Өлең, жыр, ақындар

"Ш ш" дыбысы және әрпі

СҚО, Петропавл қаласы
«№7 орта мектеп» КММ
Мектепалды даярлық сынып тәрбиешісі
Кишкентаева Венера Ерсаиновна

 

Бөлім: Сауат ашу

Тақырыбы: Ш ш дыбысы және әрпі.

Мақсаты: Өткен сабақты пысықтай отырып, «Ш» дыбысы және әрпімен таныстыру; сөздегі дыбыстарды екпін түсіріп айту арқылы тауып, түрлерін ажырата білу дағдыларын арттыру. Сөз, сөйлемдер құратқызу арқылы сөздік қорларын толықтыру, ойын тиянақты жеткізе білуге жаттықтыру; Ой өрістерін дамыта отырып байқағыштыққа, белсенділікке тәрбиелеу.

Білім беру саласы: «Қатынас», «Таным», «Шығармашылық»

Әдіс-тәсіл: «Веер» әдісі, диалогтық әдіс, «Феш -боун», «Құм терапиясы» элементі.

 Көрнекіліктер: әріп таңбалары, текшелер, қиылған суреттер, шырша, құм салынған қорап,жұмыс дәптері.

Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек: Ш дыбысының қатаң дауыссыз дыбыс екенін білу керек.

Нені игереді: «Ш» әрпін есте сақтауларына әр түрлі әдіс-тәсілдерді игерді.

Айта,қолдана алады: Басқа әріптердің арасынан «Ш» әрпін танып,көрсете біледі.

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушы

   - Балалар, әдептілік белгісі не?

Армысың, асыл күн,
Армысың, асыл жер.
Армысың көк аспан,
Армысың, жан досым!
Жылуыма жылу қос,
Міне менің қолым.

Балалар өлең жолдарын айтып амандасады.

 

Қонақтарға барып, байланыс құрады.

 

 

 

 

Ұ

Й

Ы

М

Д

А

С

Т

Ы

Р

У

Ш

Ы

Л

Ы

Қ

 

І

З

Д

Е

Н

І

С

Өткен сабақты пысықтау.

«Веер» әдісі.

 -Дыбыс дегеніміз не?

Балалардың жауабын бақылап, біреуінен жауабын сұрайды.

- Дұрыс па, балалар?

- Әріп дегеніміз не?

Балалардың жауабын бақылап, біреуінен жау абын сұрап, қалған балалардан дұрыс, бұрысын сұрайды.

- Өткен сабақта қандай дыбыспен таныстық? Соны алдарыңдағы қағазға жазып беріңдер.

Әр баланы бақылап,белгілеп отырамын.

Тосын сый.

- Балалар, өткен «У» әрпіне оқып үйренген сөздерді кім оқып береді?

Екі үш балаға оқытқызған соң:

- Сендер жақсы оқып бердіңдер, ендеше менің де сендерге сыйлығым бар.

Жаңа тақырып.

- Балалар, шаршадыңдар ма? Ендеше тұрып бой жазып,парталарыңнын астына қараңдаршы!?

- Ол ненің суреті, балалар?

- Ия, сендерде шырша болса, менде де шырша бар.Шыршаны көрсету

- Балалар, бүгін жаңа жыл ғой, солай ма?

- Солай ма, енді не істесем екен!? Шыршаны ерте алып шығыппын ғой. Таптым,бүгін біз «шырша» деген сөздің басында естілетін дыбыспен танысайық! Және кім оқу қызметіне белсене қатысса, сол бала мынадай шыршаларды алып отырады.

- Ал, «шырша» дегенде қандай дыбыс естіледі?

Әр жауап берген балаға шыршаның суретін беріп отырады.

- Ол дыбыс қалай айтылды? айтқызу

- Не кедергі жасайды?

- Қандай дыбыс болады?

- «Ш» дыбысы дауыссыз дыбыс, ол қатаң дауыссыз дыбыс. (Глухие согласные)

- Қандай текшемен белгілейміз?

Көк текшені көрсетеді.

Сөз ұстарту.

- «Ш» дыбысына кім қандай сөздер біледі?

- Ал енді «Хабар» телеарнасын қосып, «ш» дыбысына жаңа сөздер тыңдап көрейік.

- Кім қандай сөздер естіді?

«Ш» дыбысының орнын анықтату.

- Балалар,менің шыршамда нелер ілініп тұр ,қараңдаршы?

- Дұрыс. Енді сол суреттердің ішінен «ш» дыбысы сөздің басында кездесетін суреттерді,

«ш» дыбысы ортсында кездесетін, «ш» дыбысы сөздің соңында кездесетін заттардың суреттерін жинап алыңдар.

Сергіту сәті.

Шыршаның жаттығуын көрсетеді.

Әріппен танысу.

Әріпті жазып көрсетіп,балаларға жазғызады. Жаңа буын және сөздермен таныстырады.

 

Дыбыстық талдау жасау.

- «Шана» сөзіне дыбыстық талдау жасайықшы.

Тақтада балалармен бірге дабыстық талдау жасайды.

- Енді, балалар, партаның астынан тауып алған шыршаның суретін алып, өздерің «шырша» сөзіне дыбыстық талдау жасап, буынға бөліңдер, есеп құрастырыңдар.

«Температураны өлшеу» әдісі.

- Балалар, біз не істеп отырмыз?

- Жақсы.

Дәптермен жұмыс.

- «Қайшы», «Шаңырақ», «Ағаш» сөздерін буынға бөлгізу.

- Кітаптан жаңа сөздерді оқыту.

«Құм терапиясы».

-Біз дәптерге жаңа әріпті жазбас бұрын, қолымызды жаттықтырып алайық.

-Ал енді әріпті қаламмен дәптерімізге жазайық.

Ойын: «Кім зейінді?».

Шарты: Қиылған қағаз бөлігінде жазылған сөздерден «ш» әріптерін тауып сызу керек.

 

Карточкаларын көрсетеді.

Бір бала айтып береді, карточкасын жіпке іледі.

Дұрыс болса бас бармақтарын көтереді, қате болса бармақтарын түсіреді.

Карточкаларын көрсетеді.

Екінші бала айтып береді, карточкасын жіпке іледі.

 

Бір бала ортаға шығып, түсіндіріп береді.

Әр топтан бір бала шығып қағаздарын жинап алып жіпке іледі.

 

- Мен оқып беремін, -деп қол көтереді.

Екі үш бала оқып береді.

 

Балалар қызығушылық танытады.

 

 

- Ия шаршадық.

Партаның астына қарайды.

- Мында сурет бар!

- Шыршаның суреті.

Таң қалады.

 

- Жоқ. Жаңа жыл қыста болады.

Балалар өз ойларын айтуы мүмкін.

 

- Ия, біз жаңа дыбыспен танысамыз.

 

Балалар қуанады.

- «Ш» дыбысы естіледі.

 

 

 

- Кедергімен айтылады.

- Тіліміз, таңдайымыз кедергі жасайды.

- Дауыссыз дыбыс болады.

 

 

- Көк текшемен.

Балалар да көк текшені көтереді.

 

Балалар сөздер ойлап табады.

Интерактивті тақтадан сөздер тыңдайды.

Естіген сөздерін айтады.

 

 

«Ассоциация».

- Суреттер ілініп тұр.

Балалар өздеріне керек суреттерді шыршадан алып, ассоциация жасайды.

 

Шыршаның жаттығуын жасайды.

 

Балалар әріпті алақандарында, ауада жазады.

«НА» буынымен, А-ША, ША-НА сөздерімен танысады.

 

- «Ш» дауыссыз дыбыс.

- «А» дауысты дыбыс.

- «Н» дауыссыз дыбыс.

- «А» дауысты дыбыс.

Шырша сөзіне дыбыстық талдау жасайды, буынға бөледі, есеп құрастырады.

 

 

- Дыбыстық талдау жасап,буынға бөлеміз. Есеп құрастырамыз.

 

Сөздерді буынға бөледі.

Жаңа сөздерді оқиды.

Құм салынған қорапта «ш» әрпін жазып, шардың суретін салады.

Дәптерге «Шш» әрпін жазып үйренеді.

Сөздердегі «ш» әріптерін тауып сызады.

Рефлексивті

Коррекциялаушы

- Біз қандай дыбыспен таныстық, алдарыңдағы балық сүйегін толтырыңдар.

- Кім көп шырша жинады,сол алғыр, білімді бала.

Кері байланыс.

- Қонақтармен тілдесіп келіңдер.

Балық сүйегін толтырады.

 

 

 

Сізге біз ұнадық па? Рахмет. Маған да ұнады.

 

Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек: Ш дыбысының қатаң дауыссыз дыбыс екенін білу керек.

Нені игереді: «Ш» әрпін есте сақтауларына әр түрлі әдіс-тәсілдерді игерді.

Айта, қолдана алады: Басқа әріптердің арасынан «Ш» әрпін танып,көрсете біледі.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз