Алматы облысы, Талғар ауданы, Талдыбұлақ ауылы
Қ.Әбдіғұлов атындағы №34 жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы
АӘД және дене шынықтыру пәнінің мұғалімі: Шарипбаев Ержан Ануарбекович
Сынып 10.
Негізгі тараудың аты: 2 тарау. ҚР ҚК Әскери Жарғылары.
Сабақтың тақырыбы: әскери қызметкерлер және олардың өзара қарым-қатынастары, бастықтар және бағыныштылар, аға және кіші офицерлер, олардың құқықтары мен міндеттері, әскери әдептілік ережесі және әскери қызметкерлердің тәртібі, бұйрық, оны беру және орындау тәртібі, бастықтарға және шені жоғарыларға мәлімдеме жасау.
Сабаққа бөлінетін уақыт: 1 сағат (40-45 мин)
Сабақтың мақсаттары:
Оқытушылық: жарғы талаптарын оқып үйрену, конституциялық заңдылық пен дара басшылық принциптерін меңгеру.
Дамытушылық: Тапсырманың берілуі мен оны оқушының орындауынқадағалау арқылы оларды тәртіптілікке жетелеу. Ұқыптылыққа үйрету, лауазымды адам мен бағынышты арасындағы қарым-қатынасты ұғыну. Сұрақтар қою арқылы талқылау.
Тәрбиелік: «Командирлердің (бастықтардың) бұйрықтары барлық бағыныштылар үшін заң. Бұйрық дәл өз уақытында бұлжытпай орындалуы тиіс» принципі бойынша жұмыс істеу, тәртіптілікті оқушы бойына дағды ретінде қалыптастыру.
Пән аралық байланыс: Тарих, Құқық.
Көрнекіліктер: Жарғы жинақтары
Сабақ өтілетін орын: Оқу кабинеті
Қолданылатын әдебиеттер: 10 сынып оқулығы, деректер, АӘД журналы.
Сабақтың өтілу барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: Сабақ алдында взвод бойынша саптануы. Взвод командирлерінің сабаққа қатысушылар мен дайындықтары туралы баяндамасы. Оқушылардың сыртқы бейнесі (әскериленген киіну мен тазалығын, үтіктелуін тексеру, ер балалардың шашы, аяқ киімдерінің тазалығы, жағалықтары мен жеке гигиеналық құралдарының түгелдігін тексеріп, аяқ киімдерінің тазалығына жеке оқушыларға ескертулер жасау) қаралады.
Сабақтың міндеті мен тақырыбы, өтілу орны туралы хабарлау. Сабақ алдында 5-7 минуттық саяси хабарлама, тәуліктік кезекші немесе алдын-ала бөлінген оқушы жасайды.
Қайталау сұрақтары: әскери тәртіп деген не? Тәртіпті жауынгер деп кімді айтады? ҚР ҚК Жарғылары нені айқындайды, қандай түрлері бар? Жеке-жеке атап бер және оларға қандай талаптар жүктелген?
Жаңа материалмен таныстыру: Әскери тәртіп ә.қ. үшін барлық заңдылықтардың негізгісі, ол мемлекеттік тәртіптің бір түрі. Ұйымдастырушы фактор, әскерилер үшін қарым-қатынас жүйесін реттейді. Бастық пен бағынышты арасындағы жарғылық қатынастарды айқындайды, әскери тәртіпсіз ұрыста жеңіске жету мүмкін емес. Әскери тәртіп барлық ә.қ. заңдылық және жарғылық талап, оны қатаң сақтау мен тапсырманы дәл уақытылы орындауымен негізделеді. Әскери тәртіп бұл әскерилерге ғана тән талап. Әскери антта айтылғандай жоғарғы жауапкершілікке міндеттейді. Әскери тәртіп мемлекеттік тәртіптің бір бөлігі ретінде:
- Әскери сыпайылық, қарым-қатынас, заң бұзушылыққа жол бермеу және оның алдын-алу;
- Әскери тәртіп ә.қ. қызметтен тыс уақытындада талаптар жүктеуден босатылмайды;
- Әскери тәртіпті орындалуы туралы талап қатаң, бастықтарға мүлтіксіз бағыну, олардың бұйрықтарын бұлжытпай орындау, қарсы пікір айтпау – деген сияқты басты талаптары бар. Әскери тәртіп келесі заңдылық негіздеріне ықпалды: заңдар мен шағын заң актілері, ҚР Конституциясы, әскери ант,әскери жарғы, Елбасы мен Үкімет қаулылары, Қорғаныс министірі мен басқада әскери лауазымды тұлғалардың бұйрықтары мен заңдылық актілері. Тәртіптік жарғының 4 бабында ә.қ. төмендегідей талаптарды міндеттейді:
- ҚР Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтау;
- Әскери ант пен әскери жарғылар талаптарын қатаң сақтау;
- Қырағы болу, мемлекеттік құпияны қатаң сақтау;
- Командирлер мен бастықтарға құрмет көрсету, әскери сәлемдесу мен әдептілік ережелерін сақтау;
Әскери тәртіптің объективтілігі – ә.қ. қойылатын заң нормаларын, тәртіп ережелерінің талаптары мен оларды орындауынан байқалуы. Субъективтілігі – белгіленген талаптардың нақтылығында. Армияда әскери тәртіпті қамтамасыз ету барлық жұмыстардың орындалуына көз жеткізу және күштеу әдістеріне негізделеді. Әскерилер жарғы мен заң талаптарын орындауы жазадан қорқу мақсатында атқарады. Тәртіпті ұстау үшін командирлер мен бастықтарға тәртіптік билік берілген.
Тәртіптік билік дегеніміз – бастықтар мен командирлер өз өкілеттіктерін басқа басшы орындарына айтпай-ақ заң талаптарын орындату мақсатында шаралар қолдана білуі, жарғының қатаң талаптарын пайдалану. Жарғылық негізінде бағыныштыларына мадақтау немесе жазалау шараларын қолдану, қылмыстың алдын алу т.б. қолдана алады.
Сабақты қорытындылауға, тақырыпты қамтуға арналған сұрақтар: Әскери тәртіптіңерекшелігі неде, тәртіптік құқықтың негізі неде және тәртіп болу үшін командирлер мен бастықтардың билігі қандай?
Үйге берілетін тапсырма: Тәртіптік жарғы бойынша 4 бапты және т.б. оқу.
Бағалау.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі