Өлең, жыр, ақындар

Экология ел тағдыры

О.Тұрмағанбетұлы атындағы Жаңаөзен мұнай және газ колледжі
Жағырапия пән мұғалімі
Джульбикеева Балбекен Алиевна 

 

Интеллектуалдық-сайыс.

Тақырыбы:  «Экология ел тағдыры»

1. Біліктілік: Ағзалардың бір бірімен қарым-қатынастар мен қоршаған табиғи ортасы. Адам, қоғам, табиғат арасындағы гормониялық байланыстарды реттеу.

2. Дамытушылық: Студенттердің өз бетімен жұмыс істеу қабілетін, логикалық ой-өрісін дамыту; Экологиялық білім мен тәрбие берудің бір жүйелігі және үздіксіздігі; оқу мазмұнында әлемдік,ұлттық және туған өлке мәселелерінің өзара байланыстығы; студенттердің экологиялық дүниетанымдарын қалыптастырудағы пәнаралық бірлігі.

3. Тәрбиелік: Экологиялық тәрбие, кәсіптік бағдар беру: табиғи ортаны қорғау жайлы білім алып, оны аялау, сақтау, көркейту туралы интеллектуалдық және эмоциялы адамгершілік негізіндегі іс-әрекеттердің бірлігі.

Көрнекілік: Дүниежүзінің саясикартасы, буклеттер, альбомдар, ребус,видео, телевизор, компьютер, интерактивті тақта.

Қатысушы: 1 ЭБУ-16Б 1-курс «Болашақ» және «Әділет» топ студенттері.

Жоспары:

І-тур «Жекпе-жек» - капитандар сайысы.

30 секунд ішінде 5 сұраққа жауап беру.

ІІ-тур «Самғау» - ұпайы көп команда бастайды.20 сұрақ беріледі.

ІІІ-тур «Шарықтау» - жанкүйерлер сайысы.

ІV-тур «Тапқыр болсаң, тауып көр» - бейнесюжет арқылы суреттерге жауап беру.

Барысы:

Жүргізүші: Құрметті ұстаздар, студенттер! Отан, туған жер, атамекен, елім, ауылым деген-жүрек тебірентіп, шаттық сезімде оятатын қасиетті сөздер иен туған жердің географиялық орнын, тарихын, шежіресін білу-әрбір ұрпақтың азаматтық борышы.

Еліміз егемендік бастап туристік, экологиялық іс-әректтерді жандандыру мәселелері қозғала бастады.

1993 жылы «Айналадағы ортаны қорғау», «Экология мәселесі», «Туризм заңы» бекітілді.

Экологиялық мәдениетті жандандыру мәселесі алға қойылды.

Экология деген сөздің өзі грек oiros-мекен, logos-ілім яғни қоршаған ортамен өзара қарым-қатынасы.

«Экология-ел тағдыры» тақырыбы аясында өтетін интелектуалды географиялық-танымдық сайысын бастауға рұксат етіңіз.

Сайысқа қатысып отырған студенттер өздерінің командасын таныстырады.

Ал, іске сәт дей отырып сайысымызды бастайық.

«Болашақ» командасына сұрақтар:

1. Атмосфераның жерге жақын тығыз қабаты - тропосфера.

2. Экологиялық дағдарысты тудырып отырған басты себептер - газ, мұнай.

3. Дүниежүзінде жылына қанша млн га жердің орманы жойылады - 15-20 млн га.

4. Халықаралық табиғатты қорғау одағы қай жылы құрылды - 1948ж.

5. Экологиялық дағдарысқа байланысты жойылып кету қаупі төніп тұрған жануарлар - тау горилласы, жираф, антилопа.

2-ші «Әділет» командасына сұрақтар:

1. «Табиғат қорғаудың бүкіл дүниежүзілік стратегиясы» деп аталатын құжатқа қай қалада,қай жылы қол қойылды - 1972ж Стокгольм.

2. Табиғат қорғау проблемаларын шешудің неше жолы бар - 3.

3. 2000 жылы адамдардың әсерінен сүтқоректілердің неше түрі жойылды - 136.

4. Ластанған өзендерді ата - Балқаш, Ніл, Днестр, Арал.

5. Ғалымдарды қатты алаңдатып отырған құбылыстардың бірі - атмосфераның озон қабаты.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз