Өлең, жыр, ақындар

Сырбай Мәуленов

Сабақтың тақырыбы: Сырбай Мәуленов

Сабақтың  мақсаты: оқушыларға ХХ ғасыр әдебиетінің өкілі, қоғам қайраткері , ақын Сырбай Мәуленов туралы  толық ақпарат беру, шығармашылығымен таныстыру.

Сабақтың міндеттері:

1.Оқушылардың тақырып бойынша білім мен біліктіліктерін қалыптастыру;

2.Әдебиетке деген сүйіспеншілікке, бір-біріне деген қамқорлыққа, мәдениеттілікке, жолдастарының сынын дұрыс қабылдай білуге, өздерін бағалай білуге  тәрбиелеу;

3. Оқулықпен және қосымша материалмен жұмыс істей білуге, шығармашылық қабілеттерін арттыру.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.

Өткізу формасы: дәстүрлі емес сабақ.

Көрнекіліктер: сызбалар, ақын портреті, газет, желім, қайшы, түрлі-түсті қалам, А3 қағаздары.

 

Жұмыс түрі: жеке және топпен жұмыс.

Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, талдау, шығармашылық жұмыс, өз жұмыстарын қорғау, бір-бірін бағалау, рефлексия.

 

Сабақтың өту барысы:

І. Сабаққа бейімдеу кезеңі:

-Сәлеметсіздерме оқушылар, қонақтар.

-Бүнігі күн қандай тамаша! Сіздердің бүгінгі жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін.

ІІ.Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

ІІІ. Өткенді қайталау:

  1. Қасым Аманжолов кім? Сызбамен жұмыс.

 

 

 

 

 

 

 

Қ.Аманжолов кім?

Радиальная диаграмма

2)Жаттап келген өлеңдерін сұрау

3) Өлеңдердің тақырыбы, идеясы, негізгі түйінін ашу.

ІҮ. Жаңа сабақ

1) Мұғалімнің сөзі:                (1922-1993)

 Сырбай Мәуленов 1922 жылы Қостанай облысының Жангелдин ауданында дүниеге келген. 1938-40 жылдары Қызылорда пединститутын бітірген. Ол өзінің еңбек жолын мұғалім болудан бастайды. Ұлы Отан соғысына қатысқан. Ұзақ жылдар бойы газеттер мен журналдарда редактор, бөлім меңгерушісі болып жұмыс істеген.

 

Шығармашылығы.

С.Мәуленовтің тұңғыш жинағы 1948 жылы жарық көрді. Ол – кемелденген қазақ әдебиетімен бірге ер жетіп, өзіндік үн, нақыш бояуымен дараланып танылған ақынның бірі. Оның өлеңдеріндегі бейнелі сөздер, дәл табылған теңеулер, ойлы түйіндер бірден-ақ назар аудартып, көңілге ұялай кетеді. Ақын қарапайым, елеусіз жайлардың өзін әр қырынан құбылта, ойната көрсетіп, болмыстың бойына қан жүгіртіп, өзгеше қимыл-қозғалысқа түсіруге шебер. Қысқа лирикаларында өз жанының сырын ашып, сүйсінген құбылыстарды айрықша бір тапқырлықпен көрсете біледі.

Өзінің кең даланың бір бөлшегі екенін мақтаныш тұтып, шындықтың сырына терең үңіле түседі. Сырбай Мәуленов үнемі тынбай ізденіс, еңбектену үстінде көрінеді. Оны өзі де айтады.

 ... Тұманды күндей мұнартып,                

Көлеңке болғым келмейді.                    

Еліме босқа жүк артып,

Тек ерке болғым келмейді.

Сіңірсем деймін жеріме,

Маңдайдың терін ағызып.

Жасасам деймін еліме,

Жанымның отын тамызық... –

 деп, ақын еліне деген өзінің үлкен жүрегін танытады.

Сырбай Мәуленов жырлары – қазақ поэзиясының марқайып өсуінің айнасы.

< >Өзге әдебиет өкілдерінің шығармашылығымен үндестігін тапқызу. "Туған жер, табиғатпен жаным бірге". Ақын елін, туған жерін аралаудан өмір құбылыстары мен оқиғаларын, халық тұрмысы мен күйін жай көзбен көріп қана қоймай, көңіл көзімен көріп біледі, сезеді. Тіпті басқаларға ұсақ-түйек деген нәрсенің өзі ақынның назарынан тыс қалмайды.

 

Міне біз де ақын сияқты өз шеберлігімізді, тапқырлығымызды көрсете білейік.

< >А3 қағазындағы суретті жалғастыру;Суретке тақырып беру;Тақырыптың әр әріпіне сөз ойлау;Байланысты мәтін құрастыру. «Жазға жауын» тақырыбында шағын қызықты мәтін құралған жоба орындалды.А3 қағазына «Егемен Қазақстан» газетінен мақала аттарынан, суреттерден қиып желімдеп жапсыру арқылы жоба құрастырук;Жобаны қорғау, өз ойларын дәлелдеу. «Мұхтар Әуезов –еңбегі бағаланды, бізге міндет айқындалды...» жоба құралып, өте жақсы құралды.

 

ҮІ Қорыту кезеңі.

1)Сабақтан алған түйгендеріне шолу.

2)Мұғалімніңқорытынды сөзі.

 

С.Мәуленов кім?

Соғыс ардагері

ақын

мұғалім

Қоғам қайраткері

Организационная диаграмма< >Рефлексия /өз көңіл-күйлерін білдіру.Рефлексия

 

Эмоция

1

2     

3

4             

5

6

Жұмыс басында

 

 

 

 

 

 

Жұмыс ортасында

 

 

 

 

 

 

Жұмыс соңында

 

 

 

 

 

 

1- іздену

2 – шаттану, қуану

3 – немқұрайлы қарау (өз шаруасымен шұғылдану)

4 – талпыну, оқу

5 – тағатсыздық, шыдамсыздық

6 – жабығу, қиналу

ҮІІ. Үйге тапсырма

С.Мәуленов өмірі мен шығармашылығына байланысты сызбе құрап келу.

ҮІІІ. Бағалау.

Әр оқушы өз ойын айтып , бір-бірін бағалады.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз