Арал қаласы
№ 62 мектеп–лицейі
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Бахитова Гульнар Сейтмуратовна
Сабақтың тақырыбы: Ғ.Мүсірепов «Жаңа достар» әңгімесі
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: автор жайлы білетін мәліметтерді тыңдай отырып жаңа мағлұматтар беру, «Қазақ солдаты» романының үзіндісінің тақырыбы мен идеясын ашу.
2. Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу, елжандылыққа тәрбиелеу.
3. Дамытушылық: өз бетінше талдау, зерттеу жұмыстарына машықтанып, түйінді ой, өзіндік пікір қалыптастыруына жағдай жасау.
Сабақтың типі: жаңа сабақ.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілі: әңгімелеу, «Тергеу» әдісі, талдау.
Сабақтың көрнекілігі: портрет, тірек сызба суреттер, электронды оқулық.
Пәнаралық байланыс: тіл, тарих, география.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Оқушылармен сәлемдесу.
2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.
4. Топқа бөлу.
ІІ. Жаңа сабақ
* Электронды оқулықпен жұмыс.
• Электронды оқулықтан Ғ.Мүсіреповтың өмірі жайлы мағламаттар алу.
• Оқулық бойынша Ғ.Мүсіреповтың өмірі жайлы әңгімелеу.
1. 1902 жылы Солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл ауданында туған.
2. Ғабит ауыл ақсақалдарына «Қыз Жібек», «Қобланды батыр», «Ер Тарғын» жырларын оқып беріп, жаттап алған.
3. Әңгіме жазудың шебері.
4. Пьесалары: «Қыз Жібек», «Қозы Көрпеш – Баян сұлу», «Амангелді» .
5. Романдары: «Оянған өлке», «Қазақ солдаты», «Ұлпан».
ІІІ. «Жаңа достар» әңгімесі (алдын ала мазмұнымен танысып келеді)
«Тергеу» әдісі бойынша талдау.
1 – топ. «Баяндап берушілер» Әңгіме мазиұнын айтады.
2 – топ. «Бейнелеуші - суретшілер» Әңгімеге қатысты сурет салады.
3 – топ. «Сілтеме табушылар»
4 - топ. «Дәнекершілер»
5 – топ. «Зерттеушілер»
6 – топ. «Сұрақ құрастырушылар»
ІV. Сергіту сәті. Ән тыңдау «Жан досым».
V. Кері байланыс. «Бес саусақ»әдісі.
VІ. Жаңа сабақты бекіту:
Балалар біз бүгін не білдік, не үйрендік? Түртіп алу әдісі.
VІІ. Сабақты қорыту:
1. Бағалау
2. Үй тапсырмасын беру.
1. Ғ.Мүсірепов «Жаңа достар» мазмұндау.
2. Ойтолғау жазу.
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі