Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы
Шалқар қалалық «№1 мектеп-гимназиясы» КММ
Математика пәні мұғалімі: Көпжасарова Нұршаш Сержанқызы
Сабақтың тақырыбы: Тікбұрышты үшбұрышты шешу
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: негізгі тригонометриялық тепе-теңдіктерді білу, өрнектерді ықшамдау,тепе-теңдіктерді дәлелдеу, кейбір қатынастарды меңгерту.
Дамытушылық: тікбұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышының синусының, косинусының, тангенсінің және котангенсінің мәндерін жеңіл табуға дағдыландыру.
Тәрбиелік: жауапкершілікке, өз бетінше еңбек етуге, мейірімділікке, ізеттілікке, тапқырлыққа тәрбиелеу
Сабақтың типі: білімді тиянақтау
Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер: сұрақ – жауап, оқулықпен және өз бетімен іздену, практикада бекіту.
Көрнекілігі: оқулық; слайдтар,интерактивті тақта, үлестірмелі қағаздар
Сабақтың барысы:
Оқушылармен сәлемдесу,түгендеу, кезекшінің міндетін белгілеу. Оқушылардың назарын сабаққа аударту, деңгейлік тапсырмаларымен таныстыру.
1. Нені білу керек? (Пифагор теоремасы)
2. a сүйір бұрышының синусы, косинусы, тангенсі, котангенсі және мәндері
3. Негізгі тригонометриялық формулалар
4. Дөңес төртбұрыштар және олардың қасиеттері
№ 1
Табаны 6 см, бүйір қабырғасы 5 см-ге тең теңбүйірлі үшбұрыштың биіктігін табыңдар.
№ 2
Ромбының диагональдары 16 смжәне 30 см. Оның қабырғаларын табыңдар.
№ 3
Теңбүйірлі трапецияның жоғарғы табаны 60 см, биіктігі 12 см, бүйір қабырғасы табанымен 60 бұрыш жасайды. Трапецияның төменгі табанын табыңдар.
№ 4
Тікбұрышты үшбұрыштың гипотенузасы 20 см, ал іргелес жатқан бұрыштың косинусы 1/2 -ге тең болғанда үшбұрыштың катеттерін табыңдар.
Тест тапсырмалары
1.Тікбұрышты үшбұрыштың гипотенузасы 10 см, кіші катеті 6 см. Екінші катетін табыңдар?
А) 3 см В) 5 см С) 4 см Д) 8 см
2. Тікбұрышты үшбұрыштың катеттері 9 см, 12 см, гипотенузасын табыңдар?
А) 13 см В) 14 см С) 15 см Д) 16 см
3. Тікбұрышты үшбұрыштың гипотенузасы 17 см, бір катеті 15 см. Екінші катетін табыңдар?
А) 8 см В) 10 см С) 2 см Д) 9 см
4. Sin α=√2\2 α=? А) 30 В) 60 С) 45 Д) 90
5. ctg α=1 α=? А) 30 В) 60 С) 45 Д) 90
6. tg45 +sin² 17+cos² 17=? А) 2 В) 1 С) 3 Д) 0
7. α бұрышының синусы деп, ...
А) осы бұрыштың синусының косинусына қатынасы
В) қарсы жатқан катеттің гипотенузаға қатынасы
С) іргелес жатқан катеттің гипотенузаға қатынасы
Д) осы бұрыштың косинусының синусына қатынасы
8. α бұрышының тангенсі деп, ...
А) осы бұрыштың синусының косинусына қатынасы
В) қарсы жатқан катеттің гипотенузаға қатынасы
С) іргелес жатқан катеттің гипотенузаға қатынасы
Д) осы бұрыштың косинусының синусына қатынасы
9. (1-cosα)(1+сosα)=? А) sin ²α В) cos²α С) sin α Д) cos α
10. cos30\sin60 =? А) 0 В) 1 С) 2 Д) 3
Тест кілті: 1) д 2) с 3) а 4) с 5) с 6) а 7) в 8) а 9) а 10) в
Бағалау шкаласы: (10 – 9) - “5” (8 – 7) – “4” (6 – 4) – “3” (3 – 0) – “2”
Үйге тапсырма: есептер жинағынан № 113, 118
Оқушылардың білімдерін бағалау. Сабақты қорытындылау.
Айнахан
Рахмет сізге жұмысыңыздың жемісін көріңіз