Өлең, жыр, ақындар

Махамбет – дауылпаз ақын

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы
Ақтау технологиялық қызмет көрсету колледжінің
қазақ тілі және әдебиет пәнінің оқытушысы
Тәңірберген Гульмира Амантайқызы

 

Сабақтың тақырыбы: «Махамбет – дауылпаз ақын»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларды Махамбеттің елін езгіден ерлікке, қараңғылықтан білімділіктің биік шыңына шақырған, ел бірлігін жырлаған шығармашылығымен таныстыру, танып-білуге үйрету;

Дамытушылық: Оқушылардың жұп, топтық жұмыс барысында іскерлігі мен дағдысын қалыптастыру, патриоттық сезімдерін дамыта  отырып шешендікке баулу, ынтасын, ізденушілік белсенділігін дамыту;

Тәрбиелік: Асыл мұраны оқушылар бойына сіңіріп, ұлттық рухта тәрбиелеу, батырлықты, ерлікті дәріптеу.

Сабақ түрі: ізденіс сабақ

Әдісі: СТО технологиясының стратегиялары, Инсерт, ойтолғау, поэзия минуты.          

Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, музыка.

Көрнекілігі: интерактивті тақта.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру

1. Оқушылармен амандасу
2. Сабаққа қатысымды тексеру
3. Сыныптың сабаққа дайындығын тексеру

ІІ. Жаңа сабақ

Берілген тапсырма: Тарихқа шолу, өмірі туралы мәлімет. Махамбет өлеңдерінің саны, қай жылдары жазылды, жарық көрген жылдары.

III. Көрініс  «Махамбеттің Жәңгір ханға айтқаны»

-    Оқушылар,  Махамбет жайлы үйден ізденіп келген мәліметтеріңді ортаға салсаңдар.
(Оқушылар өмірі, тарихы, өлеңдері жайлы әңгімелейді.)

IV. Поэзия минуты

 

(«Мен, мен едім, мен едім» өлеңі экраннан тыңдалады.)

Махамбеттің өлеңдерін оқушылар жатқа айтады.

-  Махамбетке қалам тартқан ақын-жазушылардың шығармаларымен де танысқан боларсыңдар. Сол жайында не айтар едіңдер?

1. Фариза Оңғарсынова «Алмас қылыш»
2. М.Шаханов «Нарынқұм трагедиясы»

V. Ойтолғау жазу (Махамбеттің «Жұмыр қылыш» күйі тыңдалады)

Махамбеттей дауылпаз ақын, ержүрек батырдың тарихи тұлғасын оқушы жадында қалыптастырып және тәуелсіздікті дәріптеу мақсатында ойымызды Махамбеттің «Жұмыр қылыш» күйін тыңдай отырып ортаға салайық.

Тақырыптары:

1. Махамбетке арнау
2. “Махамбет десем ойыма...”
3. Махамбетке хат

V. Инсерт әдісі 

Не білеміз?

Не білдік?

Нені білгіміз келеді?

   

 

VI. Блиц тест:

1. Махамбет Өтемісұлы өмір сүрген жылдарды атаңыз?
А) 1803-1856 жж.
Ә) 1803-1846 жж.
Б) 1800-1846 жж.

2. Өтемістің неше ұлы болған?
А) 5
Ә) 6
Б) 10

3. Бөкей тұсындағы ең елеулі қозғалыс қай жылдары болды?
А) 1836-1838 жж.
Ә) 1830-1838 жж.
Б) 1833-1837 жж.

4. Махамбет өлеңдеріндегі басты бейне?
А) халқы
Ә) досы Исатай
Б) Хан-сұлтандар

5. Ішкі Орданың ханы Жәңгір Махамбетті өзінің баласы Зұлқарнайынмен бірге Орынборға оқуға жібереді?
А) 1824 ж.
Ә) 1829 ж.
Б) 1825 ж.

6. Махамбеттің өлеңін көрсетіңіз?
А) Қарақат көз
Ә) Мінкен ер
Б) Ғибратнама

7. Махамбет өлеңдерінің негізгі тақырыбы?
А) шаруалар көтерілісі, батырлық
Ә) махаббат, сезім
Б) әйелдер теңсіздігі

8. Махамбет Өтемісұлы қалай қайтыс болды?
А) ауыр науқастан
Ә) қанішерлер қолынан
Б) адасып, жапан далада

9.1925 жылы кімнің құрастыруымен «Исатай-Махамбет» атты шығармалар жинағы жарыққа шықты?
А) Х.Досмұхамбетұлының
Ә) М.Әуезовтың
Б) Б.Смановтың

10. «Махамбет жаратылысында әрі батыр,әрі жырау-ақын,әрі күйші-домбыршы болыпты. Мінезі өте қызулы, әдіс-шеберлікті көп ойламайтын, бет алған жағынан қайтпайтын,қайсар ер адам болған» Бұл кімнің пікірі?
А) Ф.Оңғарсынова
Ә) Х.Досмұхамбетұлы
Б) М.Әуезов

Жауаптары:

1-Ә; 2-Б; 3-А; 4-Ә; 5-А; 6-Ә; 7-А; 8-Ә; 9-А; 10-Б.

VII. Қорытынды

Махамбет - өмірдегі қасіреттің синонимі, өнердегі қасиеттің символы. Өзін есес, өзге жайын, ел қамын ғана ойлаған. Отбасынан баз кешіп, өз рахатынан өзі безіп ылғи ғана «Ереуіл атқа ер салып, егеулі найза қолға алып» жүргендегі мақсат-мүддесі – елінің ертеңі дәлірек айтқанда, біздің бүгінгі күніміз, азат қазақ мемлекетінің егемендігі. Олай болса, сабақты Махамбеттің мына өлең жолдарымен қорытындылағым келеді.

ҮІІI. Бағалау

Оқушылар білімі бағалау парағы арқылы бағаланады

ІX. Үй тапсырмасын беру

«Жалынды ақын Махамбет» тақырыбында шығарма жазу.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз