Өлең, жыр, ақындар

Тұрақты тіркестер

5 – сынып

18.11.2016ж
Тұрақты тіркестер
Мақсаты:
Оқушыларға тұрақты тіркестер туралы түсініктерін кеңейту және оларды сөз аралығында қолдана білуге үйрету.Оқушылардың тіл байлығын, ақыл – ойын, сана – сезімін дамыту. Оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке, еңбекқорлыққа, үлкенді құрметтей білуге үйрету
Сабақтың түрі: Ойын түріндегі қайталау сабағы
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ – жауап, толықтыру, болжау, салыстыру,сәйкестендіру
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, түрлі - түсті жұлдызшалар
Пәнаралық байланыс: ағылшын тілі, орыс тілі, ән
САБАҚ БАРЫСЫ.
1.ҰЙЫМДАСТЫРУ КЕЗЕҢІ. Оқушылармен сәлемдесіп, сыныптың тазалығын қарау. Сыныпты түгендеу және назарларын сабаққа аудару.

2. Топтастыру

1-топ «Білгірлер», 2-топ «Алғырлар», 3-топ «Тапқырлар», 4-топ «Білімділер» (психологиялық дайындық)
Кіріспе сөз, тапсырма ілініп тұрады
(Ақ…… сөзінен басталатын АБАЙ аталарыңның өлеңінің бір шумағын мәнерлеп, хормен оқып беріңдер)
Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,
Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды.
Үсті басы ақ қырау, түсі суық,
Басқан жері сықырлап келіп қалды.
Бұл өлеңде не туралы айтылған?
(қыс мезгілінің келгендігі туралы айтылған. Денелі ақ сақалды аяз атаның келгендігі айтылады.) Дұрыс қыс мезгілі туралы екен, өлең. Олай болса, қыс мезгілінің басқа мезгілдерден ерекшелігі неде деп ойлайсыңдар?
Қыс мезгілінің екі ерекшелігі бар: 1) бірі басқа мезгілдер сияқты қыста да үш ай бар, бірақ қыстың үшінші айы 28 күн, немесе әр төрт жылда 29-ына бітеді. Сол күнде туылған бала төрт жылда бір рет туған күнін өткізеді екен ғой.
Екінші ерекшелігі: ескі жылды аяқтап, жаңа жылды бастап береді. Соңғы ерекшелігі айтылғанда қандай тамаша сөз айтылды? (ескі-жаңа сөзі, бұл сөздер өткен тақырыбымыз бойынша мағынасы жағынан бір-біріне қарама қарсы сөздер антонимдер)
3. Үй тапсырмасын тексеру

Ереже. 123-жаттығу.

4. Сабақ барысы

Сабағымыз  5 бөлімнен тұрады

1-бөлім. Баламасын тап

2-бөлім. Суреттер сөйлейді

3-бөлім.  Тауып жаз.

4-бөлім. Тапқыр болсаң тауып көр.

5-бөлім.  Сен – маған, мен – саған

   1-бөлім. Баламасын тап

1. Ат ізін салмау ------------------------

2. Қол ұшын беру -----------------------
3. Тіс жармау ----------------------------
 

4. Жұмған аузын ашпау ---------------
5. Күн құрғатпай келу -----------------
6. Бетінен қақпау -----------------------

 

7. Ит тұмсығы өтпейтін---------------

8. Жерге кіріп кете жаздау------------
9. Қабырғаңмен кеңес ---------------

 

10. Көзінен таса қылмау ---------------

11. Жаны жай табу--------------------

12. Аяғына жығылу

     2-бөлім. Суреттер сөйлейді
Оқушыларға слайдпен ауыз, мұрын, мұз, жүрек, пышақ, ит, қоян, шаштың суреттері көрсетіледі. Сол суретке қарап тұрақты тіркес құрайды және сол сөзді үш тілге аударады.

   3-бөлім.  Тауып жаз.

 Білімділер
1...... нің түгі бар (жүрек)
2...... ын шүйіру(мұрнын)
3...... ын көкке көтеру

Тапқырлар
1...... тай ұшты (мұрт)
2...... бүлк етпеді (беті)
3...... і тоймау (көз)

Алғырлар

1. ....  қырын салу(көз)
2...... іне көк  шыбын үймелету(көз)

3...... жиған жүгіндей(қыздың)

Білімділер

1..... таңба басқандай(тайға)

2.....терісін басына қаптады(ит)

3..... таңды көзімен атырды(көрер)

Сергіту сәті

4-бөлім. Тапқыр болсаң тауып көр

Тұрақты тіркестерде қандай қате жіберілген?
Жерден алты қоян тапқандай
Ешкі аузынан шөп алмас
Екі аяғын екі етікке тығу
Айы соңынан туды
Дүние терезесін ашу

 5-бөлім.  Сен – маған, мен – саған

Антоним, синоним болатын тұрақты тіркестерді айтады.
Синонимдер
1. Ит арқасы қиянда
Ит өлген жерде
2. Ай десе аузы, күн десе көзі бар
Үріп ауызға салғандай
Антонимдер
1. Су жүрек
Жүрек жұтқан
2. Төбесі көкке жету
Су сепкендей басылу

Бекіту
Шығармашылық жұмыс
«Анам – менің бақытым» тақырыбында эссе жазу. Ана туралы әуен ойнап тұрады, оқушылар төмендегі тұрақты тіркестерді мәтін ішіне кірістіру қажет.
«Түн ұйқысын төрт бөлу», «Ана сүтін ақтау», «Төбесі көкке жеткендей», «Көз ілмеу», «Жан ұшыру».

Бағалау

Үйге тапсырма

122; 124-жаттығу
 


Пікірлер (2)

idrisova

материал жарияланды енді сертификатты асыға күтемін

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз