Ақмола облысы, Целиноград ауданы
Софиевка ауылы №21 орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Рахадыл Тілеугүл
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: «Зәмзәм» әңгімесі туралы білімдерін саралау, жүйелеу, әңгіменің идеясын анықтау.
Дамытушылық: Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту, оқушылардың көркем шығарма оқуға деген қызығушылығын арттыру, сондай-ақ өзіндік пікірлерін, көзқарастарын білдіруге қалыптастыру, өз беттерінше ізденуге жетелеу.
Тәрбиелік: Ұйымшылдыққа, өзін-өзі басқаруға, бір-бірінің пікірін тыңдап, бағалай білуге, ұжыммен жұмыс істей білуге, Алланы танып, имандылық қасиеттерінің артуына, тура жолдан айнымайтын, шынайы мұсылмандық қасиеттерінің қалыптасуына ықпал ету.
Түрі: сайыс сабақ
Әдісі: пихологиялық дайындық, ұжымдық оқыту, талдау-жинақтау, проблемалық сұрақ-жауап
Көрнекілігі: тақырып бойынша слайдтар, интерактивті тақта, плакат, түрлі-түсті қағаз, конверттер, әр түрлі сызбалар.
Технологиясы: сын тұрғысынан ойлау
Пәнаралық байланыс: тарих, география, қазақ тілі, дінтану, өзін-өзі
Ұйымдастыру кезең: Сәлемдесу.
Шаттық шеңберін құрып, сабақты бір-біріне жақсы тілек айтумен бастау.
Күн, ай, жұлдыз 3 топқа бөліну.
Топ басшыларын сайлату.
Бағалау парағын үлестіру.
- Қызығушылығын ояту (5 мин)
Берілген сұрақтар бойынша жеке, жұппен, топпен жұмыс жүргізу (7 мин)
- Мағынаны тану
INSERT бойынша мәтінмен жұмыс (жеке, жұп, топ) (15 мин)
Сөздік жұмыс (3 мин)
Слайдтар бойынша толықтыру, видео материал бойынша зәмзәмнің қасиетін дәлелдеу (2 мин)
Ой толғау
1-топ топтастыру
2-топ венн диаграммасын құру
3-топ «Зәмзәм» сипаттау (сурет салуға болады) (5 мин)
5 жолды өлең (5 мин)
Қорытындылау, бағалау (3 мин)
Қызығушылығын ояту
Құранда неше сүре бар?
Кімнің тұсында құранды кітап етіп шығарды?
Адам атаның шын аты кім?
Алла тағала күллі әлемді неше күнде жаратты?
Ажар мен Смайылды Ибраһим қайда апарды?
Құранды жаттап, оны үнемі есінде сақтаған адамдар кімдер?
Смайыл өмірге қалай келді?
Сараның қызғаныш сезімін айт.
Ибраһимнің Сара өтінішін Алланың әміріндей орныдауының себеебіне?
Мағынаны тану
INSERT бойынша мәтінмен жұмыс (жеке, жұп, топ)
Сөздік жұмыс
АЛЛА, САХАБА, ХАФИЗ, ҒАЙЫП, ҚАРИ, УАҺИ, ӘБИ ЗӘМЗӘМ
Слайдтар бойынша жаңа тақырыпты толықтырып түсіндіру, видео материал бойынша
Зәмзәм суының қасиетін дәлелдеп көрсету
Ой толғау
1-топ “құран” сөзіне топтастыру жасау
2-топ Сара мен Ажар бейнесіне венн диаграммасын құру
3-топ “Зәмзәм” әңгімесінің мазмұнын сурет салу арқылы түсіндіреді
5 жолды өлең
1-топ “періште”
2-топ “ібіліс”
3-топ “мұсылман”
Қорытындылау
Әңгіменің түйіні: Алла тағала өзіне сенген құлдарына мейірімі шексіз, шапағат рахымы өлшеусіз,ол жоқтан бар етуші шебер.
Бағалау.
Үйге тапсырма:
“Шынайы мұсылман деген кім?” деген тақырыпқа шағын эссе жазу. Біздің ашық сабағымыз қасиетті жұма күніне сәйкес келіп тұрғандықтан және өзіміз мұсылман болғандықтан сабағымызды:
“Берекелі болсын жұмамыз,
Қабыл болсын дұғамыз!
Салиқалы амалмен
Жаратқанға ұнаңыз.
Сауаптардың саны артып,
Кешірілсін күнәміз!” деген тілекпен аяқтаймыз.
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі