ОҚО, Ордабасы ауданы
«Ынтымақ» жалпы орта мектебі мемлекеттік мекемесі
Математика пәні мұғалімі: Джасанова Айман
Сабақтың тақырыбы: Ондық бөлшектерді қосу және азайту.
Сабақтың мақсаты
Білімділік: Ондық бөлшектердің ережелерін есептеулерде пайдалана білу, өткен тақырыптарды оқушылар санасына қалыптастыру. Өздігінен ізденуге, еңбектенуге, алған білімдерін өзіндік ізденіс арқылы ойлау қабілетін дамыту, есептеуде пайдалана білуге дағдыланды
Сабақтың типі: Жаңа сабақ.
Әдістері: жеке, жұптық, топтық, деңгейлік.
Пайдаланылған әдіс-тәсілдер: түсіндіру, сұрақ-жауап, сөздік, жартылай ізденушілік бірін-бірі тексеру, өзін-өзі тексеру, деңгейлік оқыту.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Сабаққа қажетті құралдарын түгендеп, дұрыс отыруларына назар аудару.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
Өтілген тақырыптарды қайталау.
- Бірліктен кіші разрядтар қалай аталады?
- Ондық бөлшек дегеніміз не?
- Бөлімі 10; 100; 1000;... болатын жай бөлшектер қалай жазылады?
- Санның ондық бөлшекпен жазылуында үтір қайда қойылады?
- Ондық бөлшектегі үтірден кейінгі ондық таңбалар саны қалай анықталады?
- Бес бүтін мыңнан он сегіз саны ондық бөлшекпен қалай жазылады? Түсіндіріп бер.
- Берілген ондық бөлшекке тең бөлшекті қалай анықтауға болады? 13, 55 санына тең бөлшекке мысал келтір.
- Бөлшектің ондық жазылуында қанша цифр болуы мүмкін?
- Ондық таңба деген не?
1. Топ құрамын ауыстыру үшін топқа бөлу: сыныптағы оқушылардың санына қарай бөлу, әр топта спикер тағайындау (бағалау парағын таратып беру)
І, ІІ, ІІІ топтарға бөлу:
2. Топ ережелерін еске түсіру. Оқушылар, біз бірнеше тапсырмалар орындаймыз,
1 - тапсырма:
Өткен сабақтарда алған білімдеріңді пысықтауға арналған сұрақтар. Бір-бірімізді тыңдап, тыныштық сақтап, еркін сөйлеуге тырысайық.
Математикалық диктант Ондық бөлшектердің жазылуын және оқылуын көрсету
1. Ондық бөлшектерді жазыңдар:
а) отыз бүтін онан үш;
ә) бес бүтін жүзден он алты;
б) нөл бүтін мыңнан он үш;
2. Ондық бөлшекті аралас сан түрінде жазыңдар:
а) үш бүтін жүзден он жеті;
ә) бес бүтін мыңнан жиырма жеті.
б) алты бүтін онан үш.
3. Сандарды оқыңдар:
а) 0,4;
ә) 2,04
б) 3,111
2 - тапсырма: (3 топқа бөлек тапсырма беру)
3 - тапсырма:
I деңгей
1. Амалдарды баған түрінде жазып орында:
а) 8,763+0,445=
ә) 567,03+0,7241=
б) 541 - 0,897=
в) 98,00659 - 0,059=
2. Кестедегі жауаптардың астына оларға сәйкес әріптерді қойсаң, біздің заманымызға дейінгі 187 - 212 жылдары өмір сүрген әрі философ, әрі физик ғалымның атын оқисың.
0,25+0,46=
13,123+5,024=
38,4+2,06778=
0,83+1,6079=
5,607+0,193=
9,004+13,8=
0,251+47,749=
3. Жай бөлшектерді ондық бөлшектерге айналдырып, амалдарды орында. Жауаптарын өсу ретімен орналастырсаң, XI - XII ғасырларда өмір сүрген шығыстың ірі математиктерінің бірі, ақын, астроном әрі философтың аты шығады.
0,35+8/10=
47/100+7,7=
1,45 - 9/10=
29/100 - 0,049=
11,001 - 111/100=
176/10000 - 0,999=
193,17 - 2318/1000=
10015/10 - 999, 009=
2101,01 - 179 19/100=
57192/100 - 4096,96=
4. Баған түрінде жазып, есептеп шығарыңдар;
а) 7,21 - 1,5+3,72 - 0,06=
ә) 18+(11,03 - 9,5)+6,28=
б) 44,4 -(37,45+(50 - 46,54)) =
5. Амалдарды орында;\
а) 8,97+4,51+0,682=
ә) 0,047+14,07+6,3=
б) 0,04+21,2637+8+0,7963=
2 деңгей
1)
а) Егер а=3,85 болса, онда (а+1,37)+(а - 0,16) =
ә) Егер а=2,36 болса, онда (а+1,37)+(а - 0,16) =
а) Егер а=3,741 болса, онда (а+1,37)+(а - 0,16) =
а) Егер а=0,32 болса, онда (а+1,37)+(а - 0,16) =
3. Теңдеуді дұрыс шешіп, Вавилонның ең белгілі патшасының атын тап.
х+8,645=9,42
6,38+х=44,003
Х - 0,76=8
5,397 - х=0,999
10, 953+2х=17,567
3х - 0,284=5,716
5х - 0,045=9,995
3, 307 0, 775 2 4, 398 2, 008 0, 775 8, 76 37, 623
3 деңгей
1. Теңдік тура болатындай етіп, тиісті жеріне үтір қой.
а) 4 3+1 7=6
ә) 5+9 9 9=14 9 9
б) 3 7+5 8 6=9 5 6
в) 8 3 - 3 8=7 9 2
г) 9 9 5 - 1 9 5=8
ғ) 6 4 - 4=2 4
№1026. Назира бір сан ойлады. Ол ойлаған санға 14,8 - ді қосып, одан шыққан қосындыдан 3,56 - ны азайтқанда 75,29 саны шықты. Назира қандай сан ойлады?
Бағалау критерийлері. Есеп шығаруда:
1. Есептің шартының дұрыс жазылуы - 2ұпай.
2. Есептің сұрағының болуы - 2ұпай.
3. Шешуінде амалдардың
орындалу тәртібінің сақталуы - 1ұпай.
4. Есеп бойынша теңдеу құруы - 2ұпай.
5. Жауабының дұрыс жазылуы - 3ұпай.
Барлығы 10 ұпай
10 ұпай - « 5»
8 - 9 ұпай - « 4»
6 - 7 ұпай - « 3»
6 ұпайдан төмен - « 2»
(Критерий бойынша өзара бағалау)
«Сергіту сәті» (логикалық сұрақ)
Логикалық жаттығулар:
1. Жыл он екі айдың ішінде 30және 31 сандары ауысып отырады. Ал 28 және29 сандары қай айда кездеседі?
2. Қосарланып жегілген ат арбамен Сәкен 10 шақырым жол жүрді. Оның әр аты неше шақырым жол жүрді?
3. Ағаш үстінде 10 торғай отырды. Ағаш үстінде 10 торғай отырды. Аңшы бір торғайды атып алды. Торғайдың қаншасы қалды?
Бекіту сұрақтары:
1. Бірліктен кіші разрядтар қалай аталады?
2. Бөлімі 10; 100; 1000;... болатын жай бөлшектер қалай жазылады?
3. Санның ондық бөлшекпен жазылуында үтір қайда қойылады?
4. Ондық бөлшектегі үтірден кейінгі ондық таңбалар саны қалай анықталады?
5. Бес бүтін мыңнан жеті саны ондық бөлшекпен қалай жазылады? Түсіндіріп бер.
6. Берілген ондық бөлшекке тең бөлшекті қалай анықтауға болады? 10, 23 санына тең бөлшекке мысал келтір.
V. Бағалау Рефлексия.
Үйге тапсырма беру.
Ондық бөлшектерге байланысты 5 есеп құрастырып келіңіздер.
Балалар сабақ ұнады ма?
Зейнеш
Пайдалануга.жарайды