Өлең, жыр, ақындар

Ы.Алтынсарин «Өзен» өлеңі

Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Шетпе селосы
М.Атымов атындағы №6 орта мектебі
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Туганбаева Улболсын Салауатовна

Сабақтың мақсаты:     

Білімділік: Ы.Алтынсарин туралы білімдерін кеңейте түсу. Өз бетімен іздене білуге үйрету. Өзеннің адам өміріне,жан-жануарларға,жалпы бүкіл тіршілік иесі үшін қажеттілігі туралы ғылыми түсінік беру. Өлеңнің мазмұнын түсіндіру, идеясын ашу.

Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін, дүниетанымын кеңейту. Оқушылардың ойлау, сезіну, қабылдау қабілеттерін және өзіндік ойын айтып жеткізу мүмкіндігін дамыту.

Тәрбиелік: Қоршаған ортаны сақтауға, табиғатты қорғауға,әсемдікті сезіне білуге үйрету. Адам өмірінің қажетіне жарап тұрған өзеннің пайдасын білуге, оны қорғауға, тазалыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: танымдық сабақ

Сабақтың әдісі: топтастыру, кітаппен, топпен жұмыс, пікір алысу, түсіндіру, талдау.

Пәнаралық байланыс: экология, география

Сабақтың көрнекілігі: Ақынның суреті, «Қазақ хрестоматиясы» оқулығы, А6 кағазы, маркер т.б

Сабақтың барысы:

Оқушылармен сәлемдесемін.

Оқушыларды түгендеймін.

Оқушылардың зейінін сабаққа аударамын.

Оқушыларды үш топқа бөлемін.

Қызығушылықты ояту:

Судың сылдырап ағып жатқан дыбысы естіліп тұрады.

- Балалар, сіздер ненің дыбысын естіп тұрсыздар?

- Сылдырап, тоқтаусыз ағатын не?

- Әрине, өзен. Бүгінгі тақырыбымыз да өзен туралы болмақ.

Үш топқа тапсырма беремін.

Топтастыру әдісі арқылы орындайды.

Қолдарына А 6 қағазы, маркер  беріледі.

(Тапсырмалар алдын-ала үйге берілген, сол бойынша сұралады.)

Білу:

I топ. Ы.Алтынсарин кім? Қандай қызметтер атқарған? Балалық шағы туралы кысқаша мәлімет беріңдер.

II топ. Ы.Алтынсариннің қандай өлеңдерін білесіңдер? Балаларға арнап қандай шығармалар жазды? Ы.Алтынсарин мұраларын топтастырып жазыңдар.

III топ. Ы.Алтынсариннің орыс әдебиетінен аударған қандай көркем шығармалары бар? Аудармаларын топтастырып жазыңдар.

Түсіну:

I топ. Өзен деген не? Өзен қандай болады? Қалай пайда болады? Қазақстанда қандай өзендер бар?

II топ. Өзеннің адамға қандай пайдасы бар?

III топ. Дүние жүзіндегі ірі өзендерді ата. Өзеннің жойылу қаупі қандай?

Талдау: Әр топқа «Өзен» өлеңін бөліп беремін.

1. Өлеңнен түсінгендеріңді өз сөздеріңмен баяндаңдар.

2. Өлеңнің буын өлшемін және ұйқас түрін анықтаңдар.

Сөздік жұмысы:

Өксіген-шөлдеген
Қынарда-жағасында
Жай-орын, қоныс
Жанабында-жанында,маңында

Қолдану: Үш топқа да бірдей тапсырма беремін.

«Судың адам өміріндегі маңызы» тақырыбында шағын эссе жазыңдар.

Жинақтау:

I топ. Су туралы мақал-мәтел айтыңдар.

II топ. Өзеннің табиғаттағы, адам өміріндегі атқарар жүгін ақын қалай көрсеткен?

III топ. Өлеңнің түйіні не? Қорытынды ойы қандай?

Сабақты қорытындылау.

- Міне, балалар, «Судың да сұрауы бар» дегендей, әрқашанда суды үнемді пайдалана білуіміз керек. Табиғат пен адам егіз, табиғатсыз адам өмір сүре алмайды, сондықтан оны аялап, қорғау-баршаның міндеті.

Рефлексия. Сабақ ұнады ма? Не білдім? Несімен ұнамады? Білгім келеді?

Оқушылар өз ойларын ортаға салады.       

Үйге тапсырма

1. Өлеңді жаттау.

2. Ы.Алтынсарин әңгімелерін оқып келу.

Оқушыларды бағалау.

Бағалау парағы бойынша ұпайларды есептеп,жеңімпаз топты анықтау.

Жауаптарына қарай оқушылардың білімдерін бағалау.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер