Алматы облысы, Текелі қаласы
«№5 орта мектеп» КММ
Математика пәнінің мұғалімі
Махабат Лариса
Ашық сабақ тақырыбы: Санды теңсіздіктердің шешімдерін сан аралығында кескіндеу есептер шығару. (6 сынып).
Сабақтың мақсаты:
Білімділік. Есептер шығару барысында білімдерін нақтылау, ой қорытындылау арқылы алған білімдерін баяндап, көрсете білуі, пәнге қызығушылығын арттыру;
Дамытушылық. Есеп шығару барысында ережелерді дұрыс пайдалана отырып есте сақтау, логикалық ойлау және математикалық тілде сөйлеу қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Еңбек етуге, шыңдыққа, зейіндікке баулу, математикадан алған білім, дағдыларын күнделікті өмірде, компьютерде пайдалана білуге үйрету.
Көрнекілігі: Кестелер, таратпалар, дербес компьютер, интерактивтік тақта.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Пәнаралық байланыс: алгебра, геометрия, информатика, физика, география, қазақ тілі.
Сабақтың жоспары:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй жұмысын тексеру (компьютерде жауаптарды пайдалану)
III. Тақырып бойынша қайталау. (Ауызша сұрақ-жауап, компьютерде,).
IV. Есептер шығару.
V. Топпен жұмыс (шығармашылық жұмыс)
VI. Тест жұмысы
VII. Бекіту
VIII. Үйге тапсырма беру.
IX. Қорытынды.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
1) Сабаққа дайындықтарын тексеру.
2) Сабақтың тақырыбын жазу, мақсатын айту.
ІІ. Үй жұмысын тексеру, интерактифті тақтада жауаптарды пайдалану арқылы. Өздік бағалау, дәптер алмасу арқылы.
ІІІ. Тақырып бойынша қайталау.
Кел, балалар, келіңдер
Математиканы көріңдер.
Қане, қарап шығыңдар
Дұрыс жауап беріңдер
Есептеңдер:
1. -3+(-8)
2. -5+6
3. 4-13
Салыстырыңдар:
1. -4*-5
2. -9*3
3. -8*-7
1. Теріс сандарды қалай қосамыз?
2. Қандай сандар нөлден үлкен?
3. [-4; 2,5] аралығындағы бүтін сандарды атаңдар?
III. Түсіндірме жұмысы
Есептер шығару. Білікті бір есеп шығарар, білімді мың есеп шығарар. Кітапен жұмыс № 991 1, 2, 3 № 992 1, 2, 3
5. Топпен жұмыс (шығармашылық жұмыс)
Әр қатар, сандар жайлы мәліметтер жинақтаған мәліметтерімен бөліседі.
1-Топ: Ежелгі тайпалардың санау жүйесі, қолды, дененің буындарын пайдаланып есептеуі.
2-Топ: Он саусақпен көбейту кестесін көрсету.
3-Топ: Сиқырлы сағат ойыны, Қазақтың өлшеу құралдары жөніндегі слайдтар.
1. Қарыс сүйем (бас бармақ пен ортан саусақтың аралық мөлшері)
2. Білем (ортан саусақтың ұшы мен қолдың бірінші буынының арасындағы қашықтық)
3. Адым
4. Сүйем сұқ қол мен бармақтың арасындағы өлшем.
6. Тест жұмысы
7. Бекіту
Бағалау.
Үй жұмысы: №1001, 1007.
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі