Жаңаөзен қаласы, №12 бастауыш мектебінің мұғалімі
Джанаева Сандуғаш Изтурганқызы
Сабақтың тақырыбы: Сөйлемнің дара және күрделі мүшелері. 35-40 жаттығулар
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушыларды сөйлемнің дара және күрделі мүшелерімен таныстыру, құрамынада күрделі мүшесі бар сөйлемдер құрастыра білуге үйрету.
2. Дара және күрделі мүшелерді ажырата білу дағдыларын дамыту, сауатты әрі көркем жазу дағдыларын қалыптастыру.
3. Тиянақтылыққа, зейінін тұрақтылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, қайталау, салыстыру, ізденушілік.
Сабақтың көрнекіліг: Интерактивті тақта, электрондық оқулық.
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық:
Сөйлетер сөзді шеберлеп,
Өзіңнің ана тіліңмен.
Байыптап жақсы оқысаң,
Негізі менде білімнің.
Ұнайтын гүлдерді таңдау арқылы топқа бөліну (сары, қызыл, жасыл). Топ басшысын сайлау.
2. Үй тапсырмасын тексеру. 32-жаттығу. 51-бет.
Өлеңнен дара және күрделі мүшелерді табу, Дәлелдеу.
3. Өткен сабақты бекіту. Семантикалык картамен жумыс.
- Сөйлем мүшесі нешеге бөлінеді?
- Дара мүше дегеніміз не?
- Күрделі мүше дегеніміз не? Ережелерді қайталау.
4. «Сәйкестендіру» тесті (3 қатардан 1 оқушы шығады)
5. Дәптермен жұмыс.
6. Көркем жазу минуты. Дара, күрделі.
35-жаттығу. Ауызша орындау. Күрделі мүшені табу.
Мұнда жұмыр бас кесіртке де тіршілік етеді.
36-жаттығу. «Венн» диаграммасы.
Сөйлемнің дара мүшесі: Шекпен, тұр, бар, қалам, кітап.
Сөйлемнің күрделі мүшесі: Жеті күн, он тоғыз, сары ала, көк ала, жиырма тоғыз.
37-жаттығу.
- Әбділда Тәжібаев кім? (драматург, халық жазушысы, әдебиет зерттеуші, ғалым)
- Оның саған қандай өлеңдері таныс? Өлеңнен күрделі мүшелерді теріп жазу.
- Табиғат таңғажайыптары туралы не білесіз?
Таң тамаша!
Бар табиғат ғажайып
Кел ақындар,
Ғажайыпты жазайық!
Мың-мың ақын!
Мың-мың жылдар жазса да,
Ғажайыптар,
Қалар емес азайып.
7. Сергіту сәті «Бір әріптің ізімен» Оо, Тт, Кк. Сөйлем құрау.
Мысалы: Орман отқа оранды. Сәуле сурет салды.
38-жаттығу. Ребус шешу.
Көк ала бұлт сөгіліп,
Күн жауады кей жақта.
- Абайдың өлеңдерін жатқа сұрау.
39-жаттығу. «Топтастыру» стратегиясы
3 қатар Қазақстан туралы постер қоғайды.
8. «Ұйқасын табу» ойыны.
1. Қарындашты қолга аламын,______________________
2. Жемістер де пісті,_______________________________
3. Арба сықырлап жүреді.__________________________
9. Электрондық оқулықпен жұмыс.
10. Үйге тапсырма: 40-жаттығу. «Астана» тақырыбына әңгіме құрастырып жазу.
11. Екі жұлдыз, бір тілек стикерге жазу. «Пікір ағашына» тапсыру.
Женіс Алихан
Керемет
Ләззат
Уй тапсырмасын орындай алмай кыйналамыз
Ерсултан
Жумбакты окып шешуын тап