Өлең, жыр, ақындар

Буынаяқтылардың буылтық құрттармен ұқсастығы және айырмашылығы. Класстың жалпы сипаттамасы. Өзен шаяны. Тіршілік ортасы және тіршілік ету дағдысы

Алматы облысы, Талғар ауданы, Талдыбұлақ ауылы
Қ.Әбдіғұлов атындағы №34 жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясының
биология пәнінің мұғалімі: Жұмабекқызы Маржан

 

 Сыныбы:  7                                Пәні: Биология

Сабақтың тақырыбы: Буынаяқтылардың буылтық құрттармен ұқсастығы және айырмашылығы. Класстың жалпы сипаттамасы. Өзен шаяны. Тіршілік ортасы және тіршілік ету дағдысы.

Сабақтың мақсаты: Буынаяқтылардың көптүрлілігін, жәндіктердің негізгі ерешеліктерін ұғындыру, шаян тектестердің
тіршілігі және сыртқы, ішкі мүшелерінің қызметін толық меңгерту.
Дамытушылық: Сабақта оқытудың жаңа технология элементтерін қолданып, оқушы белсенділігін арттыру, оқушылардың іс-әрекетін басқару арқылы ой таласын туғызу, білім–білікітілігін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушылардың өз бетімен ізденісін қалыптастыру, ойлау қабілетін дамыту.
Көрнекілігі: Суреттер, кестелер, үлестірмелі карталар

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: талдау, қорыту, топтау.

Пәнаралық байланыс: әдебиет

Сабақтың көрнекілігі: үлестірмелі карточкалар, таблицалар

Барысы:

Ұйымдасытыру бөлімі: Амандасу; Сабаққа дайындығы.

Үй тапсырамасы:

Жүзім ұлуы, айқұлақ, сегізақтың құрастырма кеспе қағаздар бойынша 3 топқа бөлу.

І. Жұмбақ шешу

Аяғы, тұлға, басы бар,
Сыртында сауыт тасы бар..
Тағамға ұқсас атауы,
Шешуін оның табыңдар. (Ұлу)

Аяғы бар басы жоқ,
Тұлғасы бар қарны тоқ
Екі жақтау қорғаны,
Ол болмаса сорлады. (Айқұлақ)

Бақалшағы жоқ сыртында,
Үккісі бар ұртында.
Қорегін ұстар таяғы,
Арқанға ұқсас аяғы. (Сегізаяқ)

ІІ. "Кім жылдам?"

1) Ұлулар денесі (ерекшелігі) - жұмсақ, үш қабатты, екіжақты симметриялы көпжасушалы омыртқасыз жәндіктер.

2) Олардың денесі бастан - тұлғадан, аяқтан, бақалшақтан және бақалшақ қалдығынан тұрады.

3) Ұлулар типінде  - 130 мыңнан астам түр бар деп есептеледі.

4) Ұлулар типі бөлінеді: Бауыраяқтылар,  Қосжақтаулылар,  Басаяқтылар

5) Ұлулардың буылтық құрттардан негізгі ерекшелігі – денесі бунақтарға бөлінбейді.

6) Тұлғадан ерекше қатпарлы қабат – шапанша (мантия) түзіледі.

7) Тұлға мен шапанша аралығында  -  шапанша қуысы болады.

8) Ал шапаншаның үстіңгі бетінен -  бақалшақ қалыптасады.

9) Асқорыту жүйесі - күрделі.

10) Дененің алдыңғы бөлігіндегі - ауыз тісшелері – үккі тілге және жұтқыншаққа жалғасады.

11)  Көпжасушалы жәндіктерден бұрын кездеспеген асқорытуға қатысатын без ұлулардан бірінші рет байқаймыз-  бауырды.

12)  Қантарату жүйесі - ашық.

13) Көптеген ұлулардың қаны - түссіз. (Қанның түсі көгілдір (басаяқтылар) ұлулар да бар.)

14) Жүрегі - бір немесе екі құлақша, бір қарынша болады.

15) Құрлықта тіршілік ететін ұлулар тыныс алады - өкпемен.

16)  Суда тіршілік ететіндерінің тыныс алуы - шапанша астында орналасқан желбезектер.

17) Ұлулардың зәршығару жүйесі - бір немесе екі бүйректен және несепағар түтіктен құралады.

18) Бауыраяқты ұлулар класы тіршілік етеді – теңізде және құрлықта. жәндіктер. (Оларды көлдерден, тоғандардан, суқоймалардан да кездестіруге болады.)

19) Жүзімдіктен, бау–бақшалар мен өзге заттар астынан кездестіруге болады -  жүзім ұлуын, жалаңаш шырышты.

20) Паразиттік жолмен тіршілік ететін - тоспаұлуы.

Жаңа сабақ: Буынаяқтылардың буылтық құрттармен ұқсастығы және айырмашылығы. Класстың жалпы сипаттамасы. Өзен шаяны. Тіршілік ортасы және тіршілік ету дағдысы.

Буынаяқтылар (Arthropoda) — омыртқасыз жануарлар типі. Олар теңіз, мұхит суларында, өзен мен көлдерде, топырақта, үңгірлерде, орманда, ашық далада, шөлді жерлерде тіршілік етеді. 1,5 млн-нан аса түрлері белгілі. Бұлардың дене құрылысы айқын сақиналарға жіктелген, 2 жақтаулы симметриялы. Аяқтары буын-буынға жіктелгендіктен Буынаяқтылар болып аталған. Денесі бас, көкірек және құрсақ бөлімдерінен тұрады. Дене сыртын хитин қабығы (кутикула) жабады. Ол қорғаныш әрі сыртқы қаңқа қызметін атқарады, оған бұлшық еттері жабысып бекиді. Буынаяқтылардың жүйке жүйесі жұтқыншақ маңындағы ганглиядан және құрсақ тізбегінен тұрады. Сезім органдары — иіс, дәм сезу мүшелері жақсы жетілген. Буынаяқтылардың өздігінен көре алатын фасетті көздері және тек жарықты сезе алатын көзшелері болады. Аяқтарының буындардан тұруы олардың жүрісін бағыттап отыруға, алуан түрлі күрделі қимылдар жасауға мүмкіндік береді.

Бекіту:

1. Өзен шаянының сртқы құрылыс?
2. Шаянның денесі неше бөліктен тұрады?
3. Құрсақ бөлімі неден тұрады?

Қорытындылау:

Буынаяқтылардың өздігінен көре алатын фасетті көздері және тек жарықты сезе алатын көзшелері болады. Аяқтарының буындардан тұруы олардың жүрісін бағыттап отыруға, алуан түрлі күрделі қимылдар жасауға мүмкіндік береді.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз