Түркістан қаласы
Некрасов атындағы №9 мектеп-гимназияның
қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі: Абдулханова Шынар Абдибаевна
Қысқа мерзімді ашық сабақ жоспары
Сабақ тақырыбы: Кітап дүкені
Сабақ мақсаты: Сын есімді қайталай отырып сөйлем ішінен анықтауға үйренеді. Мекен үстеуді сөйлем ішінен таба білуге үйренеді. Мәтінге сұрақ дайындауды үйренеді.
Күтілетін нәтиже: Жалғау түрлерін ажырата алады."Кітап дүкені" тақырыбы бойынша диалог құрай алады. Берілген сөз тіркестерінен сөйлем құрай алады. Мәтіндегі сөйлемдерді сөз құрамына талдай алады.
Ресурстар: 6 сынып "Қазақ тілі" оқулығы, флитчарттар, суретті кеспелер, слайд, гүл, жүрекше парақтар, орамал, бағалау парағы.
Қолданылатын әдіс-тәсілдер: Шаттық шеңбері, миға шабуыл "Мина" әдісі, РАПТ әдісі.
Жоспарланған уақыт |
Жоспарланған жаттығу түрлері |
Ресурстар |
|
2 минут
4 мину 2 минут Миға шабуыл |
Ширату жаттығуы: Шаттық шеңбері. Оқушылар бір-біріне гүл беру арқылы жылы лебіз білдіреді. Жасыл, қызыл түсті парақшалармен топқа бөлінеді. "Мина" әдісі арқылы үй тапсырмасын пысықтау. Сұрақтар жазылған парақшалар домалақтап жерге тасталады, оқушының көзін орамалмен байлап, миналардың үстінен жүреді. Басқан минаның сұрағына жауап береді. - Кітап дүкеніне барғанды ұнатасыздар ма? - Біздің қаламызда кітап дүкендерін атаңыз. |
Гүл, жүрекше парақтар, жасыл, қызыл парақшалар
Парақшалар, орамал |
|
Тапсырма |
|||
1-тапсырма
7 минут |
Мәтінді оқып, мекен үстеуі бар сөйлемдерді теріп жазады. Мәтіндегі сөйлемдерді сөз құрамына талдау жасайды. Біздің ең үлкен дүкеніміз қаланың ортасында орналасқан. Ол дүкен өте бай. Онда көркем әдебиет, балалар, ауыл шаруашылық т.б. бөлімдер бар. Бір бөлімінде балаларға арналған неше түрлі энциклопедиялар тұр. Мен дүкенге барғанда, балаларға арналған "Заманауи жетістіктер" атты танымдық энциклопедия сатып алдым. Біз осында жиі келіп тұрамыз, себебі мұнда жаңа, қызықты кітаптар жиі түсіп тұрады. |
Слайд, суреттер, "Кітап дүкені" 46-бет |
|
Бағалау критерийлері |
Дескрипторлар |
|
|
Мәтінді оқып, сөз құрамына талдау жасай алады. |
1. Мәтінге сұрақтар дайындайды. |
1 |
|
2. Мәтіннен мекен үстеуді теріп жазады. |
2 |
||
3. Сөз құрамына талдау жасайды. |
3 |
||
Сергіту сәті 2 минут |
"Картоп егу" сергіту сәтін орындау. |
||
Тапсырма |
|
|
|
2-тапсырма 7 минут |
Диалогті әрі қарай жалғастырып, сұхбат құрау. Қарамен жазылған сөздер қандай сұраққа жауап беретінін анықтайды. - Кітап дүкеніне кірейік. - Бұл жерден не сатып алғың келеді? - Маған қазақ тілі оқулығы керек. - Жақсы ішке кірейік. |
Оқулық 47-бет Диалог |
|
Бағалау критерийлері |
Дескрипторлар |
|
|
Сұхбат құрап, мекен үстеулерге сұрақ қояды. |
1. Сұхбат құрайды. |
1 |
|
2. Мекен үстеулерді таба біледі. |
2 |
||
Тапсырма |
|||
3-тапсырма 8 минут |
РАПТ әдісі бойынша мәтін жазу |
|
|
Бағалау критерийлері |
Дескрипторлар |
|
|
Тақырып бойынша мәтін құрастыра алады. |
1. Мазмұны бойынша түсіндіреді. |
1 |
|
2. Мәтін құрастырады. |
2 |
||
7 минут |
Презентация 1-топ
2-топ |
Плакат |
|
Қорытынды 3 минут
Бағалау 2 минут
Үй тапсырмасы 1 минут |
Мекен үстеуге арналған сұрақтармен қорытындылау
Топбасшы бағалау парақтарына баға қояды. Қорытынды бағаны шығарады.
3-тапсырма Сөз тіркестерінен сөйлемдер құрау. Жоғары көтеріл, төмен түс, ішке кір. |
Бағалау парақтары
Күнделік |
|
Саралау Оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түсіндіресіз? |
Дарынды оқушыға жеке тапсырма беріледі. Тірек сызба жасау. |
Кеспе |
|
Рефлекция Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма? Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма? |
Сабақта бағдарлама іске асты. Ойлаған мақсатыма жеттім. Жеке оқушылармен жұмыс жүргізілді. |
|
|
Кері байланыс Қандай екі нәрсе табысты болды? Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды? |
Миға шабуыл "Мина" әдісі. РАПТ әдісі |
|
камшат
Өте жақсы деп айтуға болады
Лаззат
Маған қатты ұнады.