Қарағанды қаласы
№3 гимназияның
қазақ тілі мен қазақ әдебиеті мұғалімі
Дуанбаева Айзада Кеңеспекқызы
Пәні: |
Қазақ тілі |
|
Сыныбы: |
6 «А» сынып |
|
Мұғалімі: |
Дуанбаева А.К. |
|
Сабақ тақырыбы: |
Сенің сүйікті ісің не? |
|
Сабақ мақсаты: |
Cүйікті іс тақырыбына қатысты жаңа сөздерді қолдау арқылы сөз байлығын ұлғайту. Лексикалық тақырып аясында сын есімнің түрлерін меңгерту. Жаңа тақырып аясында түрлі тілдік тапсырмаларды орындату арқылы шығармашылыққа баулу. |
|
Сілтеме: |
Оқу бағдарламасы, «Қазақ тілі» оқулығы. |
|
Жетістік критерийлері: |
Сабақ барысында қысқа мәтіндерді талдау, сипаттау арқылы өзі қатысатын үйірмелер туралы толық ақпарат бере алады.Тақырып көлемінде шағын сөйлемдерді құрау арқылы тілдесімге түсіп, өзі қатысатын үйірмелерді сипаттайды. |
|
Сабақта қолданылатын материалдар: |
Интерактивті тақта, слайдтар, суреттер, парақшалар, кесте, желім қағаздар. |
|
Оқыту әдістері: |
Түсіндіру, сұрақ-жауап, «Дене мүшеңмен амандас» тренингі, жұптық жұмыс, «Сұхбат алу» дидактикалық ойыны, синквейн, жағдаяттық тапсырма, диалог,»Өрмекшінің торы», «Жағымды сөздер», «Шағын шолу» тәсілдері, сергіту жаттығуы. |
|
Дереккөздері: |
Әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар, сөздік. |
|
Сабақ барысы: |
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті |
Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу |
«Дене мүшеңмен амандас» тренингі. Оқушылармен сәлемдеседі, түгендейді. |
Оқушылар бір-бірімен қол алып, амандасады. Бір-біріне жақсы тілектер айтады. |
Топқа бөлу |
Оқушылардың қаламжарын жинап алып, топқа бөледі. |
Әр оқушы өз тобына жайғасады. |
Өткен сабақты тексеру |
Өткен сабақтың тапсырмасын тексереді. Кемшіліктерді анықтайды, түзетеді, бағалайды. |
Тапсырманы айтады, тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді. |
І. Қызығушылықты ояту |
Оқушылардың жаңа сабаққа деген қызығушылығын арттыру мақсатында ой шақыру сұрақтарын қояды: — Балалар, сендер қандай үйірмелерге қатысасыңдар? Біздің мектепте қандай үйірмелер бар? |
Оқушылар сұрақтарға жауап береді. Сипаттайды. |
ІІ. Мағынаны тану |
1. Сөздікпен жұмыс. Мұғалім интерактивті тақтадан тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырады, аудармасын айтады. Оларды оқиды, оқушыларға қайталатады. |
Тыңдалым. Оқылым. Жаңа сөздерді тыңдайды, мұғаліммен бірге оқиды. Айтылым. Жаңа сөздердің дұрыс айтылуымен ауызша жаттығу жүргізеді. |
Топтық жұмыс |
2. Мәтінмен жұмыс. Айтылым. Қисынды ойлау қабілетін жандандыру үшін 1-тапсырманы орындатады. Әр топтың тапсырмасымен таныстырады. І топ. Мәтінді оқып шығып, класстер құрастыру арқылы баяндау. ІІ топ. Мәтінге сұрақтар құрастырады. ІІІ топ. Мәтін бойынша постер құрастырып баяндау. |
Әр топ өздеріне тиісті тапсырмаларын орындайды. |
Жұптық жұмыс |
«Сұхбат алу». Кім қандай іспен айналысатыны туралы жұптастырып диалог құратады. |
Айтылым. Сүйікті іс туралы досымен әңгімелеседі |
Сергіту |
|
|
|
3. Грамматика. Сын есімнің түрлерін меңгертеді. |
Сын есімнің түрлерін меңгереді. |
|
Жазылым. 2-тапсырманы орындатады. |
Қатыстық сын есім мен сапалық сын есімді екі бағанға бөліп жазады. |
IV. Бекіту |
1. «Өрмекшінің торы» ойынын ұйымдастырады. 2. Интербелсенді тақтадан қатыстық сын есімдерді табады. |
Шеңбер жасап, бірі-біріне домалақ жіпті лақтыра отырып сұрақтар қояды. |
V. Бағалау |
Формативті бағалау. «Шағын шолу» тәсілімен парақшалар таратады. |
Тақырып аясында өзінің есінде қалған сөздерін, сөйлемдерін параққа жазады. |
VI. Үйге тапсырма |
Жаңа сөздерді, ережені есте сақтау. Өздерің барып жүрген үйірме туралы жазып келу. |
Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады |
VII. Рефлексия |
Мұғалім «Жағымды сөздер» тәсілі бойынша сабақтың қалай өткендігін анықтайды. |
Сабақ барысында мұғалім, сыныптастары тарапынан айтылған жағымды сөздерді еске түсіреді, айтады. Желім қағаздарға жазады, тақтаға жапсырады. |
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі