Қазақ тілі мен мәдениеті – біздің мемлекеттілігіміз тұрғызылып жатқан іргетас! Сондықтан қазақ тілі мен мәдениетін одан әрі дамыту жұмыстары біздің ынтымақтастықтың ең маңызды бағыты болмақ!
Н.Ә. Назарбаев
Мақсаты: оқушылардың қабілетін ашу, алған білімдерін өмірде қолдана білуге, ізденуге үйрету;
Еркін сөйлеу, ойлау қабілетін ашуәртістік қабілеттерін байқау;
Өзін-өзі тануға, бағалауға тәрбиелеу.
Көрнекіліктері: қанатты сөздер жазылған плакаттар, интеракт. тақта, түрлі–түсті қарындаштар, ватман, өлең жолдары, т.б.
Мұғалімнің сөзі: Құрметті ұстаздар, оқушылар бүгінгі 9-11 сынып ер балаларының қатысуымен өткелі отырған «Мақсатым тіл ұстартып, өнер шашпақ» атты шарамызға қош келдіңіздер!
Қоғамдағы әрбір адам өз ойын, білімінің жемісін тіл арқылы жеткізеді. Халқымыздың өткені, бүгіні, ертеңі - тілінде.
Ендеше, бүгінгі сайысымызда жас ұландарымыз өз өнерлерімен, сөйлеу шеберліктерімен көзге түспек. ХХI ғасырдың білімді, саналы ұрпақтары, еліміздің болашағы болар ұландарды ортаға шақырамыз.
9 - сыныптан - « Жұлдыздар» тобы
10 - сыныптан - « Жас ұландар» тобы
11 - сыныптан - «Болашақ жастары» тобы.
Бүгінгі сайысымыздың әділ бағасын беретін қонақтарымыз таныстырылып өтеді.
Сайысымызды бір-бірімізге деген жылы лебізбен бастап, «сәттілік» тілейміз.
Сайыстың жүру барысы таныстырылып өтеді.
1. «Сәлем - сөздің атасы» Үш топ өздерін үш тілде таныстырады.
2. «Атадан қалған асыл сөз» Жиренше шешеннің айтқан жауабын табу, мағынасын ашу.
Әз Жәнібектің алпыс биі болған екен. Бір күні хан билеріне: «Дүниеде не өлмейді?» -деп сұрақ қойғанда, алпыс би бірауыздан былай депті:
Ағын су өлмейді,
Асқар тау өлмейді,
Аспанда ай мен күн өлмейді,
Әлемде қара жер өлмейді. Сонда тыңдап отырған Жиренше шешен былай деп жауап берген екен:
Ағын судың өлгені –
Алты ай қыста қатқаны.
Асқар таудың өлгені-
Басын бұлттың жапқаны.
Ай мен күннің өлгені –
Еңкейіп барып батқаны.
Қара жердің өлгені-
Қар астында жатқаны.
Дүниеде не өлмейді?
Жақсының аты өлмейді,
Ғалымның хаты өлмейді..
3. «Өнерлінің өрісі кең» Бұл бөлімде әр топ тапқырлықтарымен, әртістік шеберліктерімен көзге түсу керек. Тақтада көрсетілген сандарды таңдап, тақырыбына көрініс көрсету.
1. Сабақта. 22. Мектепте. 8. Қонақта.
16. Қалада. 30. Көшеде. 9. Үйде.
Көріністі өздері ойлап табады.
4. «Өнер алды - қызыл тіл»
3-бөлімде таңдаған сандары қандай атаулы күндермен сәйкес тауып айту және сол мерекеге сай өлең жолдарын шығару.
5. «Құлақтан кіріп бойды алар» Шығарған өлең шумақтарын халқымыздың бір әуеніне қосып шырқау.
6. «Ғалымның хаты өлмейді» Бұл бөлімде әр топ ашық хат, үндеу т.б. үлгілерін жазу арқылы сөйлеу мәнерімен, тіл байлықтарын сынайды.
1. Қазақ тілінің мәртебесін көтеру. (Ашық хат жазу)
2. Президент болып халыққа хат жолдау.
3. Жастарға үндеу.
7. «Құпия сөздің кілтін аш»
Бұл бөлімде берілген сұрақтарға ұтқырлықпен жауап беру.
1. Тоңбайтын, бірақ қалтырайтын адам. (сыпайы адам)
2. Көппен бөліскен сайын көбейер. (ой)
3. Әпкесі бауырына қонаққа барады,
Бауыры одан тығылып қалады. (Ай мен күн)
4. Сырым шешен жолаушылап келе жатып бір үйге түседі, бойжеткен қызды сынау үшін сөзбен қағытып: «Мынау үйдің мінсізін-ай, тек шаңырағы шалқақтау ма, қалай?» - депті. Сонда қыз: «Шаңырағы шалқақтау болғанмен, түтіні дұрыс шығады, мырза» - депті.
5. Сырым шешен нені білгісі келді, қыз жауабының шешуі? т.б. сұрақтар қойылды.
Қорытынды: Жас ұландар, еліміздің ойы жүйрік, білімді, саналы жарық жұлдыздары болады деп сенім білдіреміз!
Сайыс осындай бөлімдер арқылы мәресіне жетеді. Сайыс бағаланып, сайыскерлер марапатталады.
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі