Өлең, жыр, ақындар

Жамбыл Жабаев "Алатау" өлеңі

Алматы облысы, Қаратал ауданы
"Р.Қошқарбаев атындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар орта мектебі" КММ
Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі:
Шешенханова Маншук Маманқызы

Ашық сабақ . 6  орыс сыныбы
Жамбыл Жабаев.  «Алатау»  өлеңі

Сабақ № 10

Р. Қошқарбаев атындағы шағын орталығы бар орта мектеп

Күні 25.02.2017

Мұғалімнің аты-жөні: Шешенханова Маншук Мамановна

Сынып

6-сынып

Қатысып отырғандары

Келмегендер саны

Тақырыбы

Жамбыл Жабаев.  «Алатау»  өлеңі

Осы сабақта қол жеткізілуге тиіс мақсаттары

   Жамбыл Жабаев өмірі мен шығармашылығынан мағлұмат  беру, «Алатау» өлеңін түсініп оқу, сөздік  қорларын молайтып,  ауызекі сөйлеуге ынталандыру,

Сабақтың мақсаттары

   Барлық оқушылар істей алады:

 

 

   Жамбыл Жабаев өмірі мен шығармашылығын біледі.

   Ақынның «Алатау» өлеңін түсініп оқиды сөздік  қорларын молайтып, ауызекі сөйлеуге ынталандыру,

   Оқушылардың көпшілігі істей алады:

   Өз пікірін білдіре алады және негізгі сөздерді сауатты жаза алады

   Берілген материалдардың мағынасын түсінеді.

   Ой-пікірі, жеке көзқарасы қалыптасады

   Кейбір оқушылар істей алады:

   Қорытынды жасай алады

Тілдік мақсат

   Оқушылар істей алады:

 

   Айтылым мен тыңдалым, жазылым дағдыларын жасай алады

 

Негізгі сөздер мен фразалар:  
Жыр алыбы - гигант поэзии
Суырыпсалма ақын – поэт- импровизатор
Ну тоғай – нетронутый лес
Мұнар – мгла, марево
Сілеусін – рысь
Шалғын – луг
Балғын – молодой, зеленый
Миуалы – плодоносный, плодовый
Қазыналы – богаты

 

   Сұхбатқа/жазылымға арналған пайдалы фразалар:  Суырыпсалма ақын,  Мақтанышпен жыр етеді, айтыскер, жүз жасаған.

   Талқылауға арналған сұрақтар:     

   Жамбыл Жабаев қай жылдарда өмір сүрген?

   Жамбыл Жабаев қай жерде болған?

   Оның қандай шығармалары бар?

   «Алатау» өлеңі мазмұнында не туралы айтылады?

   Алатаудың табиғаты қандай?

   Өлеңде Алатаудың табиғаты қалай суреттелген?

   Табиғат туралы қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?

Осының алдындағы оқу

    Ахмет Байтұрсынұлы

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспарланатын жұмыс                                                        

Ресурстар

Басы

   І. Ұйымдастыру: 

   Сәлемдесу

   Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу

   Түгелдеу

   Топқа бөлу (мозайка арқылы топқа бөлінеді)

   ІІ. Үй тапсырмсын сұрау: /Ыстық орындық /

   ІІІ. Талқылау үшін сұрақтар беріледі:

   Табиғат дегенді қалай түсінесіңдер?

   Табиғатты қалай қорғаймыз?

   Табиғат адамға не береді.

   Табиғатты қастерлеу дегенді қалай түсінесіңдер?

   3. Қандай нәтиже күтеміз?    

    Оқушылар Ж.Жабаевтың кім екенін біледі, жаңа сөздердің мағынасын түсінеді; сөздік қорын молайтады; өз пікірін дәлелдеп, қорытынды жасауға, жазуға дағдыланады,

 

 

 

 

«Қазақ әдебиеті» оқулығы, Алматы «Арман ПВ», 2015. Автор  С.Ч.Тұрсынғалиева

 51 – 54 бет

Ортасы

   ІІ. Жаңа тақырып бойынша жұмыс.

   Жамбыл Жабаев (1846-1945)

   Қазақ халқының дарынды ақыны, жыршы, жырау - Жамбыл Жабаев 1846 жылы 29 ақпанда Жамбыл облысы Жамбыл тауының бөктерінде дүниеге келген.

   Жетісудың атақты ақыны Сүйінбай Жамбыл Жабаевқа ақ батасын берген. «Менің пірім-Сүйінбай, сөз сөйлемен сиынбай» деп айтқан.

   ХХ ғасырдың Гомері атанған Жамбылдың туындыларында қазақ қоғамының қайшылықтары, халықтың әлеуметтік жағдайы суреттеледі.

   Жамбылдың алғашқы өлеңдерінің бірі -«Жылқышы» өлеңі. Бұл өлеңде ақын әлеуметтік теңсіздік мәселесін қозғайды. Жамбылдың өлеңдері : «Кедей күйі», «Зілді бұйрық?», «Өмір жыры», «Тарас», «Отанды сүю», «Алатау», «Балаларға», «Ленинградтық өрендерім» және т.б

   Жүз жасаған Жамбыл өмірінің соңында ел басына түскен ауыр қайғы – Ұлы Отан соғысын көреді. Өз балалары да соғысқа кетіп,қайтыс болады. Қазақстанда бір облыс, бірнеше аудан, көшелер, республикалық филармония ақын атымен аталады. Әсем қала Алматыда ақын атаға қойылған екі ескерткіш бар.

   «Алатау» өлеңі (электронды оқулықтан оқыту).

   Топтық жұмыс
   Әр топқа жеке тапсырмалар беріледі, постер бойынша қорғалады.
    1-топ тапсырмасы
Өлең мазмұнын сурет арқылы бейнеле. Суреттеріңде қандай бояу көп орын алады деп ойлайсыңдар? Алатаудың табиғаты қандай? Қазақстанда тағы қандай таулар бар? Өлеңнің 6 шумағын мәнерлеп оқы, ондағы «Алматы» деген сөзге түсінік бер.
   2-топ тапсырмасы

 Өлеңнің мәтіні бойынша Алатаудың жемістерін, жануарларын, жәндігін, өсімдігін атаңдар. Таудың тағы қандай жануарлары мен өсімдіктерін білесіңдер? Алатаудың табиғатын әдемі қалпында қалай сақтауға болады?
   3-топ тапсырмасы
«Менің туған өлкемнің табиғаты» деген тақырыпқа шағын ойтолғау немесе бесжолды өлең   жазу.

 

   Айтылым. Дәптермен жұмыс:

  Жамбыл Жабаевтың «Алатау» өлеңіндегі синоним мен антоним сөздерін жазу.

   Әлем =... есімі =... дүниеге келу = ... мәлім =... шындық= ...

   Дүниеге келу- ... шындық-... белгілі- ... кедей-... жарық-...

   Жауап: ( Әлем =өмір, дүниежүзілік, есімі =аты, дүниеге келу = туу, мәлім =танымал, шындық= ақиқат, шын)

   (Дүниеге келу қайтыс болу, шындық өтірік ,белгілі бейтаныс , кедей бай, жарық қараңғылық)


   Сабақты бекіту:
   Жамбыл кім?
   Қай жылы дүниеге келді?
   Неше жасында дүниеден озды?
   Ленинградтықтарға арнаған өлеңі?
   Бүгінгі сабақта ақынның қандай өлеңімен таныс болдық?

   Алатаудың табиғаты қандай?

   Өлеңде Алатаудың табиғаты қалай суреттелген? (Өлең жолдарын оқу)

   Табиғат туралы қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?

 

Интерактивті тақтада слайд бойынша оқушылардың әңгімелеуі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Электронды оқулықтан оқыту

Рефлексия

Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстары туралы қысқаша жаздыру

«Екі жұлдыз, бір тілек »

Үй тапсырмасы

Ж. Жабаев мазмұндау,

«Алатау» өлеңін жаттау.

Оқулық  

Бағалау    

Оқушылар өз білімдерін өздері бағалауы  

Критерий

Ұпай

Ұпай

1

Үйге берілген өлеңді мәнерлеп жатқа айтым

2

 

2

Дұрыс жылдам оқуды сақтадым

2

 

3

Интонацияға көңіл бөлдім

2

 

4

Сұрақтарға жауап бердім

2

 

5

«Алатау» өлеңін мәнерлеп оқыдым

2

 

6

 Топпен жақсы жұмыс жасадым

2

 

7

Сабақты жақсы меңгердім

2

 

8

Қосымша тапсырмаларды жақсы орындадым

2

 

 

Егер оқушы  4-6 балл жинаса, бағасы «2»

7-9 балл жинаса, бағасы «3»

10-15 балл жинаса, бағасы «4»

16-20 балл жинаса, бағасы «5»

16/5

 

Формативті бағалау  


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз