Өлең, жыр, ақындар

Ұлытау тобы

Үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған мамандандырылған
№ 30 мектеп-гимназиясының
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Есқалиева Зухра Сансызбайқызы

Қазақ тілі пәні.    8-сынып

Сабақ тақырыбы:

   Ұлытау тобы

Білімділік:

Дамытушылық:

Тәрбиелік:

Тілдесім әрекеті негізінде оқушыларды қазақ күй өнері жайлы ақпарат беруге үйрету.

Тілдік коммуникация барсында тілдік үлгілерді қолдану арқылы оқушылардың сөздік қорын молайту.

Оқушыларды бірлікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Сілтеме:

Оқу бағдарламасы, «Қазақ тілі»оқулығы.

Жетістік критерийлері:

Оқушының төменгі жетістігі (ОТЖ): тақырып аясында қарапайым сөйлемдер құру арқылы домбыра жайлы айтады, топ туралы ақпарат береді, достарымен сөйлеседі. Оқушының орташа жетістігі (ООЖ): ұлттық саз аспаптары туралы айтады,топ туралы сипаттайды. Оқушының жоғары жетістігі (ОЖЖ): тақырып аясында өз бетімен мәтін құрайды, сипаттап айтып береді.

Негізгі түсініктер:

Икемділік, тиек, дауылпаз, қобыз, мойындату, дәріптеу

Сабақта қолданылатын материалдар:

Интерактивті тақта, слайдтар, А4 парағы, маркерлер, плакат, Ұлытау тобының музыкалық шығармалары, қоржын, смайликтер

Оқыту әдістері:

Сипаттау, талдау, әңгімелеу, сұрақ-жауап, «Шаттық шеңбері» тренингі, «Өнер көрсет» ойыны, «Атаулар туралы үш сұрақ» әдісі, «Баспалдақ» тәсілі, сергіту жаттығуы.

Дерек көздері:

Әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар, сөздік.

Оқыту әдістер:

Әңгімелеу, сипаттау, түсіндіру, сұрақ-жауап, сергіту жаттығуы

Тапсырмалар:

Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:

 

Тапсырма:

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу

Мұғалім ұйымдастыру кезеңінде «Көңіл-күйді анықтау» тренингін өткізеді. А4 парағы мен маркерлер таратады

Оқушылар параққа маркермен өзінің көңіл-күйін сипаттайтын смайлик-сурет салады

Өткен сабақты тексеру

Өткен сабақтың тапсырмасын тексереді. Кемшіліктерді анықтайды, түзетеді, бағалайды.

Тапсырманы айтады, тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді

I. Қызығушылықты ояту

Оқушылардың жаңа сабаққа деген қызығушылығын арттыру мақсатында Ұлытаудың музыкасын тыңдатады.

Музыканы тыңдайды, сипаттайды.

II. Мағынаны тану

1. Сөздікпен жұмыс.

А)Мұғалім интерактивті тақтадан тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырады, аудармасын айтады. Оларды оқиды, оқушыларға қайталатады.

2. Мәтіналды жұмыс.

А) Жазылым. Дұрыс жазуға, жаңа ақпаратты қабылдауға машықтандыру  үшін 1-тапсырманы орындатады.

Ә) Оқылым. Айтылым. Жазылым.. Оқулықтағы 2- тапсырманы орындатады.

Б) Айтылым. Тілдесім.

3-тапсырманы орындатады.

3.Мәтінмен жұмыс.

А)Тыңдалым, Оқылым. Мәнерлеп, дұрыс оқуға, жаңа ақпаратты қабылдауға машықтандыру үшін 4-тапсырманы орындатады.

4. Мәтін соңы жұмыс.

А)Айтылым. Оқылым. 9-тапсырманы орындатады.

Жазылым. Оқылым. Тілдесім. Оқулықтағы 10-тапсырманы орындатады.

В) «Сыр сандықтағы сөздер»

6. Сергіту сәті. Рөлдік ойын ұйымдастырады.

Тыңдалым. Оқылым. Жаңа сөздерді тыңдайды, мұғаліммен бірге оқиды.

Айтылым. Жаңа сөздердің дұрыс айтылуымен ауызша жаттығу жүргізеді.

Жазылым. Сөйлем көшіріп жазып, сұрақтарға жауап береді.

Оқылым. Жазылым. Тұйық етістікті дұрыс тұлада қойып жазады.

Айтылым.Тілдесім.Ұлытау тобының мүшесі Е.Әлімбеков туралы жазған сұхбатты оқиды.

Тыңдалым. Оқылым. Жазылым. Тыңдайды, мәтінді дұрыс оқуға машықтанады, сұрақтарға жауап береді.

Айтылым. Оқылым. Мәтін құрап айтады, диалогті рөлге бөліп оқиды.

Жазылым. Оқылым. Тілдесім. Өлең оқиды, диалог құрады.

Сыр сандыққа салынған сөздердің мағынасын талдайды, есте сақтайды.

 

Ойынның шарттарын орындайды.

III. Ойтолғаныс

Мұалім Қоржын ойынын ұйымдастырады.

Тақырыпқа қатысты берілген сөз алады. Сипаттайды.

IV. Бекіту

Оқулықтағы 11, 12-тапсырмаларды орындатады.

Айтылым. Оқылым. Тілдесім. Өлеңді оқиды, диалог құрайды, досымен тілдеседі.

V. Бағалау

Формативті бағалау. Оқушылардың бағалауы бойынша өз ойын айтып, қорытынды бағаны өзі қояды

Жеке әңгіме техникасы бойынша бағаланады

VI. Үйге тапсырма

Оқулықтағы 8-тапсырманы орындау.

 

Рефлексия

Мұғалім түрлі смайликтер таратып береді

Оқушылар сабақтан әсерін смайликтер көрсету арқылы білдіреді


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер