Өлең, жыр, ақындар

«Қыз Жібек» жырынан үзінді

Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданы
Саумалкөл қазақ орта мектебінің
қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі  
Бекпасова Динар Куанышевна

 

Пәні: қазақ әдебиеті  Сыныбы :9

Сабақтың тақырыбы:«Қыз Жібек» жырынан үзінді /2-сағаты/
Мақсаты:

1. Тақырыпты терең талдау, идеясын жан–жақты айқындау;
2. Сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамыту, өзіндік пікірлерін ортаға салу, талдай білу дағдыларын қалыптастыру;
3. Әдептілікті, әсемдікті бағалай білу.
Типі: Зерттеу жұмысы стратегиясы
Түрі:қорытынды сабақ
Көрнекілігі: кейіпкерлер суреті, слайдтар
Пәнаралық байланыс: музыка, өзін - өзі тану
Сабақтың барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі

1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Тақтаға күнді, тақырыпты жазу.
3. Сыныпты топқа бөлу.

Шашу

Бүгінгі қорытынды сабағымызда «Қыз Жібек» жырынан үзіндіні жалғастырамыз. Сабақ «зерттеу жұмысы стратегиясы» бойынша өтеді. Топтық жұмыс жасау арқылы тапсырмаларды орындаймыз.Өткен сабақта ауыз әдебиетінің бірнеше түрлерімен таныстық. «Балық сызбасы» арқылы халық ауыз әдебиетінің түрлерін еске түсіріп өтейік.

Ауыз әдебиетінің бір түрі:тұрмыс-салт жырлары. Халықтың әртүрлі салт-дәстүрлеріне, әдет-ғұрыптарына байланысты туған өлең-жырлар жатады. Қане сендер қуаныштың белгісі ретінде орындалатын қандай дәстүрді білесіңдер? Әдетте жасы үлкен әжелер келін түскенде, тұсау кескенде т.б. өрік-мейіз,күміс теңгеден, кәмпиттен не шашады? 

- Шашу шашады. Шашылған шашуды балалар теріп алады.

Шашу – қуаныш айғағы ретінде жасалатын өте сұлу да салтанатты дәстүр. Шашу бала туылғанда, тұсау кескенде, сүндетке  отырғыз-ылғанда, келін түскенде, күйеу келгенде, отау көтергенде, бүркіт ұстап әкелгенде, жүйрік ат бәйгеден озғанда, алыс сапардан жолаушы оралғанда, жақсылық күндерде, құда келгенде, тағы басқа зор қуанышты күндерде әйелдер құрт, ірімшік, өрік-мейіз, кәмпиттен, күміс теңгеден шашылады. Шашылған шашудан тойға қатысушылар теріп алып, ырым қылып балаларына апарып береді. Шашуды, әдетте жасы үлкен әйелдер, әжелер шашады да, оны жастар, балалар теріп алады.

- Сендерге де менің бүгін шашу шашқым келіп тұр. Бұл шашудың ішінде сендерге тапсырмалар бар. Үйге хрестоматия оқулығынан жырды аяқтап оқып келу берілген болатын. Жырға байланысты тест сұрақтары.
 

Сұрақтар?

1. Төлеген кімнің баласы?
а/ Сырлыбай  в/ Базарбай    с/ Қаршыға     д/ Шеге

2. Төлегенді Ақжайық сұлуларына кім ынтық етеді?
а/  Бекежан     в/ саудагер    с/ Сырлыбай       д/ Сансызбай

3. Қыз Жібекті Төлегенге кім жолықтырды?
а/  Базарбай         в/ Қаршыға     с/ Сырлыбай    д/ саудагер

4. Жібек Төлегенді неге менсінбейді?
а/ ұнатпау         в/ тең көрмеу      с/ көңілі толмау       д/ менсінбеу

5. Жібектің Төлегенді еліне неге жібергісі келмеді?
а/ түсінен шошу     в /ата-анасына барғызбау    с/ жалғыз қалу   д/ сенбеу

6. Төлеген қандай уәде берді?
а/ көп кешікпей келу     в/ аман болсам,көктем шыға келемін    с/ серт беру   д/ өтірік айту

7. Жібек Төлегеннен айырылғаннан кейін басына қандай пәле тап болды?
а/ атастырылу   в/ қалмақ ханы Хореннің ғашық болуы    с/ ауырып қалу  д/ жалғыз қалу

8. Жібек Хорен қалмақтан құтылудың жолын қалай табады?
а/ қашып кету    в/ қырық күн ойын-тойын жасауға көндіру  с/ көзін жою     д/ таба алмау

9. Сансызбай деген кім?
а/ ағасы        в/ інісі       с/ досы     д/ ақылшысы

10. Жібек неге оған тұрмысқа шығады?
а/ бақытсыздыққа ұшырағасын  в/ әкесінің қалауы  с/ амалсыздан    д/ Төлегеннің аманаты

Жаңа сабақ.
Зерттеу жұмысы стратегиясы бойынша сыныпты топқа бөлу.

1. Тәуелсіз зерттеушілер. Жырдың мазмұнын қысқаша баяндап береді.

2. Сұхбат алушылыр. Жыр мазмұнына байланысты 6 сұрақ дайындайды.

3. Эссе жазу. «Қыз Жібек-сұлулықтың символы»

4. Проект плакат.Сурет не сызба түрінде тақырыпқа байланысты жоба қорғайды.

5. Қойылым қоюшылар. Жыр мазмұнынан үзінді көрсетеді.

6. Факт жинаушылар.Деректер мен дәлелдерге сүйене отыра қосымша мәлімет келтіреді.

Қорытынды. Бүгінгі сабағымызда қазақтың ару қыздарының бірі: «Қыз Жібек жырынан үзінді» тақырыбында ой бөлісіп, пікір алмастық.                                                                            
- Халық жадында мәңгі сақталған тағы қандай ару қыздарды білесіңдер?
- Ия, жазушы Мұхтар Мағауиннің пікірінше: «Әлемдегі ең сұлу қыз – қазақ қызы...» деген екен. «Мен қазақ қыздарына қайран қалам» әнін орындау, тыңдау.
Үйге тапсырма: Шығармашылық жұмысқа дайындалып келу.

Бағалау. Оқушыларды білімдеріне қарай бағалау.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз