Түркістан қаласы
Некрасов атындағы №9 мектеп-гимназияның
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Жабагиева Данира Рахмановна
Сыныбы: 6
Пәні: Қазақ әдебиеті
Сабақтың тақырыбы: «Жұмбақтар»
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Оқушыларға жұмбақтар туралы толығымен түсінік беру. Сын тұрғысында ой қорытындысын жасауға үйрету. Оқушыларды белгілі бір тақырыпқа байланысты мақал-мәтел айта білуге, жасырылған жұмбақтардың шешімін табуға үйрету.
ә) Дамытушылық: Жұмбақ айту арқылы оқушылардың ақыл-ойын, сана-сезімін, танымдық қабілеттерін, білімділігін, сөз саптауларын дамыту.
б) Тәрбиелік: Халық ауыз әдебиетінің түрлерімен таныстыра отырып, балаларды адамгершілікке, адалдыққа, ата-баба асыл өсиеттерін ұмытпай отыруға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Баяндау, сұрақ-жауап, қызығушылығын ояту, мәнерлеп оқу, топпен жұмыс, ой-толғаныс.
Сабақтың көрнекілігі: тірек сызбалар, кітаптар, кеспе қағаздар, ғажайып алаң, сөздік.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі:
а) Әнұранды орындау
ә) Сәлемдесу
Армысыздар, балалар,
Дайынсыз ба сабаққа?
Әдебиет-сөз өнері,
Сай келейік талапқа.
Бар ма үйден дайындық?
Тапсырмаңыз дұрыс па?
Оқымасаң, ұайым қып,
Тығылмаңыз қуысқа.
Ойымызды айтайық,
Білімімізді байқайық.
Мына отырған ұстаздар,
Қалсын бір сәт марқайып.
Оқушы зейінді тұрақтаған соң, өткен тақырыпты еске алу. Үй тапсырмасын сұрамас бұрын оқушыларды екі топқа бөлемін.
1. Талап тобы
2. Еңбек тобы
Сабақтың жоспары:
1. Қайталау – оқу анасы.
2. Жеті жұрттың тілін біл.
3. Жаңа сабақ құпиясы.
4. Ғажайып алаң.
5. Білімді мыңды жығар.
6. Жыл мүшәйрасы.
7. Біліміңді байқап көр.
«Қайталау – оқу анасы». Үй тапсырмасы мақал-мәтелдерді сұрау.
2. Жеті жұрттың тілін біл. Екі топтағы оқушыларға кеспе қағазын таратамын. Оқылған мақалдағы айтылмай қалған сөзді тауып айту, орысша, ағылшынша баламасын табу.
а) Жігітті намыс өлтіреді, ... қамыс өлтіреді.
(қоян-заяц-hare)
ә) Баланың тілі - ...
Ананың сүті - ...
(бал-медь- huny)
б) Жалғыз жүріп ... тапқанша
(жол-дорого-road)
в) Оқусыз ... жоқ, ... күнің жоқ.
(білім-знание-knowiеdge)
3. Жаңа сабақты түсіндіруде «Жаңа сабақ құпиясы» парағын ашамыз.
- балалар, бүгінгі біздің жаңа сабағымыздың тақырыбы «Жұмбақтар».
Қазақ ауыз әдебиетінен орын алған және ерте заманнан бастап бүгінгі күнге дейін даму, өсу үстінде келе жатқан жанрдың бірі жұмбақтар. Ол барлық елдің ауыз әдебиетіне ортақ жанр. Халық шығармасының жұмбақ түрін зерттеген ғалымдардың айтуына қарағанда, жұмбақ ертедегі адамдардың еңбек-кәсіп ету, тұрмыс-тіршілік құру тәжірибесінен туған.
Алғашқы кезде адам баласына дүниедегі заттардың, жаратылыс құбылыстарының барлығы, олардың сыры, неден жасалатындығы мәлім болмаған, жұмбақ болған. Бірақ адам баласы сол жұмбақты шешуге тырысқан, білу жолын қарастырған, айнала қоршаған жаратылыс дүниесін, оның құбылыстарын, еңбек-кәсіп құралдарын, әр түрлі хайуанаттар жайын бір-біріне ұқсас белгілеріне қарап, олардың қандай зат екендігін, неден шыққандығын анықтаған. Жұмбақтардың алғашқы үлгілері осылай шыққан.
Жұмбақ заттың өзін айтпай, оның түр-түсін, сыртқы белгілерін, жұмбақ болып отырған затқа ұқсас жақтарын сипаттайды, ал заттың өз атын жасырын ұстайды.
Сондықтан да ойға алған нәрсенің өзін айтпай, оның сырт көріністерін, сыртқы белгілерін қысқаша сипаиттауды, солар арқылы жұмбақ етілген затты табуды жұмбақ дейміз.
Тірек сызба.
Халық ауыз әдебиетінің түрлері:
1) Жұмбақтар
2) Мақал-мәтелдер
3) Аңыз–әңгімелер
4) Айтыс өлеңдер
5) Батырлар жыры
6) Ертегілер
Сөздік жұмысы.
Тіршілік-быт, жизнь
Байқау-наблюдательность
Тапқырлық-находчивый
Жүйрік-быстрый, стремительный
4. Ғажайып алаң.
1-кеспе қағаз
Жер үстінде бір бәйтерек,
Оның бар он екі бұтағы.
Әрқайсында отыз жапырақ,
Отызының бір жағы ақ, бір жағы қара.
(Бәйтерек-жыл, он екі бұтақ-он екі ай, 30 – жапырақ – бір ай, бір жағы ақ – күн, бір жағы қара – түн.)
2-кеспе қағаз
Бір жайын тынбай жүзер дөп-дөңгелек,
Ұясы үш жүз алпыс, бөлек-бөлек,
Сөткеде жиырма төрті жұмыртқалап,
Ақ, қара қанаты бар, бір көбелек.
Тағы да нұрға толмақ асыл шөлмек,
Таусылып алмағайып қайтып келмек.
Әлемде алты арыстан ысқырғанда,
Жиылып құрт-құмырсқа бәрі де өлмек
Айтуға сонда қиын болғанмен де,
Тұрады барлығын да заңы билеп.
(Жайын-бір жыл, 365 ұя – 365 күн, 24 жұмыртқа-24-сағат, бір көбелек - бір ай.)
5. Білімді мыңды жығар. Екі топ бір-біріне жұмбақ жасырады.
Асқар тауда қара орман (шаш)
Екі бала қатар тұрса да,
Бірін-бірі көрмейді. (көз)
6. Жыр мүшәйрасы. Екі топқа жұмбақ жасыру, сол жұмбақтың шешуіне байланысты ақын ағаларымыздың өлеңдерін мәнерлеп оқу.
Жиып-теріп болатын,
Қамбаға астық толатын
Қызыл қырман ойнайтын,
Қай мезгіл деп ойлайсың? (күз)
Жағалай-жағалай тас қойдым,
Жирен атты бос қойдым. (тіл)
7. Біліміңді байқап көр. Бекіту сұрағын беру үшін «Біліміңді байқап көр» парағы ашылады. Міне, балалар, біз бүгін халық ауыз әдебиеті түрлерінің бірі жұмбақтар туралы танып білдік.
1. Сонымен бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы не?
2. Жұмбақтар қандай тақырыптарда айтылған?
3. Жұмбақтар адамның несін дамытады?
4. Адамды неге үйретеді?
Ерімбет
Әміреев +77771793075