Өлең, жыр, ақындар

Табиғат – өмірдің сәні

Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы
№12 бастауыш мектеп
Алмакуль Енсегенова Уткелбаевна

 

Тақырыбы: «Табиғат – өмірдің сәні»

Мақсаты: Табиғат, Отанға деген сүйіспеншілік, адамгершілік құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту. Экологиялық білімді қалыптастыру, табиғатқа қамқор болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: нақыл сөздер, слайдтар, көркем суреттер.

Барысы:

Ұйымдастыру. Психологиялық сәт. Топқа бөліну.

Бейнеролик тамашалау. «Қазақстан табиғаты».

Мұғалім: Қарасам Қазақстан картасына,

Оранған бар байлықтың алқасына.

Арайлы Атамекен – туған жерім,

Мен үшін сенің артық әр тасың да- дегендей бүгінгі тәрбие сағатымыз табиғатты сүю, оны қорғау, өз елімізді мақтан тұтуға арналады.

«Миға шабуыл» кезеңі. Топпен жұмыс. Сұрақ – жауаптар алу:

1. Қазақстанда неше қорық бар?
2. Маңғыстау облысында орналасқан қорық қалай аталады?
3. Ең терең көл?
4. Туған жерімізде кездесетін емдік шөптер?
5. Дүние жүзінде неше мұхит бар?
6. Қазақстан қай елдермен шектеседі?

«Мен білемін» кезеңі. Картамен жұмыс (ҚР-ның картасынан теңіз, көл, тау, жазық жерлерді атап көрсету, қалаларды атап айту, пайдалы қазбалары т.б).

«Табиғатқа арнау» кезеңі. Оқушылар тақпағы мен әндер.

1. Туған жер, алтын бесік, асыл анам,
Ауаңмен, ақ сүтіңмен асыраған.
Мен-дағы ұлың едім өзің тестес,
Алысқа несібесі шашыраған.

2. Қандай ғажап ажарлы, аса көркем,
Қазақстан – арайлы туған өлкем.
Тереземіз тең бүгін басқа елдермен,
Өсе берсін өркенің жайып көркем.

3. Табиғат қызығамын сенің суретіңе,
Бас ием сенің алып құдіретіңе.
Тұрасың күллі әлемге нұр таратып,
Тұтқасын тіршіліктің күн бетіне.

4. Адамдар, жер сенің аяулы бесігің,
Осы жер үстінде аштың сен тіршіліктің есігін.
Онымен кіндіктес жаның да, қаның да,
Жер жаһан аялап тұр алақанында.

Ән: «Сарыжайлау»

Мұғалім: Табиғат – барлық тіршілік атаулының мекені. Айнала қоршаған табиғат әлемін қорғау, оған қамқоршы болу әр адамзаттың парызы. Біздің елімізде мекендейтін аңдар, құстар, балықтардың және жасыл орманымыздың құлпыра түсуіне қамқорлық жасайтын бірнеше қорықтарымыз бар.

Бейнеролик. «Қазақстан жеріндегі қорықтарға саяхат»

Шығармашылық жұмыс. Постер қорғау.

І топ: Тек қана жасыл түсті қолдана отырып, табиғат құбылыстарының суретін салу.

ІІ топ: Жарнама жасау. «Қазақстан – туған өлкем, Табиғатың қандай көркем?»

ІІІ топ: Топтастыру. «Табиғат сұлулығы».

«Ақ жүрек – ақ тілек» кезеңі. Даналық ағашы.

Мұғалім: Табиғаттан нәр алған ғой жанымыз,

Жер бетінің ажары ол – сәніміз.

Туған өлке табиғатын аялап,

Ұсынайық жүрек нұрын бәріміз – дегендей, даналық ағашының талына қиық маталарды байлап, өз ниетімізді білдірейік.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз