы ережелерді ойларына түсіртіп, мысалдар ойлату. |
Оқушылар берілген сұрақтарға жауап береді.
Сөз тіркесі, күрделі сөздер, тұрақты тіркестер туралы білетін ережелерін ойларына түсіреді. Мысалдар ойлайды. |
|||||||||||||||||||
Мағынаны тану
«Ойлан, ізден» |
Жаңа тақырыпты меңгерту 1. Синтаксис – гректің «құрау,біріктіру, рет» деген мағынадағы сөзі. Синтаксис - тіліміздегі сөз тіркесі мен сөйлемнің құрылым-құрылысы, басқа да ерекшеліктерін қарастыратын грамматиканың бір саласы. Синтаксис сөйлемді, оның мағыналары мен түрлерін, сөйлемнің қалай құралатынын, яғни сөйлемдегі сөздердің қалай грамматикалық байланысқа түсетінін және оның нәтижесінде сөздердің бір-бірімен тіркесіп қолданылуын қарастырады. 2. Толық мағыналы кемінде екі сөздің өзара сабақтаса, бірі екіншісіне бағына байланысуын сөз тіркесі деп атаймыз. Бағыныңқы сөз Басыңқы сөз темір балға боз інген бес ешкі сол сәт тез жүгірді 3.
4. Сөз тіркестерінен сөйлем жасалады
Топтық жұмыс. Мына екі бағандағы сөздерді мағынасына сәйкес келетін сөздермен байланыстырып сөз тіркесін жасаңдар.
|
||||||||||||||||||||
Сергіту сәті |
«Көңілді күн» әніне сергіту жасату |
Оқушылар сергіп, демалады |
|||||||||||||||||||
Жаттығу жұмысы
|
Жаттығу жұмысы 207-жаттығу. «Шөген» Жаттығуды оқыту. Шөген қандай ойын түрі? 3 топқа сөйлемдер беріп, сөйлем ішінен сөз тіркестерін тапқызып жаздыру. |
Оқушылар сұрақтарға жауап береді.
Сөйлем ішінен сөз тіркестерін тауып жазады. |
|||||||||||||||||||
Қорытындылау |
Өтілген тақырып бойынша білімдерін тиянақтау үшін сауалнама орындату |
Сауалнаманы орындап, бірін-бірі бағалайды. |
|||||||||||||||||||
Үй тапсырмасын беру |
«Мейірімділік» тақырыбына ойтолғау жазып, бірнеше сөз тіркестерін табу. |
Үй тапсырмасын белгілеп алады. |
|||||||||||||||||||
Бағалау |
Мұғалім оқушылардың өзара бағалауларын бақылайды, қорытады. |
Оқушылар өз–өздерін бағалайды. |
|||||||||||||||||||
Рефлексия |
Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстары туралы қысқаша жаздыру |
«Екі жұлдыз, бір тілек » |
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі