Өлең, жыр, ақындар

І.Жансүгіров «Анам тілі»

Ақтөбе қаласы
Ғ.Ақтаев атындағы № 6 орта мектептің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Кушекбаева Фарида Абсатовна

 

Сабақтың тақырыбы: І.Жансүгіров «Анам тілі»

Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: Ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы қысқаша мәлімет бере отырып,өлеңнің идеясы мен тақырыбын ашу, меңгерту.

ә) дамытушылық: Оқушыларды ойлай білуге, өзіндік талдау жасауға дағдыландыру, сыни тұрғыдан ойлау арқылы талдау дағдыларын дамыту, ынтымақтастықта жұмыс жасай білуге үйрету.

б) тәрбиелік: Туған тілін сүюге, құрметтеуге, аялауға тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже:

1. Оқылған мәлімет бойынаша өз ойларына талдау жасай алады.
2. Тақырыппен терең танысады, әр түрлі ойлау дағдыларын жүзеге асырады.
3. Ұсынылған проблема бойынша өз көзқарасын шығармашылық тұрғыдан көрсете алады.
4. Өз жұмысын кластастарына талдай алады.
5. Проблема бойынша өз көзқарасына рефлекция жасай алады.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілі: жуан және жіңішке сұрақтар, «Блум таксономиясы», «Автор орындығы», «Еркін жазу» әдісі.

Сабақтың көрнекілігі: Ақын портреті, шығармалар жинағы, интерактивті тақта.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру  - амандасу

- оқушылардың сабаққа қатысымын тексеру

І. Қызығушылық ояту.

І деңгейдің тапсырмасы Оқушылар бір–біріне жіңішке және жуан сұрақтар дайындап қояды.

Жүзеге асыру қадамдары:

1-қадам:оқушылар мәтінді оқып болғаннан кейін, жуан және жіңішке сұрақтардың жауабын кестеге жазады.

Жіңішке сұрақтар – бір рет қана дәлелді жауап талап ететін сұрақтар.

Жуан сұрақтар – күрделі, толық жауап беріп,талдауды қажет етеді.

 

 

2-қадам:оқушылар жұпта бір–біріне сұрақ қояды және алынған білімді терең түсініуді қамтамасыз ету үшін жауаптарын талқылайды.

ІІ деңгейдің тапсырмасы «Анам тілі» өлеңінің мазмұнын Б.Блумның сын тұрғысынан ойлауды дамыту сұрақ тапсырмалары  бойынша талдау.

"Блум  таксономиясының" 1-нұсқасы бойынша өлең мазмұнынан сұрақ тапсырмаларын беру:

Білу. Ақын Ілияс туралы не білесіз? Өлеңнің мазмұны мен идеясы не?

Түсіну. «Тілегенім, қорыққаным бәрі де сен» ақын неге қорықты?

Қолдану. Ақын өз ана тілін қалай бағалайды?

Талдау. Ана тілі арқылы адам өзін қоршаған ортадан бастап байтақ әлемді қалай танып біледі?

Жинақтау. «Автор орындығы» эссе жазу.

Бағалау. Өлең мазмұнын түйіндеуге мақал –мәтел ойласаңыз.

ІІІ деңгейдің тапсырмасы 

«Еркін жазу» әдісі бойынша оқушылар тақырып бойынша түсінгендерін жазады:

1-қадам: тақырыптың қойылуы. Эссе тақырыбы: «Тілім – асыл қазынам»

2-қадам: оқушыларға тақырып бойынша түсінгендерін 5 минут бойы үздіксіз жазғыза беру.

3-қадам: Жазғандарын әуелі жұпта, сосын топта оқу

(кері байланыс жасалу үшін  жаазғандарын мұғалім жинап алады)

III. Ой -толғаныс.

ІV. деңгейдің тапсырмасы «Автор орындығы» әдісі бойынша ұсынылаған проблема бойынша өз кластастарына не елестетінін айту. Ілияс  Жансүгіров ақынымыздың кішкентай ізбасарларын «Автор орындығына» шақыру.

Жүзеге асу қадамдары:

1–қадам:кез келеген жұмысты жазып болғаннан кейін тақтаның алдына үстел қойылады.

2–қадам:столға отырып, өз жазғанын автор ретінде аудитория алдында оқуға шақырылады.

3- қадам:аудитория тыңдап, сұрақ қояды, түсінік береді.

Бағалау

Үйге тапсырма «Анам тілі ғажап деп айта аламын» эссе жазу.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз